Фурған сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
(Фурқан сүресі бетінен бағытталған)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(25:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(25:1) Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына Фурқанды түсірген Алла өте жоғары.

(25:2) Көктер мен жердің патшалығы Онікі. Ол, ешкімді бала қылып алмады да Оның патшалығында ешбір ортағы жоқ. Сондай-ақ әр нәрсені жаратып, оның өлшеуін белгіледі.

(25:3) Және Оның орнына ешнәрсені жаратпайтын, бірақ өздері жаратылған тәңірлерді қабылдады. Олардың өздеріне зиян да, пайда да келтіруге күші жок. Тіпті Өлімге де, өмірге де, қайта тірілуге де және билігі жоқ.

(25:4) Сондай кәпірлер: “Бұл Құран мүлде жасанды. Оны өзі шығарды, оған басқа ел де көмектесті” деп, олар орынсыз жала жапсырды.

(25:5) Олар айтады: «Бұл батомифтер! Ол оларды жазып алды, және олар таңертең және кешке жазылады.

(25:6) “Құранды көктер мен жердің сырын білетін Алла түсірді. Рас Алла өте жарылқаушы, тым мейірімді” де.

(25:7) Тағы олар: “Бұл қалай Елші? Тамақ жейді, базарларда жүреді. Неге оған, онымен бірге жүріп, қорқытатын періште түсірмейді?”,-десті.

(25:8) “Немесе оған бір қазына тасталса не оның бір қоректенетін бақшасы болса еді.” Сөйтіп залымдар: “Сендер мүлде жадыланған кісіге ересіңдер” деді.

(25:9) Қара! Сен үшін қалай мысалдар берді. Енді олар жол таба алмайтын түрде адасты.

(25:10) Сондай молшылық иесі Алла қаласа, бұлардан да жақсы, астарынан өзендер ағатын бақшалар бере алады. Тағы сен үшін; сарайлар жасай алады.

(25:11) Бірақ олар қияметті жасынға шығарады. Қияметті жасынға шығарғандар үшін; қайнаған тозақты әзірледік.

(25:12) Тозақ, оларды ұзақ бір жерден көрген сәтте, олар оның қайнап, күркірегенін естиді.

(25:13) Олар, тозақтың тар бір жеріне қолдары, мойындарына байлаулы тасталғанда, сол жерде жоқ болуды қалайды.

(25:14) “Бүгін бір-ақ жоқ болуды тілемеңдер! Көптеген жоқ болуды тілеңдер”.

(25:15) “Осы азап жақсы ма? Немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жаннат жақсы ма?”,- де.

(25:16) Олар мәңгі қалатын жаннаттта, не тілесе бар. Бұл, Раббың міндетті түрде орындайтын бір уәде.

(25:17) Ол; сол күні, оларды және Алладан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан: “Осы құлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?”,- деп сұрайды.

(25:18) “Сен пәксің. Бізге Сенен өзгені ие қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен, оларды да аталарын да қамтамасыз еттің. Тіпті Сені еске алуды ұмытты да жоғалуға лайық бір ел болды” деді.

(25:19) Рас айтқандарыңды жасынға айналдырады. Сонда оны қайтара алмайсыңдар да бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық қылса, ірі азап таттырамыз.

(25:20) Сенен бұрын да тамақ жейтін, базарларда жүретін ғана елшілерді жіберген едік. Негізінде біріңді-біріңе сынау қылдық. Сабыр етесіңдер ме? Раббың әр нәрсені көруші.

(25:21) Сондай бізге кездесуді күтпегендер: “Бізге періштелер неге түсірілмейді? Немесе Раббымызды көрсек” деді. Расында олар өздерін-өздері жоғары санады да тым шектен шығып кетті.

(25:22) Олар періштелерді көрген күні, күнәкарлар үшін қуанышты күн болмайды. Періштелер: “Жоқ, сендерге қуаныш жоқ” дейді.

(25:23) Олар нендей бір іс істеген болса, рас оны қолға алып, шашылған тозаңға айналдырамыз.

(25:24) Ол күні, жаннаттықтардың тұрар жері жақсы, тынығар жерлері өте көркем болады.

(25:25) Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі.

(25:26) Ол күні, шын патшалық Алланікі. Ол кәпірлер үшін өте ауыр күн болады.

(25:27) Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай! Елшімен бірге жол тұтқан болсам еді” дейді.

(25:28) “Нендей өкініш маған; Әттең! Мен пәленбайды дос тұтпаған болса едім…”

(25:29) “Шынында ол, Құран келгеннен кейін мені одан адастырды. Негізінде шайтан адам баласы үшін опасыз болады.”

(25:30) Елші айтты: “Раббым! Рас менің елім бұл Құранды тастап қойды” деді.

(25:31) Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дұшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады.

(25:32) Тағы кәпірлер: “Оған Құран бір-ақ жолда неге түсірілмеді?”,-деді. Осылайша, көкейіңе қондыру үшін оны анықтап оқыдық.

(25:33) Олар саған бір мысал келтірсе; әрине саған шындықты және көркем түсінікті әкелеміз.

(25:34) Тозаққа бетімен жер бастырылып жиналатындар; міне солар, орындары жаман, жолдары қаңғырыс болатындар.

(25:35) Және себебі Біз, міндетті түрде Мұсаға Мәтін бердік және онымен бірге Һарунды - уәзір етіп тағайындадық.

(25:36) Сонда оларға: “Екеуің аяттарымызды жасынға шығарған елге барыңдар” дедік. Ақыры ол елді мүлде типыл қылдық.

(25:37) Нұхтың елін де Елшілерді жасынға шығарған кезде суға батырып, оларды адам баласы үшін бір ғибрат қылдық. Сондай-ақ залымдар үшін күйзелтуші азап дайындадық.

(25:38) Ғад, Сәмүд және Рес елін; бұлардың арасында көптеген нәсілдерді де…

(25:39) Барлығына да мысалдар берген едік те мүлде жоқ еттік.

(25:40) Расында сондай пәлекет жаңбырға ұшыраған кентке келген еді. Олар оны көрмеді ме? Олай емес. Олар қайта тірілуді де үміт етпейді.

(25:41) Олар сені көрсе-ақ болды: “Алланың жіберген Елшісі осы ма?”,- деп тәлкекке алады.

(25:42) Олар: “Егер оған шыдамасақ, тәңірлерімізден адастыра жаздады” дейді. Олар азапты көрген сәтте, кімнің жолдан адасқанын біледі.

(25:43) Ойын тәңір жасап алғанды көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба?

(25:44) Әлде сен олардың көбін (жоққа шыңарғанды) естиді немесе түсінеді деп ойлайсың ба? Олар мал сияқты, бірақ одан да адасып кетті.

(25:45) Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе? Егер қаласа, оны тұрақты қылар еді. Сосын күнді көлеңкеге бір дәлел қылдық.

(25:46) Сосын ұзын көлеңкені өз жағымызға қолай алдық.

(25:47) Ол сондай Алла, сендерге түнді киім, ұйқыны тынығу етіп, күндізді тарқау мезгілі қылды.

(25:48) Ол сондай Алла; рахметінің алдында қуандырып, самалдарды жіберді. Аспаннан тап-таза жаңбыр жаудырдық:

(25:49) Ол арқылы өлі жерді жандандырып, біз жаратқан хайуандар менен көптеген адамдарды суару үшін.

(25:50) Расында үгіт алулары үшін; жаңбырды араларына айналдыра жаудырдық. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.

(25:51) Егер қаласақ; әр кентке бір ескертуші жіберер едік.

(25:52) Енді кәпірлерге бағынба! Олармен Құран арқылы ұлы күрес жаса!

(25:53) Ол сондай Алла, екі теңізді қоя берді; мынау тәтті сүйкімді және анау тұзды, ащы. Екі арасына (қосылып, араласпайтын) бөгет жасады.

(25:54) Ол сондай Алла, судан адам жаратып, оны ұрпақ және жегжат қылды. Раббың күшті.

(25:55) Олар Алладан өзге өздеріне пайда да, зиян да бере алмайтын нәрселерге құлшылық етеді. Кім Жоққа шығарса — өзінің Раббысына қарсы жәрдемші.

(25:56) Негізінде сені қуандырушы, қорқытушы ғана қылып жібердік.

(25:57) Оларға: “Бұған сендерден ақы емес, Раббыларыңның жолын ұстағысы келген кісіні ғана қалаймын” де.

(25:58) Сондай еш өлмейтін тірі Аллаға тәуекел ет. Оны дәріптей мақта. Ол құлдарының күнәларынан хабар алуға жетіп асады.

(25:59) Ол, сондай көктер мен жерді және екі арасындағыларды алты күнде жаратып сосын ғаршыны меңгерді. Ол, тым қамқор, оны білгеннен сұра.

(25:60) Оларға: “Рахманға сәжде қылыңдар” делінсе: “Рахман деген не? Сен әмір еткен нәрсеге сәжде қыла берейік бе?”,-десті. Бұл, олардың жиренішін қоздырды.

(25:61) Сондай мол игілік иесі Алла, аспандағы жұлдыздардың орнын жаратып, онда бір жарық (күн) және сәуле беруші айды жаратты.

(25:62) Ол, сондай үгіт алғысы немесе шүкір еткісі келген кісі үшін түн мен күндізді, бірін-біріне ертіп қойды.

(25:63) Сондай-ақ Рахманның құлдарры жер (бетінде) кішіпейілділікпен жүргендер және надандар оларға (сөз) айтса, оларға мейіріммен жауап қайтарыңдар.

(25:64) Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке тұрумен өткізеді.

(25:65) Олар: “Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты” дейді.

(25:66) Шынында ол; орынның да, мекеннің де жаманы.

(25:67) Және қашан олар садақа бергенде, олар артық немесе сараң емес, осы ережелердің арасында қалады.

(25:68) Олар Алладан басқа тәңірлерге жалбарынбайды, және Алла харам еткен жанды (адамды) дұрыс болмаса өлтірмейді, және зина жасамайды. Ал осылай істесе күнәға бөленеді.

(25:69) Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады.

(25:70) Бірақ кімде-кім тәубе қылса, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(25:71) Кімде-кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады.

(25:72) Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді.

(25:73) Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді.

(25:74) Олар: “Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”,- дейді.

(25:75) Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады.

(25:76) Олар онда мәңгі қалады. Ол нендей көркем тұрақ, жақсы орын!

(25:77) Оларға: “Егер құлшылықтарың болмаса, Раббым, сендерді неге бағаласын? Рас сендер жасынға айналдырдыңдар. Сондықтан азапқа душар боласыңдар” де.