Зумар сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(39:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(39:1) Бұл Кітаптың түсірілуі, тым үстем, аса дана Алла (Т.) дан.

(39:2) Расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыз арнап, құлшылық қыл.

(39:3) Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: “Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз”. Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла (Т.) үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды.

(39:4) Егер Алла бала иемденуді қаласа еді, жаратқанынан тілегенін таңдар еді. Ол одан пәк. Ол Алла жалғыз, өте үстем.

(39:5) Ол Аспан және жерді ақиқат үшін жаратты. Ол түн мен күнді циклді түрде (алмалады), күн мен түнді циклдік (алмалады). Ол күн мен айды Бағындырды. Олардың барлығы тағайындалған мерзіміне жылжып келеді. Күдіксіз Ол Құдіретті, (өте) Кешірімді.

(39:6) Ол сендерді жалғыз жаннан жаратты. Сосын одан әйел жаратып және саған сегіз түрлі мал түсірді. Ол сендерді аналарыңыздың құрсақтарында жаратты: (бір) жаратылыстан үш қараңғылықта (пайда болады). Бұл сенің Раббың Алла. Ол Билікке (тиісті). Одан басқа, тәңір жоқ. Сен (шындықтан) теріс айналып барасың ба?

(39:7) Егер сенбесеңіз, онда (сендерге мысал емес) Алла мұқтаждықтан пәк. Ол Өзінің құлдарынан бас тартуды құптамайды. Ал егер шүкір болсаңдар, сендерге оны разы болады. Бірде-бір жан өзгенің жүгін көтермейді. Одан кейін Раббыңа қайтуың керек, сонда Ол саған не істегеніңді айтып береді. Расында Ол, кеудедегіні біледі.

(39:8) Қашан адам баласына бір таршылық келсе, Раббына жалбарып, Оған бейім ынта байқатады. Сосын қашан Алла оған бір игілік берсе, бұрынғы Оған жалбарғанын ұмытады да, жолынан адастыру үшін Аллаға теңдес жасайды. Оларға: “Қарсылығыңмен біраз мәз бола тұр. Сөз жоқ сен тозақтықсың” де.

(39:9) Бой ұсынып, түн ішінде сәжде етіп, тіке тұрып, сондай-ақ ақыреттен қорқып Алланың рахметінен үміт еткен кісі сияқты ма? Оларға: “Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”,- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады.

(39:10) “Әй иман келтірген құлдарым! Раббыларыңнан қорқыңдар! Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Алланың жері кең. Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады” деп айт.

(39:11) “Шәксіз мен дінді нағыз Аллаға арнап, құлшылық қылуға бұйырылдым.” де.

(39:12) “Сондай-ақ бой ұсынушылардың алды болуға бұйырылдым”.

(39:13) “Шынында мен Раббыма қарсы келсем, ұлы күннің азабынан қорқамын” де.

(39:14) “Дінімді нағыз Аллаға арнап құлшылық қыламын” де.

(39:15) “Сендер Алладан өзге қалағандарыңа табыныңдар. Расында, зиянға ұшырағандар, қиямет күні өздерін де үй-іштерін де зиянға ұшыратқандар болады. Сақ болыңдар! Міне осы анық зиянға ұшырағандық” де.

(39:16) Олардың үстерінде де оттан түнектер; астарынан да түнектер болады. Міне Алла құлдарын осы арқылы қорқытады. Әй құлдарым! Менен қорқыңдар.

(39:17) Империяға қызмет етпей, Аллаға бет бұғандар, олар үшін жақсы хабар! Айттылғанға құлақ түрген, сосын (естіген) жақсысына ерген құлдарым қуаныңдар.

(39:18) Бұлар Алланың жетегінде жүргендер. Олар - абстракциялық (ойлаудың) иелері.

(39:19) Өзіне азап лайық болу сөзі бекіген біреуді және тозақтағы біреуді сен құтқарасың ба?

(39:20) Раббыларынан қорыққандар үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Алланың уәдесі, Алла (Т.) уәдесінен таймайды.

(39:21) Көрмейсің бе? Алла көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Сосын қуқыл тартып, оның сарғайғанын көресің. Сосын оны қоқымға айналдырады. Бұнда ақыл иелеріне үгіт бар.

(39:22) Алла (Т.) әлде кімнің көкірегін Ислам үшін ашса, сонда ол, Раббы тарапынан нұр үстінде емес пе? Жүректері Алланы еске алудан қатайғандар құрысын! Міне олар, ашық адасуда.

(39:23) Алладан қорқатындардың терілері дірілдеп, сосын терілері және жүректері Аллаға құлшылық ету жолында жұмсаратын осыған ұқсас абстрактілі Кітапты жіберді. Бұл Алланың тура жолы, Ол кімді қаласа тура жолға салады, Алла кімді адастырса оған тура жол көрсетушісі жоқ!

(39:24) Қиямет күні, жүзін жаман азаптан қоруға тырысқан кісі қандай?… Залымдарға: “Істегендеріңнің жазасын татыңдар” делінеді.

(39:25) Олардан бұрынғылар да жасынға шығарған. Сонда оларға күтпеген жерден апат келген.

(39:26) Егер олар білген болса, Алла оларға дүние тіршілігінің қорлығын тарттырған. Әрине ақырет азабы тағы зор.

(39:27) Расында Біз бұл Құранды адам баласына әр түрлі мысалды, олар үгіт алу үшін келтірдік.

(39:28) Бұл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар.

(39:29) Алла бір мысал берді: Өзара шығыса алмаған ортақтардың меншігіндегі біреумен бір адамның меншігіндегі біреу; мысалда, екеуі тең бе? Барлық мақтау Аллаға лайық. Бірақ олардың көбі түсінбейді.

(39:30) Шынында сен де өлесің. Олар да өледі.

(39:31) Сосын сендер, қиямет күнінде Раббыларыңның құзырында дауласасыңдар.

(39:32) Ал енді Аллаға өтірік айтқан, сондай-ақ өзіне шындық келген кезде, оны жасынға шығарған біреуден залымырақ кім бар? Қарсы келушілерге тозақта орын бар емес пе?

(39:33) Сондай шындықты әкелген және оны мойындаған міне солар; тақуалар.

(39:34) Оларға Раббыларының қасында қалағандары бар. Жақсылық істеушілердің сыйлықтары осы.

(39:35) Өйткені Алла (Т.) олардың істеген істерінің жаманын жояды да, оларды істеген істерінің ең жақсысымен сыйлайды.

(39:36) Алла құлына жеткілікті емес пе? Олар сені Алладан өзгелермен қорқытады. Кімді Алла адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ.

(39:37) Ал кімді Алла тура жолға салса, сонда оны адастырушы жоқ. Алла (Т.) өте үстем, өш алу күшіне ие емес пе?

(39:38) Расында олардан: “Көктерді жерді кім жаратты” деп сұрасаң, әрине олар: “Алла” дейді. “Көрдіңдер ме? Егер Алла маған бір зиян беруді қаласа, Алладан өзге шоқынғандарың Оның апатын айықтыра ала ма? Немесе Алла маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?”,- де. “Алла маған жетеді. Тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” де.

(39:39) “Әй елім! Өз орындарыңда істей беріңдер. Әрине мен де істеймін. Жақында білесіңдер” де.

(39:40) “Қорлаушы азап кімге келеді? Үстіне тұрақты азап түсетін кім?

(39:41) Саған адамдар үшін Кітапты хақпен түсірдік. Кімде-кім тура жолды ұстанса, ол өз пайдасына әрекет етеді, ал кім сүрінетін өзін алдайды. Ал сен олардың сенімді өкілі емессің.

(39:42) Өлер уақытта жанды Алла алады. Сондай-ақ өлмегендердің жанын ұйқыда алады. Сосын өлуіне үкім берілгендердікін тоқтатады да басқалардікін белгілі бір мерзімге дейін жібереді. Сөз жоқ, мұнда түсінетін елге ғибраттар бар.

(39:43) Немесе олар Алладан өзгені шапағатшы етіп алды ма? “Егер олар еш нәрсеге ие болмаса да, әрі еш нәрсені түсінбесе де ме?”,- де.

(39:44) “Барлық шапағат Алла үшін. Көктер мен жердің иелігі Онікі. Сонсоң Ол жаққа қайтарыласыңдар” де.

(39:45) Тек Алланы еске алғанда, Ақырғы өмірге сенбейтіндердің жүректері жиіркенішті болады. Ал олар Одан төмен болғандарды еске алса, қуанады.

(39:46) “Әй көктерді және жерді жаратушы, көрнеу, көместі білуші Алла! Қайшылыққа түскен нәрселерде құлдарыңның арасына Сен төрелік етесің” де.

(39:47) Егер біртұтас жер жүзінде болған нәрселер және онымен бірге сондай тағы залымдардікі болса еді, қиямет күнінің қатты азабынан оны төлеуге берер еді. Олар, Алла тарапынан еш күтпеген нәрселерді көреді.

(39:48) Оларға істеген жамандықтары мәлім болады. Әрі олардың ажыуалаған нәрселері өздерін баурап алады.

(39:49) Адам баласына бір қиыншылық душар болса, Бізге жалбарады. Сосын оған жанымыздан бір игілік берген сәтте: “Бұл маған білгіштігіме ғана берілді” дейді. Жоқ олай емес, ол бір сынақ. Бірақ олардың көбі түсінбейді.

(39:50) Расында олардан бұрынғылар да соны айтқан болатын. Бірақ олардың істегендері кәдеге жарамады.

(39:51) Сондықтан олардың кесірлері өздеріне тиеді. Сондай-ақ олардан залым болғандардың сұмдығы жедел өз бастарына жетеді. Олар Алланы осалдата алмайды.

(39:52) Емес пе Алла оларға кім үшін қаласа Ризықтарын көбейтетінін және шектейтінін білмейді ме? Расында, бұл сенімді адамдар үшін керемет-белгі.

(39:53) Айт: «Әй, құлдарым! Қайсылары өздері өздеріне (әрекет етіп) қарсы шыққандар: Алланың, мейірімінен үміт үзбеңдер, Өйткені Алла Күнәларды толығымен кешіреді! Расында, Ол - Кешірімді, Рақымды.

(39:54) “Өздеріңе апат келуден бұрын Раббыларыңа қайтыңдар, Оған бой ұсыныңдар. Кейін жәрдем көре алмайсыңдар.”

(39:55) “Сендерге кенеттен, хабарсыз азап келуден бұрын өздеріңе түсірілген жақсы нәрсеге еріңдер!”.

(39:56) Біреудің: “Алла туралы кемшілік еткендігіме және мазақтаушылардан болғандығыма маған нендей өкініш” дейтін.

(39:57) Немесе: “Егер Алла, мені тура жолға салса еді, әрине мен тақуалардан болар едім”.

(39:58) Не олар азапты көрген сәтте: “Әттеген-ай! Маған қайта қайту болса еді, сонда жақсылық істеушілерден болар едім”.

(39:59) “Олай емес, расында саған аяттарымыз келді де оны жасынға шығардың. Сондай-ақ менменсіп, қарсы келгендерден болдың”.

(39:60) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе?

(39:61) Алла (Т.) тақуаларды табысты болғандықтары себепті құтқарады. Оларға жамандық тиіспейді де олар күйзелмейді.

(39:62) Алла барлық нәрсенің Жаратушысы. Алла (Т.) әр нәрсеге кепіл.

(39:63) Көктер мен жердің кілттері Оның иелігінде. Алланың аяттарына қарсы келгендер, міне солар; зиянға ұшыраушылар.

(39:64) “Маған Алладан басқаға құлшылық қылуды бұйырасыңдар ма? Әй надандар!”,- де.

(39:65) Саған да, сенен бұрынғыларға да: «Егер (Алла)ға серік қосуды бастасаңдар, сонда амалдарың бос болады және міндетті түрде (жәбірленушілер) қатарында боласың жоғалтасың».

(39:66) Жоқ олай емес, Аллаға ғана құлшылық қыл. Және шүкірлік етушілерден бол.

(39:67) Бірақ олар Алланы шынайы түсінікпен түсінбейді. Сондай-ақ Қиямет Күні жерді, толығымен ұстайды және Аспанды (бүктейді) бір мақсатпен алады. Олар нені бөліссе де, Ол Пәк әрі Пәк.

(39:68) Сүр үрілгенде Алланың қалағанынан басқа көктердегі жан иелері, жердегі жан иелері жығылып өледі. Бірақ Алланың қалағандары қалады. Сосын екінші рет Сүр үріледі де сонда олар тұрған бойда қарап қалады.

(39:69) Содан кейін жер Раббысының жарығымен нұрланады. Және (болады) Киелі жазбалар ұсынылып, Пайғамбарлар мен Куәгерлер әкелінеді. Және олардың арасында әділдік шешіліп қабылданады, ешкімге зұлымдық (жасалмайды).

(39:70) Әркімге не істегені толық төленеді. Алла олардың не істегендерін жақсы біледі.

(39:71) Қарсы келгендер топ-топ тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: “Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және Бұл күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?”,- дейді. Олар: “Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды” дейді.

(39:72) Оларға: “Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есіктерінен кіріңдер” делінеді. Тәкаппарлардың орны нендей жаман.

(39:73) Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ жаннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: “Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, жаннатқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер” дейді.

(39:74) Олар: “Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді жаннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаға барлық мақтау лайық. Жаннаттан қалағанымызша орын аламыз. Амал қылушылардың сыйлығы қандай жақсы” дейді.

(39:75) Періштелерді ғаршының айналасында Раббыларын дәріптеген түрде көресің. Олардың арасында ақиқат бойынша үкім етіледі. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына лайық делінеді.