Жәсия сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(45:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(45:1) Ха, Мим.

(45:2) Кітап үстем, хикмет иесі Алладан түсірілді.

(45:3) Расында, мүміндер үшін Аспан мен Жерде (көрінетін) белгілер (бар).

(45:4) Сендердің жаратылуларыңда сондай-ақ жәндіктердің өрбіп таралуында нақ сенген ел үшін белгілер бар.

(45:5) Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.

(45:6) Осылар Алланың аяттары. Саған бұларды ақиқат бойынша оқимыз. Енді олар Алланың аяттарынан кейін қай сөзге сенеді?

(45:7) Барлық өтірікші, күнәкар құрысын!

(45:8) Оларға оқылған Алланың аяттарын тыңдайды да сосын қасарысып, тәкаппарланған бойда естімегендей болады. Енді оны күйзелтуші азаппен қуандыр.

(45:9) Мүбада ол, аяттарымыздан бір нәрсе білсе, оны келемежге алады. Міне соларға қорлаушы азап бар.

(45:10) Артынан тозақ дайын. Олардың істері де, Алладан өзге жасап алған достары да ешбір пайда бермейді. Сондай-ақ оларға зор қинау бар.

(45:11) Бұл Құран бір жетекші. Сондай Раббыларының аяттарына қарсы болғандар үшін күйзелтуші азаптың ең қоры бар.

(45:12) Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер. Әрине шүкірлік етерсіңдер.

(45:13) Және де Ол, өз тарапынан сендер үшін көктердегі әрі жердегі барлық нәрсені іске қосты. Шын мәнінде осыларда түсінген ел үшін белгілер бар.

(45:14) Иман келтіргендерге айт: “Алланың ауыр күнін үміт етпегендерді кешірім етсін. Өйткені Алла, бір елдің қылықтарының жазасын береді.

(43:15) Олар Оның кейбір құлдарын Оның құрамына кіргізді. Расында, адам шүкіршілік етпейтіні анық.

(45:16) Біз Исраил ұрпақтарына Кітап хикмет және пайғамбарлық бердік, және оларға жақсылық бердік (бір бөлігін) және оларды әлемдерден таңдадық.

(45:17) Және де дін істерінде оларға ашық түсініктер бердік. Дегенмен өздеріне мәлімет келгеннен кейін өзара күншілік қылып, мүлде талас-тартысқа түсті. Шын мәнінде Раббың қиямет күні араларындағы қайшылыққа түскен нәрселері турасында үкім береді.

(45:18) Сосын сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе.

(45:19) Өйткені олар сені Алладан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Алла тақуалардың досы.

(45:20) Бұл Құран адамдар үшін көрнеу дәлелдер және нақ сенген елге жетекші әрі рахмет.

(45:21) Немесе жамандықтарды істегендер, өздерін; иман келтіріп, ізгі іс істегендер сияқты қылатындығымызды, тіршіліктерінде, өлімдерінде тең боларын ойлай ма? Олардың берген үкімі нендей жаман.

(45:22) Негізінде Алла (Т.) көктерді әрі жерді шындық бойынша жаратты. Әркімге қылығының бодауы беріледі. Сондай-ақ олар әділетсіздікке ұшырамайды.

(45:23) Көңлі тартқанын тәңір жасап алған, сондай-ақ Алла, өзін біліп адастырған және құлағын, жүрегін бітеп, көзіне қалтқы жасаған біреулерді көрдің ме? Енді Алладан кейін оны тура жолға кім салады? Түсінбейсіңдер ме?

(45:24) Олар: “Тіршілігіміз дүниедегі ғана. Өлеміз, өмір сүреміз. Бізді заман ғана өлтіреді” дейді. Негізінде олардың бұған байланысты мәліметі жоқ. Олардікі межелеу ғана.

(45:25) Оларға аяттарымыз ашықша оқылған кезде: “Егер сөздерің шын болса, аталарымызды тірілтіп, келтіріңдер” деулерінен басқа дәлелдері болмады.

(45:26) Айт: “Сендерді Алла тірілтеді сосын өлтіреді. Сосын сендерді болуы шәксіз қиямет күнінде жинайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді”.

(45:27) Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Қиямет-қайым болған күні, я сол күні; бұзық құмарлар зиянға ұшырайды.

(45:28) Барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет амал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі.”

(45:29) Бұл - Біздің сенің алдыңда ақиқатқа дәлел келтіретін транскрипциямыз. Расында, Біз сенің істегендеріңді айыптаймыз.

(45:30) Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер, сонда оларды Раббылары мәрхаметіне бөлейді. Міне сол айқын қол жеткендік.

(45:31) Қарсы болғандарға: “Сендерге аяттарым оқылмап па еді? Сонда тәкаппарландыңдар. Сондай-ақ қылмысты ел, сендер едіңдер.”

(45:32) “Расында Алланың уәдесі ақиқат әрі қияметтің келуінде шәк жоқ” делінген уақытта: “Қияметтің не екенін білмейміз. Бір ой жору ғана деп ойлаймыз. Сондай-ақ біз анық нанушы емеспіз” (дер едіңдер).

(45:33) Істеген істерінің жамандықтары әшкереленіп, олардың мазақтаған нәрселері бастарына жетті.

(45:34) Оларға: “Сендер осы күнге жолығуды ұмытқандай сендерді Біз де ұмытамыз. Орындарың от. Сондай-ақ сендер үшін бір жәрдемші болмайды” делінеді.

(45:35) Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозақтан шығарылмайды да, ғұзырлары қабыл етілмейді.

(45:36) Барлық мақтау, көктер мен жердің және әлемдердің Раббы Аллаға тән.

(45:37) Сондай-ақ Көктерде, жерде ұлықтық Оныкі. Ол тым үстем, аса дана.