Инфитар сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(82:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(82:1) Көк жарылған сәтте,

(82:2) Жұлдыздар төгілген сәтте,

(82:3) Теңіздер тасыған сәтте,

(82:4) Қабірлер қопарылған сәтте,

(82:5) Әркім ілгері не жіберілгенін, кейін не қалдырылғанын біледі.

(82:6) Әй адамзат! Ардақты Раббың туралы сені не алдады?

(82:7) Ол сондай Алла, сені жаратты. Толықтап теңестірді.

(82:8) Ол, сені қалаған бейнеде құрастырды.

(82:9) Жоқ, олай емес, дінді өтіріксінесіңдер.

(82:10) Және расында, сендер үшін (берілген) Қамқоршылар

(82:11) асыл жазушылар,

(82:12) Олар не істегендеріңді біледі.

(82:13) Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығмет ішінде болады.

(82:14) Негізінен бұзықтар тозақта болады.

(82:15) Олар қиямет күні тозаққа салынады.

(82:16) Олар, одан ғайып бола алмайды.

(82:17) Қиямет күнінің не екенін қайдан білесің?

(82:18) Иә, қиямет күннің не екенін қайдан білесің?

(82:19) Ол күні, біреуге біреу қарайласуға еш нәрсе қолдан келмейді. Ол күні, әмір Аллаға тән.