Бәләд сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(90:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(90:1) Жоқ, осы қалаға серт;

(90:2) Сен осы қалада тұрасың.

(90:3) Әкеге, балаға серт!

(90:4) Расында адамзатты әбігер жараттық.

(90:5) Өзіне біреудің күші жетпейді деп ойлай ма?

(90:6) «Толып жатқан мал ысырап еттім» дейді.

(90:7) Оны біреу көрмеді деп ойлай ма?

(90:8) Оған екі көз жаратпадық па?

(90:9) Әрі бір тіл, екі ерін?

(90:10) Және оған көрсетпедік па екі жолды?

(90:11) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.

(90:12) Кедергінің не екенін қайдан білесің?

(90:13) Ол; құл азат ету,

(90:14) Немесе үлкен ашаршылық күні тамақтандыру,

(90:15) туыстарының (арасынан) жетімдерді.

(90:16) Немесе шаң топырақтағы сорлыны.

(90:17) Олай болса, иман келтірген, сабырлықты бұйырған және мейірімді (болуды) бұйырғандардан болуы керек.

(90:18) Міне осылар; оңшылдар.

(90:19) Біздің аяттарымызды жоққа шығарғандар, - Сол жақ тұрғындар,

(90:20) Олар тозаққа қамалады.