Жын сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(72:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(72:1) Оларға: “Жындардан бір тобының Құран тыңдағаны маған уахи етілді” де. Сонда жындар: “Шынында бір ғажайып Құран тыңдадық” деді.

(72:2) “Құран, бізді тура жолға салады. Енді соған иман келтірдік. Раббымызға ешбіреуді ортақ қоспаймыз.”

(72:3) “Расында Раббымыздың ұлықтығы өте жоғары, Ол, қатын, бала иемденбейді.”

(72:4) “Өйткені біздің ақымақтар, Аллаға шатақ сөйлеп жүр екен.”

(72:5) “Расында адамдар мен жынды, Аллаға байланысты әсте өтірік айтпайды деп ойлаған едік.”

(72:6) “Шынында адамдардан кейбір ерлер; жындардың кейбір ерлеріне сиынатын еді де сонда олар, жындардың менменсуін арттыратын еді.

(72:7) “Олар да сендердің Алла ешкімді қайта тірілтпейді деп ойлағандарың тәрізді ойлаған еді.”

(72:8) Расында, біз қол тигіздік Аспанға, бірақ оның қуатты блоктарға және (ілесе) жаман сапарларға толы екенін білдік.

(72:9) “Әлбетте тыңдау үшін; аспанның кей орындарында отыратын едік. Енді біреу тыңдамақшы болса, оны көздеген жұлдызды көреді.”

(72:10) “Әрине білмейміз; жер жүзіндегілерге жамандық ойланылуда ма? Немесе оларға, Раббылары жақсылық қалауда ма?”

(72:11) Және сондай-ақ біздің арамызда тақуалар (бар), ал біздің арамызда - осы төмен (таңдаған жолдар) бар. Біздің жолымыз, (таңдалған) басқаша болды.

(72:12) “Шынында жер жүзінде Алланы еш жеңе алмайтындығымызды, қашып құтыла алмайтындығымызды аңғардық.”

(72:13) “Расында осы тура жолды естіп, Оған сендік. Кім Раббына иман келтірсе, сонда ол, кемшіліктен де зияннан да қорықпайды.”

(72:14) “Бізден Мұсылмандар да, туралықтан адасқандар да бар. Сонда кім Мұсылман болса, ал міне солар, туралықты іздейді.”

(72:15) “Ал енді адасқандар, тозаққа отын болады.”

(72:16) Ол жолда тұп-тура жүрсе, әрине оларға мол су нәсіп етеміз;

(72:17) Оларды онда сынау үшін. Кім Раббының зікірінен жалтарса, Раббы оны барған сайын арта түсетін азапқа ұшыратады.

(72:18) Шын мәнінде мешіттер, Аллаға тән. Ендеше Алламен бірге ешкімді шақырмаңдар.

(72:19) Расында Алланың құлы тұрып, Аллаға ғибадат қылған сәтте; олар, оның үстіне үймелеп жабыса жаздады…

(72:20) “Шын мәнінде мен Раббыма құлшылық қылып, Оған ешбір серік қоспаймын” де.

(72:21) “Расында мен сендерге зиян келтіре алмаймын да игілік те істей алмаймын” де.

(72:22) Айт: “Расында ешкім мені, Алланың азабынан сақтай алмайды және мен де Одан өзге пана таба алмаймын.”

(72:23) “Тек Алланың ескертуі мен жолдауы болмаса. Кім Аллаға, елшісіне қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар.”

(72:24) Ақыр өздеріне уәде етілген азапты көрген сәтте, кімнің көмекшісі нашар, саны аз екенін олар біледі.

(72:25) Оларға: “Сендерге уәде етілген азап жақын ба? Не Раббым, оны созып қойды ма? Білмеймін” де.

(72:26) Ғайыпты Білуші. Ол Өзінің ғайпын ешкімге ашпайды,

(72:27) Өзі құптаған елшілерден басқа. Және расында, Ол осындайлардың алдына және артына күзетші орналастырады,

(72:28) Олардың Раббыларының хабарламаларын айқындық жеткізілуін білуі үшін. Және Ол олармен (болып жатқанды) қамтиды да, өлшемді анықтап, Ол барлық нәрсені санады.