Инширах сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(94:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(94:1) Саған кеудеңді кеңейтпедік пе?

(94:2) Жүгіңді түсірмедік пе?

(94:3) Сондай беліңді қайыстырған,

(94:4) Сенің абыройыңды көтермедік пе?

(94:5) Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар.

(94:6) Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар.

(94:7) Ендеше босай қалсаң және тырыс.

(94:8) Раббыңа ғана бел байла.