Кәһф сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(18:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(18:1) Өзінің Құлына Кітап түсіріп, оны бұрмалауға жол бермеген Аллаға мақтау болсын,

(18:2) (Мұны жасады) түзу, Оның тарапынан (болатын) ауыр пәлелерден ескерту және сенімді артып, ізгі іс істегендерді жақсы сауапқа ие (болатынына) қуанту үшін,

(18:3) Олар, онда мәңгі тұрады.

(18:4) Сондай-ақ: “Алланың баласы бар” дегендерді ескерту үшін.

(18:5) Не өздерінің не аталарының мәліметі жоқ. Ауыздарынан шыққан сөз тым үлкен. Негізінде олар мүлде өтірік айтады.

(18:6) Енді олар бұл Құранға сенбесе, арттарынан кейіп, өзіңді жоя жаздайсың.

(18:7) Расында, жер бетінде істелгендердің барлығы, (адамдарды анықтау)сынау (үшін) және кімнің амалдары жақсырақ екенін білу (үшін) оның әшекейі.

(18:8) Күдіксіз, біз, жер жүзіндегі нәрселерді, әлбетте мүлде шөл топырақ ете аламыз.

(18:9) Үңгірдегілерді және жазуды, таңырқарлық белгілерімізден деп ойладың ба?

(18:10) Сонау заманда жігіттер үнгірге бекінді де: “Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді.

(18:11) Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық.

(18:12) Сосын екі жақтың қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін оларды ояттық.

(18:13) Біз саған олардың хабарын шынайы түрде баян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де оларға туралықты арттыра түстік.

(18:14) Олардың жүректерін бекемдедік. Сол уақытта олар, тіке тұрып: “Раббымыз, көктер мен жердің Раббы. Одан өзге тәңірге әсте жалбарынбайымыз. Әрине сол уақытта рас көкіп сөйлеген боламыз” деді.

(18:15) “Мына еліміз, Алладан өзге тәңір тұтты. Бұлар, оған байланысты ашық дәлел келтірсе еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар?”, – деді.

(18:16) “Әйтеуір елдеріңнен де олардың Алладан өзге табынғандарынан да айрылдыңдар; енді үңгірге бекініңдер. Сендерге Раббыларың рахметін шашсын! Сондай-ақ сендер үшін істеріңде оңайлық әзірлесін”.

(18:17) Қарасаң; күн шыққан сәтте, үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сәтте оларды сол жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Ал кімді адастырса, сонда оған әсте көмекші, жетекші таба алмайсың.

(18:18) Олар, ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға аунататын едік. Иттері, екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер оларды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің.

(18:19) Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардан бір айтушы: “Қанша жатып қалдыңдар?”,-деді. Олар: “Бір күн немесе күннің бір бөлімі жатып, тұрдық” деді. “Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы, көріп, сендерге одан қорек келтірсін. Сондай-ақ сыпайылық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін” десті.

(18:20) “Өйткені, егер қала халқы сендерге ықпал жүргізсе, не сендерді таспен атады немесе діндеріне қайтарады. Ол уақытта үнемі құтыла алмайсыңдар…”

(18:21) Осылайша, Алланың уәдесінің шындығын, қияметтің шәксіздігін әлемнің білуі үшін оларды, бұларға мәлімдедік. Сол кезде бұлар; өзара олар жөнінде тартысуда еді. Кейі: “Олардың үстіне үй салыңдар ” деді. Раббылары оларды жақсы біледі. Ал бұлардың іс басындағылары: “Әрине олардың үстіне мешіт жасап алайық” деді.

(18:22) Бұлар көрмей-ақ мөлшерменен: “Олар үшеу, төртіншісі иттері” деп, кейі: “Олар бесеу, алтыншысы иттері” деп, кейі: “Жоқ, олар жетеу, сегізіншісі иттері” дейді. “Олардың санын Раббым жақсы біледі. Адамдардың өте азы ғана біледі” де. Оның үшін олар жайында тартысып, олар үшін ешбіреуінен дәнеңе сұрама.

(18:23) Және ешнәрседе (қатысты): "Расында, мен мұны ертең міндетті түрде істеймін" деме.

(18:24) Басқа ештеңе, (қосу): "Егер Аллаһ қаласа (ИншаАллаһ)!" Және есте сақта қашан ұмытқан кезде: «Раббым мені бұдан да жақынырақ хабардар етіп зейін көрсетуі мүмкін» деп айтуды ұмытпа.

(18:25) Олар үңгірлерінде үш жүз және тоғыз жыл жатты.

(18:26) “Олардың қанша жатқанын Алла жақсы біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көруші, естуші. Оларға Алладан өзге бір көмекші жоқ. Ол, өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды” де.

(18:27) Раббыңның Кітабынан саған уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін ешбір ауыстырушы жоқ. Әрі Одан өзге паналайтын орын да таба алмайсың.

(18:28) Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін қалап көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ Біз; жүрегін, Бізді еске алудан кәперсізденген, әуесіне ерген және ісі шектен асқан біреулерге бағынба.

(18:29) “Бұл ақиқат Раббыларыңнан” де. Сонда кім қаласа сенсін. Расында Біз, залымдар үшін дуалдары қоршап алатын тозақ оты әзірледік. Егер олар су сұрап жалбарса, еріген Кен тәрізді беттерді қуыратын бір су беріледі. Ол нендей жаман сусын, әм нендей жаман орын.

(18:30) Расында, иман келтіріп, жақсы істерге үлгіленген үшін, расында Біз кімдер үлгі етуде шеберлердің эмуляциясын жоғалтпаймыз.

(18:31) Міне, олар үшін астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаты бар. Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді; олар жұқалы-қалыңды жасыл жібектен киімдер киеді де олар онда, диванға сүйенеді. Нендей жақсы сауап, нендей әлбет жастанатын орын!

(18:32) Оларға екі адамның мысалын баян ет: Біреуіне жүзімдерден екі бақша қылдық. Әрі екі бақшаның арасын құрма ағаштарымен қоршап; екі бақшаның арасына егіндер өндірдік.

(18:33) Екі бақша да жемістерін берді. Одан ешнәрсе кемітпеді. Араларынан бұлақ ағыздық.

(18:34) Оның басқа кірімі де бар еді. Сонда ол, жолдасымен сөйлескенде: “Мен сенен мал жағынан молшылықта, әм бас жағынан да үстеммін” деді.

(18:35) Ол өзіне зұлымдық еткен түрде бақшасына кірді де: “Тіпті бұны жоқ болады деп ойламаймын” деді.

(18:36) “Әрі қияметтің болатындығын да ойламаймын деді. Мүбада Раббыма қайтарылсам, әрине бұдан да орын табамын” (деді).

(18:37) Жолдасы оған сөйлесіп тұрып: “Сені топырақтан, сонан кейін бір тамшы судан жаратып, сонан соң Адам еткен Аллаға қарсы келесің бе?”,- (деді).

(18:38) “Бірақ, менің Раббым, Ол Алла; Раббыма ешбіреуді серік қоспаймын”.

(18:39) “Өз бақшаңа кірген сәтте; Бұл Алланың қалауы, Алладан басқа ешбір қуат жоқ неге демедің? Тіпті мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең де”.

(18:40) “Раббымның: Маған сенің бақшаңнан жақсырағын беруі, сенікінің үстіне көктен апат жіберіліп, мүлде қақ топыраққа айналуы мүмкін”.

(18:41) “Немесе бақшаңның суы тартылып, оны әсте іздеп таба алмассың”.

(18:42) Оның еңбектері еш болып, бақшасына өкініп, екі алақанын ұйқалауға айналды да: “Әттеген-ай! Раббыма ешкімді серік қоспасам еді” деді.

(18:43) Оған Алладан өзге жәрдем етер бір топ жоқ. Сондай-ақ өзін де құтқара алмады.

(18:44) Сол жерде иелік шынайы Аллаға тән. Ол, сыйлық беру тұрғысынан жақсы әрі нәтиже жағынан да қайырлы.

(18:45) Оларға дүние тірлігінен мысал бер: Көктен біз жаудырған жаңбыр арқылы жердің өсімдіктері бір-біріне араласып, құлпырып, одан құрғақ үгіндіге айналып, оны желдер ұшырып кеткен тәрізді. Сондай-ақ Алла, әр нәрседен үстем күш иесі.

(18:46) Мал-мүлік және ұлдар - дүниелік өмірдің сәні, бірақ (негізінде) ізгі істердің мұрасы Раббыларыңның алдында сауабы (жағынан) да жақсырақ, әрі үміт (күту) де жақсырақ.

(18:47) Қиямет күні, тауларды жүргіземіз де жерді жап-жазық көресің. Және де Адам баласын; олардан ешкімді тастамай жинаймыз.

(18:48) Олар, Раббыңның құзырына қатарланып келтіріледі. Оларға: “Бастапқыда жаратқанымыз тәрізде келдіңдер, тіпті сендерге бір уәделі мерзім белгілемедік деп, ойладыңдар” (делінеді).

(18:49) Амал дәптері алдарына қойылады. Сонда күнәкарлардың одан қорыққанын көресің. Олар: “Абырым-ай! Бізге нендей өкініш! Мына кітапта кішкенені де, үлкенді де тастамай-ақ түгендепті” дейді. Сондай-ақ олар істегендерін дайын түрде табады. Раббың ешкімге әділетсіздік қылмайды.

(18:50) Сол уақытта періштелерге: “Адамға сәжде қылыңдар” деген едік. Ібілістен басқа бүкіл періштелер сәжде қылған еді. Жыннан болған ол, Раббының әмірінен бас тартты. Сонда да Менен өзге оны және ұрпақтарын дос етіп, аласыңдар ма? Олар болса, сендерге дұшпан. Залымдар үшін нендей жаман өзгеріс!

(18:51) Мен жер, көкті жаратқанда және олардың өздерін жаратқанда, оларды керек қылмадым. Сондай-ақ ешқашан аздырушыларды көмекші еткен емеспін.

(18:52) Қиямет күні: “Өздеріңнің, Менің серіктерім деп ойлағандарыңды шақырыңдар” дейді. Сонда оларды шақырады. Бірақ олар өздеріне жауап бермейді. Сондай-ақ олардың араларына бір кәтерлі орын жасаймыз.

(18:53) Күнәкарлар тозақ отын көріп, сонда өздерінің оған түсетіндіктерін сезеді. Бірақ, одан бұрылар жер таба алмайды.

(18:54) Және біз (түсірдік) осы Құранды адамдар (үшін) бағытаушы әрбір мысалдар (ретінде), бірақ адам көпшілігі жанжалшыл.

(18:55) Өйткені, бұл үшін иман келтіру және Раббысынан кешірім сұрау үшін, адамзатқа қазірдің өзінде міндеттелген Нұсқаулық, кедергі ғана (қиын таңдау), (арасында) жеткізілген олардың араларында заң (сүннет) бұрынғы (елшілер), немесе олардан бұрынғы хабарланған (мысал ) азап алдыңғылардан?

(18:56) Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады.

(18:57) Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрған және бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расында олардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайда қылдық. Оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолға келмейді.

(18:58) Раббың өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды.

(18:59) Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік. Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік.

(18:60) Сол уақытта Мұса жігітіне: “Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін” деді.

(18:61) Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда балық, сырғып барып, теңізден жол алды.

(18:62) Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса жігітіне: “Азығымызды әкелші; әрине осы сапарымызда шаршадық” деді.

(18:63) Ол: «Есіңде ме, жартастың астына қалай жасырынған едік? Мен балықты ұмыттым, тек Шайтан ғана оны есіме түсірмеді. Ол ғажайып жолмен теңіз арқылы саяхатқа шықты».

(18:64) “Міне іздегеніміз осы” деп, екеуі ізінше қайта қайтты.

(18:65) Сонда екеуі; өз тарапымыздан игілік беріп, өз қасымыздан ғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты.

(18:66) Мұса оған (ол серіктестігіне): «Маған өздігінен үйрететін зейінді іздену үшін саған еруге бола ма?» деді.

(18:67) “Расында сен менімен бірге болуға шыдай алмайсың” деді.

(18:68) “Ішкі сырын толық білмейтін нәрсеге қалай сабыр ете аласың?”

(18:69) “Алла қаласа, мені сабырлы табарсың. Сондай-ақ саған ешбір істе қарсы келмеймін” деді.

(18:70) “Ал онда маған ілессең, саған айтпайынша, менен еш нәрсе сұрама” деді.

(18:71) Сөйтіп, екеуі жолға шықты да кемеге түсіп, оны тесе бастады. “Кемедегілерді суға батыру үшін тестің бе? Рас орынсыз істедің” деді.

(18:72) “Мен саған менімен бірге әсте сабыр ете алмайсың демедім бе?” деді.

(18:73) “Ұмытқан нәрсемді есепке алма. Маған ісімде қолайсыздық тудырма” деді.

(18:74) Осылайша олар жолға шығып, бір баланы кездестіріп, ол оны өлтірді (*). Ол деді: « Ол ешкімді (өлтірген жоқ) жазықсыз жанды Кісі өлтірдіңіз бе?! Сіз айыпты әрекет жасадыңыз!».

(18:75) “Сен менімен бірге жүруге әсте шыдай алмайсың демедім бе?”, – деді.

(18:76) “Егер бұдан кейін бір нәрсе сұрасам, тіпті мені жолдас қылма. Рас менен саған сылтау табылды” деді.

(18:77) Сонда екеуі тағы жүріп, бір Кент халқына барып, тұрғындарынан тамақ сұрады. Олар, екеуін қонақ қылудан бас тартты. Сонда екеуі, ол жердегі жығылғалы тұрған тамды көріп, оны жөндеді. “Егер қаласаң, бұған жалақы алар едің” деді.

(18:78) “Міне осы, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған нәрселеріңнің сырын айтайын” деді.

(18:79) Кемеге келетін болсақ, ол теңізде жұмыс істейтін кедейлерге тиесілі еді. Мен оны бүлдіргім келді, өйткені олардың алдында патша болды, ол барлық бұзылмаған кемелерді күшпен тартып алды.

(18:80) Балаға келер болсақ, оның әке-шешесі мүмін еді және біз оның теріс пікірлері мен теріс пікірі себепті оларға ауыртпалық түсіруінен қорқатынбыз. (*)

(18:81) “Раббылары, оның орнына өздеріне одан тағы таза, тағы мәрхаметті бір бала беруін қаладық”.

(18:82) “Ал енді там; бұл қаладағы екі жетім баланікі болып, оның астында ол екеуіне тән қазына бар еді. Сондай-ақ әке-шешелері түзу кісі болғандықтан Раббың, ол екеуі ержетіп, қазыналарын шығарып алуын қалады. Бұл Раббыңнан бір мәрхамет еді. Сондай-ақ бұны мен өздігімнен істемедім. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істерің”.

(18:83) Олар сенен Зұлқарнайынды сұрайды: “Сендерге оның жайын түсіндірейін” де.

(18:84) Негізінде Зұлқарнайынды жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне әр істе қолайлық бердік.

(18:85) О да бір шара қолданды.

(18:86) Тіпті күн бататын жерге жеткен сәтте, оны қара балшықты бұлаққа батқан түрде көрді. Сондай-ақ сол маңнан бір ел тапты. “Әй Зұлқарнайын, не азаптарсың немесе оларға жақсылық істерсің” дедік.

(18:87) Оларға: “Енді кім зұлымдық қылса, оны жазаландырамыз. Сосын Раббына айдалып, Раббы оған қатты жаза береді” деді.

(18:88) “Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған жақсы сыйлық бар. Сондай-ақ жеңіл іс бұйырамыз”.

(18:89) Бұдан кейін шара қолданды.

(18:90) Тіпті күн шығатын жерге жеткен кезде, оның бір елдің үстінде туғанын көрді. Ол елге күннен өзге перде жасамаған едік.

(18:91) Осындай еді. Расында оның не істегенін толық білеміз.

(18:92) Содан кейін тағы да бір шара қолданды.

(18:93) Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты.

(18:94) Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді.

(18:95) Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді.

(18:96) “Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді.

(18:97) Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады.

(18:98) “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді.

(18:99) Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да Сұр үріліп, оларды тұтас жинаймыз.

(18:100) Ол күні тозақты кәпірлерге айқын көрсетеміз.

(18:101) Олар насихатымнан көздері перделі және құлақтары ести алмайтындар.

(18:102) Кәпірлер, Мені қойып құлдарымды ие етуді ойлай ма? Расында тозақты, кәпірлерге қонақ үй етіп, әзірледік.

(18:103) Айт: «Сендерге (ең) тиымсыз істерді хабарлайын ба

(18:104) Қасылары олардың тура жолды ұстанып жатыр деп сеніп, мына дуниені, аңсағандар.

(18:105) Міне олар, Раббыларының аяттарына, әрі Раббыларына жолығуға қарсы келгендер. Сондықтан еңбектері еш болған. Сонда оларға қиямет күні еш мән бермейміз.

(18:106) Олар қарсы келіп, аяттарымызды, елшілерімізді тәлкекке алғандықтары себепті жазалары тозақ.

(18:107) Расында иман келтіріп, түзу іс істегендер үшін Фирдаус жаннаты, қонақ үй болады.

(18:108) Олар онда мәңгі қалады да, өздері одан ауысуды қаламайды.

(18:109) "Егер Раббымның сөздері үшін теңіз сия болса, тағы бір сондайды көмекке әкелсек те, әлбетте Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді" де.

(18:110) “Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уәһи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкімді ортақ етпесін” де.