Буруж сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(85:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(85:1) Жұлдызды аспанға ант,

(85:2) Уәделі күнге,

(85:3) Куәлік берушіге, куәлік берілгенге серт.

(85:4) Жер ошақшылардың жаны шықсын!

(85:5) Отынмен жанған от.

(85:6) Ол уақытта олар оның маңында отырған;

(85:7) Олар, мүміндерге істегендерін көрген.

(85:8) Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем, мақтаулы Аллаға сенулері ғана еді.

(85:9) Ол сондай Алла, аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла, әр нәрсені көруші.

(85:10) Негізінде мүмін ерлер, мүмін әйелдерге жапа беріп, сосын тәубе қылмағандар, оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар.

(85:11) Негізінен иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларға астарынан өзендер ағатын пейіштер бар. Осы, зор мұратқа жетушілік.

(85:12) Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.

(85:13) Өйткені Ол, бастапта жаратып, әрі қайта тірілтеді.

(85:14) Ол, тым жарылқаушы, өте сүюші.

(85:15) Ғаршының иесі, аса ұлы.

(85:16) Ол, қалағанын бұлжытпай істеуші.

(85:17) Саған әскерлердің хабары келді ме?

(85:18) Перғауын және Сәмүд әскерлерінің?

(85:19) Дегенмен қарсы болғандар, өтіріксінуде.

(85:20) Алла, оларды сырттай орап алған.

(85:21) Әрине ол, ұлы бір Құран.

(85:22) Лаухы Махфұзда сақтаулы.