Кафирун сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(109:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(109:1) Айт: Уа Кәпірлер!

(109:2) Сендердің табынғандарыңа табынбаймын;

(109:3) Әрі сендер де менің табынғаныма табынушы емессіңдер.

(109:4) Сірә мен сендердің табынғандарыңа табынушы емеспін.

(109:5) Әрі сендер де менің табынғаныма табынушы емессіңдер.

(109:6) Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме.