Ахқаф сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(46:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(46:1) Ха, Мим.

(46:2) Бұл Кітап тым үстем, хикмет иесі Алла тарапынан түсірілді.

(46:3) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындық бойынша, бір мерзім белгілеп қана жараттық. Ал сондай қарсы болғандар, ескертілген нәрседен жалтаруда.

(46:4) Оларға: “Алладан өзге шоқынған нәрселеріңді көрдіңдер ме? Олар жер жүзінде не жаратты, маған көрсетіңдерші. Немесе олардың көктерде ортақтығы бар ма? Егер шыншыл болсаңдар, маған бұдан бұрынғы бір кітап яки ғылыми деректер келтіріңдер” де.

(46:5) Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге табынғаннан кім залымырақ? Әрине табынғандары олардың жалбаруларынан хабарсыз.

(46:6) Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады.

(46:7) Оларға ап-ашық аяттарымыз оқылған кезде, сондай өздеріне келген шындыққа қарсы болғандар: “Мынау ашық бір сиқыр” дейді.

(46:8) Немесе олар: “Оны өзі жасады” дей ме? “Егер өзім жасаған болсам, сонда мені Алладан еш қорғай алмайсыңдар. Алла, ол жөнде не көкігендеріңді жақсы біледі. Сондай-ақ Ол, менімен сендердің арамызға куәлікте жетіп асады. Және Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді” де.

(46:9) Оларға: “Мен Елшілердің тұңғышы емеспін. Сондай-ақ маған әрі сендерге не істелетінін де білмеймін. Өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Және ашық бір ескертуші ғанамын” де.

(46:10) Айт: "Міне қараңыз! Ал егер ол (Құран) Алладан болса, ал сен оны жоққа шығарсаң? Израиль ұрпақтарынан бір куәгер оның үлгісіне күәлік етіп, иман келтірді, ал сендер тәкәппар болдыңдар. Расында, Алла зұлым адамдарды хидоят (тура жолға) салмайды!".

(46:11) Сондай қарсы келгендер, иман келтіргендер үшін: “Егер игілік болса еді, олар бізден озбас еді.” деді. Онымен де тура жол таппағандықтан: “Бұл көне бір өтірік” деседі.

(46:12) Бұдан бұрын жолбасшы әрі игілік түрінде Мұсаның кітабы бар еді. Міне осы кітап зұлымдық қылғандарға ескерту, жақсылық істеушілерді қуанту үшін арап тіліндегі растаушы бір Кітап.

(46:13) Күдіксіз сондай: “Раббымыз Алла” деп, сосын тұп-тура кеткендер, оларға; қауіп-қатер жоқ. Әрі олар күйінбейді.

(46:14) Міне осылар жаннаттық. Амалдарының бодауы түрінде онда мәңгі қалады.

(46:15) Адам баласына, әке-шешесіне жақсылық істеуді нұсқадық. Өйткені шешесі оны зорға көтеріп, әрең босанады. Сондай-ақ оған жүкті болу, емшек сүтімен емдеу отыз ай. Ақыр ол, ержетіп, қырық жасқа ұласқан кезде: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ете көр! Менің ұрпақтарымды да түзелт. Шын мәнінде, мен тәубе қылдым. Әрине мен бой ұсынушыларданмын" деді.

(46:16) Міне бұлар, Біз жақсы амалдарын қабыл етіп, жамандықтарын кешіретін жаннаттықтардың ішінде болады. Бұл, оларға етілген шынайы уәде.

(46:17) Сондай-ақ ата-анасына: «Бұғандар! Маған (өлгеннен кейін) азапталатыныма уәде бересің бе»? - Өйткені маған дейінгі ұрпақтар өтіп кетті ғой! Олар Алладан көмек сұрап: Қасіретке сеніңіз өйткені Алланың уәдесі рас! Бірақ ол: мифтерден басқа ештеңе емес! деп дейді.

(46:18) Міне осылар, бұрынғы өтіп кеткен, өздеріне делінген сөз бойынша азапқа душар болған жындар мен адамдар тобынан болады.

(46:19) Әркімнің амалы бойынша дәрежелері бар. Сондай-ақ өздеріне амалдарының бодауы толық беріледі де, оларға әділетсіздік етілмейді.

(46:20) Сондай қарсы болғандар, отқа төндірілген күні: “Дүние тіршілігінің қызығын көріп, одан пайдаландыңдар. Ал енді бүгін жер жүзінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғандықтарың себепті қорлаушы азаппен жазаланасыңдар” (делінеді).

(46:21) Ғад елінің туысын есіңе ал; сол уақытта Ахқафтағы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да, кейін де ескертушілер өткен еді. Ол еліне: “Алладан басқаға құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен сендерге (келетін) зор күннің азабынан қорқамын” (деді).

(46:22) Олар: “Сен, бізді тәңірлерімізден айныту үшін келдің бе? Мүбада шын айтушылардан болсаң, дереу бізге, бопсалаған нәрсеңді келтір” деді.

(46:23) “Шын мәнінде мәлімет Алланың қасында. Мен сендерге менімен жіберілген нәрсені жалғастырып, отырмын. Дегенмен сендерді надан ел көремін” деді.

(46:24) Сонда олар, апатты, ойпаттарына қарай жайылып, келе жатқан бұлт түрінде көрген сәтте: “Бұл бізге жаңбыр жаудыратын бұлт” деді. “Жоқ, ол, сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы бар бір боран” (деді).

(46:25) Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады. Сонда олардың жұрттарынан басқа еш нәрсе көрінбей қалады. Қылмысты елге осылай жаза береміз.

(46:26) Расында оларға, сендерге берген мүмкіншілікті берген едік. Сондай-ақ оларға есту, көру және ойлау қабілетін берген едік. Бірақ олардың құлақтары, көздері және жүректері ешбір пайда бермеді. Өйткені олар, Алланың аяттарына қарсы келетін еді. Олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті.

(46:27) Расында маңдарыңдағы кенттерді жоқ еттік. Райдан қайтуларың үшін аяттарды егжей-тегжейлі түсіндірдік.

(46:28) Сонда Алладан өзге, Оған жақындық үшін жасап алған тәңірлері өздеріне неге болыспады. Керісінше олардан ғайып болып кетті. Осы, олардың өтіріктері және жасандылары.

(46:29) Сол уақытта саған жындардан Құран тыңдайтын бір топты келтірген едік. Олар жетіп келген сәтте: “Үндемеңдер” десті. Сонда оқылуы біткен кезде, елдеріне ескертуші болып қайтты.

(46:30) Олар: “Әй еліміз! Шын мәнінде біз Мұсадан кейін түсірілген алдынғыны растаушы, сондай-ақ шындыққа және тура жолға салатын бір Кітап тыңдадық” деді.

(46:31) “Әй халқымыз! Алланың шақырушысын қабылдаңдар. Және Аллаға иман келтіріңдер. Күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды…”

(46:32) Әлде кім Алланың шақырушысын қабылдамаса да жер жүзінде Алланы осалдата алмайды. Әрі оған, Одан өзге болысушы да болмайды. Міне осылар ашық адасуда.

(46:33) Олар көрмей ме? Шәксіз Ол сондай Алла, көктер мен жерді жаратты. Сондай-ақ оларды жаратқанда болдырмаған Алланың өліктерді тірілтуге шамасы келеді. Әрине Оның әр нәрсеге күші толық жетуші.

(46:34) Сондай кәпірлер, отқа әкелінетін күні, оларға: “Осы шындық емес пе екен?”,- (делінеді). Олар: “Әрине Раббымызға серт” дейді. Сонда оларға: “Қарсы келгендіктерің себепті азапты татыңдар” делінеді.

(46:35) Елшілерден майталмандар, сабыр еткендей сабыр ет. Олар үшін асықпа; олар өздеріне уәде етілгенді, көрген күні, дүниеде күндізден бір дем ғана тұрғандай білінеді. Бұл бір ұқтыру. Бұзақы ел ғана жоқ етіледі.