Духа сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(93:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(93:1) Сәске уақытына,

(93:2) Тым-тырыс түнге ант.

(93:3) Раббың сені тастамады да, кейімеді.

(93:4) Әрине сен үшін ақырет, дүниеден жақсы.

(93:5) Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың.

(93:6) (Ол) сені жетім етіп тауып, пана (берді ме)?

(93:7) (Ол) сені адастырып, тура жолға салды.

(93:8) Сені кедей көріп, байытпады ма?

(93:9) Жетімге - келсек, алдама!

(93:10) Сұраушыны зекіме.

(93:11) Раббыңның нығметін білдір.