Зарият сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(51:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(51:1) Соғып ұшырушы желдерге,

(51:2) Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға,

(51:3) Жеңіл жүруші кемелерге,

(51:4) Істі бөлуші періштелерге серт!

(51:5) Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас.

(51:6) Әлбетте қиямет болады.

(51:7) Және аспан - (ғарыш) (ұшақтардың) бір-бірінен бөлінуі!

(51:8) Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер.

(51:9) Шындықтан бұрылған бұрылады.

(51:10) Ой жорушылар құрысын.

(51:11) Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда.

(51:12) Олар: “Қиямет қашан?” деп сұрайды.

(51:13) Ол, олардың отқа жағылатын күні.

(51:14) Оларға: “Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы” (делінеді).

(51:15) Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады.

(51:16) Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді.

(51:17) Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді.

(51:18) Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді.

(51:19) Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар.

(51:20) Және Жер бетінде, дәлелдер - Сенімділер үшін,

(51:21) Және өздеріде. Көрмейсің бе?

(51:22) Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте.

(51:23) Көк пен жердің Раббына серт. Шүбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас.

(51:24) Саған Ибрахимнің ардақты қонақтарының әңгімесі келді ме?

(51:25) Олар кіргенде: “Сәлем” десті. “Сәлем, бөгде қауым” деді.

(51:26) Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді.

(51:27) Оны оларға жақындатып: “Жемейсіңдер ме?”,-деді.

(51:28) Олардан тіксініп, қорықты. Олар: “Қорықпа!”,- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты.

(51:29) Сонда оның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: “Баладан қалған бір кемпірмін” деді.

(51:30) Олар: “Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші” десті.

(51:31) “Әй елшілер! Бұйымтайларың не?”,- деді.

(51:32) “Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік.”

(51:33) “Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін!”

(51:34) “Раббың тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген” (деді).

(51:35) Ол жерден мүміндерді шығардық.

(51:36) Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық.

(51:37) Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық.

(51:38) Мұсада да бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта:

(51:39) Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: “Жады немесе жынды” деді.

(51:40) Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық.

(51:41) Ғад елінде де бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік;

(51:42) Ол, тиген нәрсесін мүлде шіріген сүйектей етіп тастайды.

(51:43) Сәмүд елінде де бар. Сол уақытта оларға: “Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар” делінді.

(51:44) Сонда олар, Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда найзағай түсті.

(51:45) Сонда олардың тұруға да шамалары келмеді, әрі жәрдем де көрмеді.

(51:46) Бұрын Нұх елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы ел еді.

(51:47) Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді.

(51:48) Сондай-ақ жерді төседік. Не деген жақсы төсеушіміз.

(51:49) Түсінулерің үшін әр нәрсені жұбымен жараттық.

(51:50) “Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін” (де).

(51:51) “Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық ескертушімін” (де).

(51:52) Міне осылайша олардан бұрынғылар да елші келгенде, оларды: “Мүлде жады немесе жынды” деген.

(51:53) Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым.

(51:54) Олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың.

(51:55) Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді.

(51:56) Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым.

(51:57) Олардан бір ризық тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да тілемеймін.

(51:58) Расында Аллаһ - Ол (барлық нәрсеге) Ризық беруші, иеленуші Құдіретті, Күшті.

(51:59) Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін.

(51:60) Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш!