Жумаа сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(62:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(62:1) Көктердегі және жердегі нәрселер; үкім иесі, өте пәк, тым үстем, хикмет иесі Алланы дәріптейді.

(62:2) Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір елші жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді.

(62:3) Ол Алла, олардан басқа әлі оларға қосылмағандарға да жіберді. Ол тым үстем, аса дана.

(62:4) Бұл Алланың кеңшілігі, оны қалаған құлына береді. Алла, зор кеңшілік иесі.

(62:5) Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.

(62:6) “Әй Яһудилер! Егер өздеріңді адамдардан өзге, Алланың шын досымыз деп ойласаңдар, дереу өлім тілеңдерші! Егер рас айтушы болсаңдар” де.

(62:7) Негізінде олар, бұрын қолекі істеген қылмыстарының салдарынан әсте өлім тілемейді. Алла, залымдарды жақсы біледі.

(62:8) Оларға: “Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де.

(62:9) Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы.

(62:10) Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ақ Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар.

(62:11) Қашан олар сауданы немесе азғыруды көргенде, оған қарай жүгірді де, сені (жалғыз) қалдырды. Айт: «Алланың қасындағы нәрсе, азғырудан да, саудадан да, жақсырақ. Әрі АллаНығметте жақсырақ».