Зәлзәлә сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(99:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(99:1) Жер сілкіндіріп қозғалған сәтте,

(99:2) Жер ішіндегі жүгін шығарған кезде,

(99:3) Адам баласы: «Бұған не болды?»,- деген сәтте;

(99:4) Ол күні жер, уақиғасын түсіндіреді;

(99:5) Раббыңның оған білдіруімен.

(99:6) Сол күні, адам баласы, амалдары көрсетілуі үшін топ топ келеді.

(99:7) Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді.

(99:8) Ал және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді.