Иншиқақ сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(84:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(84:1) Аспан жарылған сәтте,

(84:2) Лайықты болып, Раббына бой ұсынған кезде,

(84:3) Жер созылған сәтте,

(84:4) Ол, ішіндегіні шығарып босатқан сәтте,

(84:5) Раббына бой ұсынып, лайықты болған кезде;

(84:6) Әй адамзат! Негізінде сен Раббыңа қарай өте тырыссаң; сонда Оған жолығасың.

(84:7) Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе;

(84:8) Сонда Ол, дереу жеңіл есеппен есептеледі.

(84:9) Ол, үй ішіне-қуанып қайтады.

(84:10) Ал және кімнің дәптері арт жағынан берілсе;

(84:11) Сонда ол, дереу өлім шақырады.

(84:12) Қайнаған тозаққа түседі.

(84:13) Өйткені ол, өз үйінде мәз-мейрам еді.

(84:14) Негізінде ол, әсте қайтпаймын деп ойлады.

(84:15) Олай емес. Расында Раббы оны көздеуде еді.

(84:16) Жоқ, шапақ уақытына,

(84:17) Түнге әрі ішіндегі нәрсеге,

(84:18) Толған айға серт.

(84:19) Әлбетте сендер, бір жағдайдан бір жағдайға өтесіңдер.

(84:20) Сонда оларға иман келтірмейтін не болды?

(84:21) Оларға Құран оқылған кезде, сәжде қылмайды.

(84:22) Әрине кәпірлер «Өтірік» дейді.

(84:23) Алла олардың бүкпелеген нәрселерін жақсы біледі.

(84:24) Оларды күйзелтетін азаппен сүйіншіле.

(84:25) Бірақ иман келтіріп, түзу амал істеушілерге таусылмайтын сыйлық бар.