Исра сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(17:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(17:1) Құлын бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші.

(17:2) Біз Мұсаға Кітап бердік, және оны Исраил ұрпақтары үшін тура жол нұсқаушы еттік: «Менен басқа дос тұтпаңдар!

(17:3) Әй Нұхпен бірге түсіргендеріміздің ұрпақтары! Күдіксіз ол, шүкір етуші бір құл еді.

(17:4) Кітапта Исраил ұлдарына: “Әрине жер жүзінде екі рет бұзғыншылық қылып, өте тәкаппарланасыңдар” деп ескерттік.

(17:5) Екі уәденің алғашқысы келген кезде, оларға, қатты жауынгер құлдарымды жібердік те олар үйлердің араларына дейін кірді. Бұл орындалатын уәде еді.

(17:6) Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық.

(17:7) Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік).

(17:8) Раббыларың сендерге рақымшылық жасауы мүмкін. Ал егер зұлымдыққа қайтатын болсаңдар, біз де азапқа қайтамыз. Біз Самсараны қабылдаушылар бас тартқандар үшін түрме (орны) жасадық.

(17:9) Негізінде осы Құран ең тура жолға салады. Әрі дұрыс іс істеген мүміндер үшін әрине зор сыйлық бар екендігін сүйіншілейді.

(17:10) Рас ақыретке сенбегендер үшін күйзелтуші азап әзірледік.

(17:11) Адам баласы жамандықты жақсылық тілегендей тілейді. Негізінен адам баласы тым шыдамсыз.

(17:12) Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп, күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің және жылдардың санын; заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық. Сондай-ақ әр нәрсені ашық баян еттік.

(17:13) Әр адамның қылығын мойнына қоямыз. Сондай-ақ қиямет күні оның кітабын шығарамыз. Оған ашылған түрде кездеседі.

(17:14) Құраңыз Өзіңіздің Киелі жазбанызды! Бүгінгі күні, сізге қарсы есеп үшін, жеткілікті сендердің жаныңыз.

(17:15) Тура жолға түскендер өздеріне жақсылық жасайды. Ал кім адасқан жолға түссе, өзіне зиян келтіреді. Бірде-бір жан өзгенің жүгін көтермейді. Біз адамдарды оларға бір Елші жібермей жазалаған емеспіз.

(17:16) Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.

(17:17) Нұхтан соң ғасырлар бойы қаншалағанды жоқ еттік. Раббың құлдарының қылмыстарын білу, көруде жетіп асады.

(17:18) Кім дүниені қаласа, Біз де қалаған кісімізге дүниеде қалағанымызды береміз Сонсоң оны жаһаннамға саламыз. Ол, оған қорланып, мәрхаметке зақ болған түрде кіреді.

(17:19) Ал кім мүмін болған түрде, ақыретті қалап, сол үшін тырысса, міне солардың тырысулары шүкірге лайық.

(17:20) Дүние тілеген бұларға да ақырет тілеген оларға да Раббыңның мәрхаметінен береміз. Негізінен Раббыңның берері тыйылмайды.

(17:21) Олардың кейбіреулерін, кейбіреулерінен қалайша үстем қылғанымызға қара! Әрине ақырет, дәрежелер тұрғысынан тағы ірі, артықшылық жағынан да тағы зор.

(17:22) Алламен бірге басқа тәңір жасама! Онда қорланған түрде отырып қаласың.

(17:23) Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: “Түһ” деме. Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле.

(17:24) Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”,-де.

(17:25) Раббыларың іштеріңдегі нәрселерді жақсы біледі. Егер игілерден болсаңдар, негізінде Алла, бойсұнушыларды жарылқайды.

(17:26) Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар.

(17:27) Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы.

(17:28) Раббыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң, онда оларға сыпайы сөйле.

(17:29) Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа. Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың.

(17:30) Шынында Раббың қалаған кісісіне несібесін кеңітіп, тарылтады. Күдіксіз Ол құлдарынан толық хабар алушы, көруші.

(17:31) Бір де кедейшіліктен қорқып, баларыңды өлтірмеңдер. Біз оларды да сендерді де қоректендіреміз. Расында оларды өлтіру зор қателік.

(17:32) Зинаға жоламаңдар. Өйткені, Ол анық арсыздық және жаман жол.

(17:33) Алла, арам еткен кісіні өлтірмеңдер! Бірақ тиісті болса өлтіріледі. Ал біреу жазықсыз өлтірсе, сонда өліктің иесін ерікті еттік. Өлтіруде шектен аспасын. Өйткені, оған жәрдем етіледі.

(17:34) Жетімнің малына жоламаңдар. Бірақ ол, ержеткенге дейін жақсылап шығысуға болады. Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады.

(17:35) Өлшегенде тура өлшеп, тура таразымен тартыңдар! Осы қайырлы нәтиже тұрғысынан да жақсы.

(17:36) Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.

(17:37) Жер жүзінде дандайсып жүрме. Өйткені, сен жерді әсте жара алмайсың да бой жағынан да тауларға жете алмайсың.

(17:38) Осы барлық жаман нәрселер, Раббыңның қасында жек көрілген.

(17:39) Міне осы, Раббыңның саған уахи еткен хикметінен; Алла мен бірге басқа тәңір жасама: Сөгіс берілген, мәрхаметтен қуылған түрде тозаққа тасталасың.

(17:40) Раббыларың сендерге ұлдарды арнап, өзіне періштелерден қыз етіп алды ма? Шынында әлбетте ауыр сөз сөйлейсіңдер.

(17:41) Расында бұл Құранды насихат үшін қайта-қайта баян еттік. Дегенмен олардың жиреніштерін ғана арттырды.

(17:42) Айт: "Егер олар айтқандай, Онымен бірге (басқа) құдай болса, әрине олар бүкіл Әлем Иесінің (мүлкіне) жол іздер, еді.

(17:43) Алла (Т.) олардың айтқан нәрселерінен пәк, үстем, ірі.

(17:44) Оны жеті көк, жер және ондағылар мадақтайды. Оны мадақтамайтын ешнәрсе жоқ, бірақ сен олардың мақтауларын түсінбейсің. Расында, Ол Сабырлы, Кешірімді.

(17:45) Сен қашан Құран оқысаң сенімен ақыретке сенбегендердің арасына көмес бір перде жасаймыз.

(17:46) Олардың жүректеріне Құранды түсінулеріне кедергі және құлақтарына қаға беріс жасадық. Құранда Раббыңды бір ғана деп еске алған кезіңде, олар жирен түрде арттарына бұрылып кете береді.

(17:47) Біз, олар сені тыңдағанда, қайтып тыңдағандарын және өзара сыбырласқанда залымдардың: “Сендер, жадыланған біреуге ғана ілесесіңдер” дегендіктерін жақсы білеміз.

(17:48) Қара! Олар қандай мысалдар берді (ақын, сиқыршы, бақсы, жынды деді). Олар, сөйтіп адасты. Олар енді жол таба алмайды.

(17:49) Олар: “Біз, сүйектер және қоқыс болған кезде, жаңа бір жаратылыспен қайта тірілеміз бе?”,-деді.

(17:50) Айт: “Тас болыңдар”.

(17:51) “Әлде тіпті ойларыңдағы ең зор жаратылыс болыңдар. ”Сонда олар: “Бізді кім қайта тірілтеді?”,-дейді. “Жақында болатын шығар” де.

(17:52) Сендерді шақырған күні, Оны дәріптей қабылдап, аз ғана жаттық деп ойлайсыңдар.

(17:53) Құлдарыма айт! “Ең сыпайы түрде сөйлесін. Өйткені, шайтан араларына бұзақылық салар. Расында шайтан адамдар үшін ашық дұшпан”.

(17:54) Раббыларың сендерді жақсы біледі. Қаласа, мәрхамет етеді де қаласа, азап етеді. Сені оларға қорғаушы етіп, жібермедік.

(17:55) Раббың көктер мен жердегі әркімді жақсы біледі. Расында пайғамбардың біреулерінен, біреулерін артық қылдық. Сондай-ақ Дәуітке Зәбүрді бердік.

(17:56) Оларға: “Алладан өзге ойлағандарыңды шақырыңдар. Олардың, қиыншылықтарыңды айықтыруға, сендерден бұрып, жіберуге шамалары келмейді” де.

(17:57) Олардың сиынғандары; Раббыларына қайсылары жақын боламыз деп, құлшылық арқылы ізденеді. Рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Негізінде Раббыңның азабы сескенуге тиісті.

(17:58) Біз қиямет күнінен бұрын жоқ етпеген немесе қатты азапқа ұшыратпаған ешбір кент болмас. Бұлар, Кітапта жазулы.

(17:59) Біздің мұғжизалар жібермеуіміз бұрынғылардың мұғжизаны жасынға шығаруы ғана болды. Сондай-ақ Сәмүд еліне көрнеу түрде аруана жібердік. Бірақ оған зұлымдық қылып, өлтірді. Негізінде мұғжизаларымызды үрейлендіру үшін ғана жібереміз.

(17:60) Және қашан біз саған айттық: «Расында, сенің Раббың қамтиды адамдарды». Ал сендерге берген сынақты қараңдар, Біз жасадық, азғыртуды Адамдарды үшін, Құран-дағы "Лағынет Ағашты. Және біз оларды қорқытамыз, бірақ (бұл) күшейтпейді олардың шектен шыққандығынан басқа ештеңені арттырмайды.

(17:61) Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар!”,-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс сәжде қылмай: “Балшықтан жаратқаныңа сәжде қыламын ба?”,-деді.

(17:62) Ібіліс: “Осы, менен ардақты қылғаныңды көрдің бе? Егер мені қиямет күніне дейін кешіктірсең, әлбетте ұрпақтарыңның өте азынан басқасын қырыма бір аламын” деді.

(17:63) “Кет! Енді олардан кім саған ерсе, сонда рас жазаларың жаһаннам болады. Толық бір жаза” деді.

(17:64) Кімді колынан келсе, дауысыңмен қу, оларға қарсы атты және жаяу әскеріңді жина, олармен бірге мал-мүлік және бала-шаға жинауда оларға серік (бол) және оларға Уәде (бер). Бірақ Шайтанның Уәделері - тек алдау ғана.

(17:65) Расында, құлдарыма сенің күшің билігің жоқ. Раббыңның оларға Қамқоршы (болғаны) Жеткілікті».

(17:66) Раббыларың сондай Алла; өзінің кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін теңізде кеме жүргізеді. Өйткені, Ол, сендерге өте мейірімді.

(17:67) Теңізде сендерге қиындық тиген кезде, Одан басқа шақырғандарың жоғалады. Ол сендерді құтқарғанда (және) кұрғақ жерге, әкелгенде (Оны) елемедіңдер. (.) Адам (өз мәні бойынша) шүкіршіліксіз.

(17:68) Алланың құрылықта да сендерді жерге жұттыруынан немесе сендерге тасты боран жіберуінен қауіпсізсіңдер ме? Соңыра өздеріңе бір болысушы таба алмайсыңдар.

(17:69) Не сендерді қайтадан теңізге қайтарып, қарсылықтарыңның салдарынан бір құйын жіберіп, суға батыруынан бейбітсіңдер ме? Сонда сендерге болысып, бізді қуалаушы таба алмайсыңдар.

(17:70) Расында Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылықта да, теңізде де көліктендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен не құрлым артық жараттық.

(17:71) Бір күні бүкіл адам баласын бастықтарымен бірге шақырамыз. Сонда кімнің кітабы оңынан берілсе, міне солар, кітаптарын оқиды. Оларға қылдай қиянат болмайды.

(17:72) Бұл дүниеде шындықты көрмегендер, ақыретте соқыр әрі жолдан адасқан болды.

(17:73) Олар сені, саған уахи еткенімізден басқа нәрсені, бізге жала жапсыртып бұзуға жақындады. Сол уақытта олар, сені дос тұтады.

(17:74) Егер біз сені бекемдемесек еді, әрине оларға біраз бейімдеуге жақындар едің.

(17:75) Сосын Біз саған Өмірдің әлсіздігін және Өлімнің әлсіздігінің дәмін (таттырар едік). Ал кейін, сендер өздеріңе Бізге қарсы, көмекші таппас едің!

(17:76) Олар сені, түрткі салып, жерден шығара жаздады. Сонда олар, сенен кейін өте аз тұрады.

(17:77) Расында сенен бұрын жіберген елшілерімізде де жол осы еді. Біздің жолымызда ешбір өзгеріс таппайсың.

(17:78) Түс қиғаннан, түннің қараңғылығына дейін намаз оқы. Әрі таң намазын оқы. Күдіксіз таң намазына періштелер де қатынасады.

(17:79) Түннен оянып өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі.

(17:80) “Раббым! Мені шындықпен кіргіз де шындықпен шығар. Әрі маған өз қасыңнан жеңіс көмек ет” де.

(17:81) “Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де.

(17:82) Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.

(17:83) Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді.

(17:84) “Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де.

(17:85) Олар сенен (рух) жан туралы сұрайды: “Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де.

(17:86) Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің.

(17:87) Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор.

(17:88) Айт: «Егер адамзат және жындар біріктіріліп бұл Құранға ұқсас нәрсені келтіре алмас еді, олар келтіріп ұқсаталмайды, тіпті олар болсада Бір-біріне көмектесу».

(17:89) Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.

(17:90) Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді.

(17:91) “Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың”.

(17:92) “Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсің.”

(17:93) немесе (сенің) (өзінің көркемдігімен таң қалдыратын) үйің болғанға дейін. Немесе аспанға көтерілгенше. Сен бізге оны (өзіміз) тұрғызатын бір Кітап түсірмейінше, сенің көтерілуіңе сенбейміз». Айт: менің Раббым (қандай) жақсы! Мен кіммін? «Қарапайым адам, хабаршы».

(17:94) Адам баласына Нұсқаулық келтірілген кезде, олардың: “Алла бір пендені елші қылып жіберді ме?”, – деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгет болды.

(17:95) Айт: "Егер Жер бетінде сабырмен жүретін періштелер болса, (оларға) көктен бір елші - періште түсірер едік".

(17:96) Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де.

(17:97) Алла (кімді) тура жолға бастаса, ол тура жолды (ұстанады). Сондай-ақ Оның адасқандарына Одан басқа дос таба алмайсың. Ал Қиямет күні оларды мүсәпір, соқыр, мылқау және саңырау етіп Жинаймыз. Самсара - олардың үйі. Ол қашан, басылған бойда, Біз олардың невроздарын көбейтеміз.

(17:98) Бұл олардың Біздің аяттарымызды жоққа шығарып: «Біз сүйек пен топыраққа айтылғаннан кейін жаңа жаратылыспен қайта тірілдіміз бе?" деулерінің жазасы.

(17:99) Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.

(17:100) Оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де.

(17:101) Расында Мұсаға тоғыз ашық мұғжиза берген едік. Исраил ұрпақтарынан сұра: Мұса оларға келген кезде, Перғауын: “Әй Мұса! Әрине сені сиқырлаған деп ойлаймын” деген еді.

(17:102) Мұса: “Расында сен бұлардың; көктер мен жердің Раббы түсірген көрнеу мұғжизалары бар екенін білесің. Әй Перғауын! Шын мәнінде мен, сені типыл болады деп ойлаймын”, – деген еді.

(17:103) Ақыр Исраил ұрпақтарын мемлекеттен шығарғысы келді. Сонда оны, онымен бірге болғандарды суға батырып жібердік.

(17:104) Одан кейін Исраил ұрпақтарына: “Бұл жерге (Мысырға) орналасыңдар. Қашан қиямет уәдесі келсе, сендерді жинап әкелеміз” дедік.

(17:105) Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. Сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік.

(17:106) Біз Құранды адамдарға тоқырап оқуың үшін бөлімдерге айырып, аз-аздап түсірдік.

(17:107) “Құранға мейлі сеніңдер мейлі сенбеңдер; бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға Құран оқылған заман, етпеттерінен сәждеге жығылады.

(17:108) Олар: “Раббымызды пәктейміз. Әрине Раббымыздың уәдесі орындалады” дейді.

(17:109) Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың ықыласын арттырады.

(17:110) Оларға: “Мейлі Алла деп немесе Рахман деп атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән” де. Намазда жариялап та, құпиялап та оқыма да осының арасындағы жолды ұста.

(17:111) “Барлық мақтау, бала иемденбеген әрі мүлкінде еш серігі болмаған сондай-ақ әлсіздіктен көмекші керектірмейтін Аллаға лайық” де. Және Оны, ұлықты түрде ұлықта.