Зухруф сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу



43 сүресі арапша


(43:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(43:1) Ха, Мим.

(43:2) Ашық Кітапқа серт.

(43:3) Расында түсінулерің үшін оны арабша Құран қылдық.

(43:4) Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы.

(43:5) Сендер шектен шыққан ел екен деп, үгіт баян етуден айнып кетейік пе?

(43:6) Бұрынғыларға қаншама пайғамбар жібергенбіз.

(43:7) Олар өздеріне келген пайғамбарды ұдайы мазақ қылды.

(43:8) Сондықтан олардан күштіректерді типыл қылдық. Бұрынғылардың мысалы өтті.

(43:9) Егер олардан: “Көктер мен жерді кім жаратты?”,- деп сұрасаң, әрине: “Оларды өте үстем, аса білуші Алла жаратты” дейді.

(43:10) Сондай Алла, сендерге жерді бесік қылды да, онда тура жүрулерің үшін жолдар жаратты.

(43:11) Ол аспаннан есеп бойынша су жаудырды да, және ол арқылы өлі жерді тірілттік. Дәл осылай сендер де шығу (қабірлерден) шығарыласыздар.

(43:12) Ол сондай Алла, барлық жұптарды жаратты. Сондай-ақ сендерге кемеден және хайуандардан мінетін көлік жаратты.

(43:13) Олардың үстіне мінсеңдер, сосын Раббыларыңның нығметін еске алып: “Бұны бізге бағындырған Алла пәк. Өйткені біз бұған жақындаса алмайтын едік” дейсіңдер.

(43:14) “Күдіксіз Раббымызга қайтарыламыз.”

(43:15) Олар Оның кейбір құлдарын Оның құрамына кіргізді. Расында, адам шүкірлік етпейтіні анық.

(43:16) Немесе Ол, жаратқандарынан қыздарды өзі алып, ұлдарды сендерге арнады ма?

(43:17) Олардың біріне Рахманға сипаттайтын Алланың туылғаны туралы хабар айтылса, оның беті қарайып, ашусын басады.

(43:18) Бұл Зергерлік бұйымдар (кию) үшің жаратылған және сот ісін жүргізуде нақты емес пе?

(43:19) Олар, Алланың құлдары періштелерді өздерінше әйелдерге балайды. Олар, олардың жаратылуын көріп пе еді? Олардың бұл куәліктері жазылып және сұралады.

(43:20) Тағы олар: “Мейірімді Алла, қаласа еді, біз періштелерге табынбас едік” деді. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Олардікі мүлде межелеу ғана.

(43:21) Немесе оларға бұдан бұрын бір кітап бердік те соған жабысуда ма?

(43:22) О, жоқ! Олар: «Расында, біз әкелерімізді ұлттық-патриоттар деп таптық және біз олардың жолымен жүреміз» деді.

(43:23) Осылайша сенен бұрын бір мемлекетке ескертуші жіберген болсақ, олардың беделділері: “Расында біз аталарымызды бір жол үстінде таптық. Біз де солардың ізіне түсеміз” деді.

(43:24) “Егер сендер аталарыңды тапқан жолдан турарағын әкелсем де ме?,-деді. Олар: “Расында сендер арқылы жіберілген нәрселерге қарсымыз” деді.

(43:25) Сонда Біз де олардың тиісті жазасын бердік. Енді қара, жасынға шығарушылардың соңы қалай болды?

(43:26) Сол уақытта Ибрахим әкесіне әрі еліне: “Шын мәнінде мен сендердің табынған нәрселеріңнен бездім” деді.

(43:27) “Бірақ мені жаратқан Алла басқа. Өйткені Ол, мені тура жолға салады…”

(43:28) Ибрахим бұл сөзін кейінгі ұрпақтарына мұра етіп, қалдырды. Әрине олар осыған қайта оралар.

(43:29) Сонда да оларды әрі аталарын Құран және ашық баян етуші елші келгенге дейін қамтамасыз еттім.

(43:30) Оларға Құран келген сәтте, олар: “Бұл бір сиқыр. Шынында бұған қарсымыз” деді.

(43:31) Олар: “Бұл Құран екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді” деді.

(43:32) Олар Раббыңның Мейірімділігін тарататын солар ма? Олардың арасында дүние тіршілігіндегі тіршілігіндегі ризық-несібесін үлестірдік және олардың кейбірін басқаларына қызмет ету үшін дәрежелер бойынша жоғарылаттық. Раббыңның Мейірімі олардың жинағанынан жақсырақ.

(43:33) Егер бүкіл адам баласы бірыңғай болып, азбайтын болса еді, әрине Аллаға қарсы болғандардың үйлерінің төбесін әрі жоғары шығатын баспалдақтарын күмістен жасар едік.

(43:34) Үйлерінің есіктерін және сүйеніп үстеріне отыратын дивандарын да күмістен жасар едік.

(43:35) Сондай-ақ алтынға бөлер едік. Бұлардың барлығы дүние тіршілігінің ғана пайдасы. Раббыңның қасындағы ақырет, тақуалар үшін.

(43:36)кім, де Мейірімдінің ескертулерінен тыйыса Біз, осындайларға психофизиологиялық тәуелділік орнатамыз, міне оны осындайлар (өзін-өзі өзгертетін) - альтер-эгоға айналады.

(43:37) Күдіксіз шайтандар оларды жолдан тосады. Олар өздерін тура жолға түсірілдік деп ойлайды.

(43:38) Ақыр бізге келгенде: “Әттең! Менімен сенің араң батыс, шығыстың ұзақтығы болсашы! Нендей жаман жолдассың” деді.

(43:39) Әрине сендерге бүгінгі өкініш пайда бермейді. Сол уақытта зұлымдық істегенсіңдер. Сондықтан азапқа да ортақсыңдар.

(43:40) Саңырауларға сен естіртесің бе? Немесе соқырды және ашық адасқан біреуді тура жолға саласың ба?

(43:41) Ал, мүбада сені алып, кетсек те оларға лайықты жазаларын береміз.

(43:42) Немесе оларға уәде етілген азапты әрине саған да көрсетеміз. Күдіксіз оларға күшіміз жетеді.

(43:43) Сен сондай өзіңе уахи етілген Құранға жабыс. Сен шын мәнінде тура жолдасың.

(43:44) Күдіксіз Құран, сен үшін әрі елің үшін бір үгіт. Келешекте сұраласыңдар.

(43:45) Сенен бұрын жіберген елшілерімізден сұра: Алладан өзге құлшылық қылатын тәңірлер жасадық па?

(43:46) Күдіксіз Мұсаны да мұғжизаларымызбен Перғауынға сыбайластарына жібердік. Сонда ол, оларға: “Шын мәнінде мен әлемдердің Раббының елшісімін” деді.

(43:47) Оларға мұғжизаларымызды келтірген сәтте, олар, оған күлген еді.

(43:48) Оларға көрсеткен мұгжизалар, бір-бірінен үлкен еді. Бәлкім райдан қайтар деп азапқа ұшыраттық.

(43:49) “Әй сиқыршы! Раббыңа өзіңе берген уәде бойынша жалбарын. Біз шын мәнінде тура жолға келейік” десті.

(43:50) Сонда олардан азапты Біз айықтырған кезде олар дереу сөздерінен айныды.

(43:51) Перғауын, елінің ішінде: “Әй қаумым! Мысырдың патшалығы және астымнан ағатын міне өзендер менікі емес пе? Көрмейсіңдер ме?”,- деп даурықты.

(43:52) Мен бұл жексұрыннан жақсы емеспін бе, қайсысының (сөйлеуі) әрең түсінікті?

(43:53) “Оған алтыннан білезіктер неге салынбаған немесе онымен бірге періштелер неге жолдас болып келмеген?”

(43:54) Сөйтіп елін менсінбеді. Сонда да олар оған бағынды. Расында олар, бұзық ел еді.

(43:55) Сөйтіп олар Бізді кейіткен кезде, олардың тиісті жазасын беріп, суға батырдық.

(43:56) Оларды кейінгілер үшін бір өтіп кеткен үлгі қылдық.

(43:57) Мәриям ұлын мысал келтіргенде, оған, елің қарқылдап күлді.

(43:58) Олар: “Біздің тәңірлеріміз жақсы ма? Не Ғиса жақсы ма?”,- деді. Олардың саған бұны айтулары, жанжал үшін ғана. Өйткені олар, қиқар ел.

(43:59) Ол Иса Біз өзіне игілік берген сондай-ақ Израил ұрпақтарына бір мысал қылған құл ғана.

(43:60) Егер қаласақ, сендерден періште жаратар едік те, олар орындарыңды басар еді.

(43:61) Күдіксіз қиямет мезгілінің белгісі. Сондықтан оған күдіктенбей Маған еріңдер. Міне осы тура жол.

(43:62) Сендерді шайтан тура жолдан тоспасын. Өйткені ол, сендер үшін ашық дұшпан.

(43:63) Иса мұғжизалармен келген заман, оларға: “Мен сендерге хикметті келтірдім. Алладан қорқыңдар, Маған бой ұсыныңдар” деді.

(43:64) “Дау жоқ, Алла, менің де, сендердің де Раббыларың. Сондықтан Оған құлшылық қылыңдар. Осы тура жол!”

(43:65) Дегенмен топтар өзара қайшылыққа түсті. Жан түршігерлік күннің азабынан сондай залымдарға нендей өкініш!

(43:66) Олар, өздеріне қиямет мезгілінің кенеттен өздері аңғармаған түрде, келуін ғана күте ме?

(43:67) Сол күні тақуалардан басқа достар, бір-біріне дұшпан болады.

(43:68) “Әй құлдарым! Бүгін сендерге қауіп-қатер жоқ әрі қайғырмайсыңдар”.

(43:69) Олар сондай иман келтіріп, бой ұсынушылар.

(43:70) “Жаннатқа кіріңдер. Сендер де, жұбайларың да шаттыққа бөленесіңдер!”

(43:71) Оларға алтыннан табақтар, кәселер ұсынылады. Сондай-ақ онда көңілдері қызығатын, көздері куанатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар.

(43:72) Міне осы сендердің амалдарыңменен мұрагер болған жаннат.

(43:73) Онда сендерге жемістер көп, одан жейсіңдер.

(43:74) Сөзсіз күнәкарлар тозақтың азабында мәңгі қалады.

(43:75) Олардың азабы жеңілтілмейді де, олар онда күдер үзген түрде қалады.

(43:76) Оларға зұлымдық қылмадық, олар өздеріне зұлымдық қылды.

(43:77) Тозақтықтар: “Әй сақшы! Раббың ісімізді бітірсін” дейді. Сақшы: “Расында сендер тұрасыңдар” дейді.

(43:78) “Шынында сендерге шындықты келтірдік. Бірақ көбің шындықты жек көрдіңдер.”

(43:79) Немесе олар шара қолданды ма? Шын мәнінде Біз шара қолданушымыз.

(43:80) Немесе олар сырларын, сыбырларын Біз естімейді деп ойлай ма? Әрине елшілеріміз алдарында жазуда.

(43:81) Оларға: “Мүбада Алланың баласы болса, сонда мен құлшылық қылушылардың алды болар едім” де.

(43:82) Көктер мен жердің Раббы әрі ғаршынын Раббы, олардың сипаттаған нәрселерінен пәк.

(43:83) Енді оларды қойып қой. Өздеріне уәде етілген күнге дейін сүңгісін, ойнасын.

(43:84) Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші.

(43:85) Ол сондай өте жоғары Алла (Т.), көктер мен жердің әрі екі арасындағы нәрселердің игілігі Оған тән. Сондай-ақ қиямет мезгілінің мәліметі Оның қасында әрі Оған қайтарыласыңдар.

(43:86) Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ ақиқатты біліп, куә болғандар басқа.

(43:87) Егер олардан: “Кім жаратты?”,- деп сұрасаң, әлбетте: “Алла” дейді. Сонда, қалай бұрылып, барады?

(43:88) Ол айтты: “Раббым! Бұлар иман келтірмейтін ел”.

(43:89) Олардан бұрыл, сәлем бер. Олар ұзамай түсінеді.