Инсан сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(76:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(76:1) Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме?

(76:2) Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.

(76:3) Біз оны шүкір ететін де, шүкір етпейтін де жолға салдық.

(76:4) Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаған тозақ әзірледік.

(76:5) Және тақуалар камфораның (хош иісті) коктейльден ішеді.

(76:6) Ол, Алланың құлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау.

(76:7) Ол Алланың құлдары “нәзірін” орындайды әрі апаты етек алатын бір күннен қорқады.

(76:8) Олар кедейлерді және жетімдерді соғыс тұтқындары, (өздеріне) ұнағанымен тамақтандырады.

(76:9) Олар: “Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз.”

(76:10) “Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз.” (дейді)

(76:11) Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді.

(76:12) Оларды сабыр еткендіктері үшін жұмақ және жібекпен сыйлайды.

(76:13) Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді.

(76:14) Оларға пейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.

(76:15) Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан құмыралар ұсынылады.

(76:16) Күмістен шынылары өлшеумен толтырылған болады.

(76:17) Пейіште оларға “Зәнжәбил” араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі.

(76:18) Ол пейіште “Сәлсәбил” деп аталатын бір бастау бар.

(76:19) Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.

(76:20) Сол жерге қараған сәтте; нығмет, зор салтанат көресің.

(76:21) Олардың киімдері жұқа, қалың жасыл жібек, күміс білезіктермен безенген болады. Сондай-ақ Раббылары, тап-таза ішімдік ішкізеді.

(76:22) “Расында бұл сендердің сыйлықтарың, еңбектерің жоғары бағалануға лайық болды.”

(76:23) Расында Біз саған Құранды аз-аздап түсірдік.

(76:24) Ендеше, Раббыңның үкіміне сабыр ет. Олардан күнәкарлар немесе қарсыларға бағынба.

(76:25) Ертелі-кеш Раббыңның атын зікір ет.

(76:26) Кештің бір бөлімінде Оған сәжде қыл. Әрі Оны түн бойы дәріпте.

(76:27) Расында олар, тез өтетін дүниені жақсы көріп, ауыр күнді арттарына тастайды.

(76:28) Оларды Біз жаратып, буындарын бекіттік. Егер қаласақ оларды ұқсастарына ауыстырамыз.

(76:29) Шын мәнінде бұл бір насихат. Енді кім қаласа, Раббына бір жол ұстар.

(76:30) Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Расында Алла, өте білуші, хикмет иесі.

(76:31) Алла кімді қаласа, мәрхаметіне бөлейді. Залымдарға күйзелтуші азап даярлады.