5:110

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Динамикалық аударма

(5:110) Сол уақытта Алла: “Уа Мәриям ұлы Иса! Саған әрі анаңа берген нығметімді есіңе ал. Сол уақытта сені Жебрейіл арқылы қуаттаған едім. Бесікте және ержеткенде адамдармен сөйлесуші едің. Саған Кітапты, Философия, Таурат, Інжілді үйреттім. Және сол уақытта Менің бұйыруыммен балшықтан құстың бейнесі құсаған жасап, оның ішіне үрлегеніңде бұйыруыммен құс болатын еді. Және бұйыруыммен іштен туған соқырды да, аламесті де жазатын едің. Және бұйыруыммен өлікті шығарар едің. Және сол уақытта Израил ұрпақтарына ашық дәлелдермен келгеніңде, олардың қарсы шыққандары: “Бұл ашық жадыдан басқа еш нәрсе емес” дегенде, сені олардан қорғаған едім” деді.