Луқман сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(31:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен!

(31:1) Әліф, Ләм, Мим

(31:2) Бұл хикметі Кітаптың аяттары,

(31:3) Тура жол; мәрхамет, жақсылық істеушілер үшін.

(31:4) Сондай олар намазды толық орындап, зекет береді. Сондай-ақ олар ақыретке толық нанады.

(31:5) Міне солар, Раббылары тарапынан тура жолда, сондай-ақ олар құтылушылар.

(31:6) Адамдардың арасында білімсіз Алланың жолынан адастыру (үшін) күлкілі хадистерді алып, келемеждейтін мазақпен (қабылдайтын) (Алланың аяттары бойынша) бар. Осылайша (тағдырға жазылған) қорлайтын азап үшін.

(31:7) Оған аяттарымыз оқылған сәтте, оны естімегендей тіпті құлақтарында тығын бардай паңсып теріс айналады. Оны күйзелтуші азаппен қуандыр.

(31:8) Күдіксіз иман келтіріп, түзу іс істегендер, олар үшін нығметі түгемейтін бақшалар бар.

(31:9) Онда олар мәңгі қалады. Алланың уәдесі хақ. Ол, өте үстем, хикмет иесі.

(31:10) Сендер, тіреусіз көрген көкті жаратты да сендерді теңселтеді деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты өргізді де көктен жаңбыр жаудырып, онда әр түрлі көркем парымен өсімдіктерді өсірдік.

(31:11) Бұл Алланың жаратқаны. Ал Алладан өзгенің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші! Әрине залымдар ашық адасуда.

(31:12) Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға лайық.

(31:13) Сол уақытта Лұқман өз ұлына үгіт бере отырып: “Әй ұлым! Аллаға серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық” деді.

(31:14) Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ.

(31:15) Егер екеуі білмеген нәрсеңді Маған ортақ қосуға зорласа, Оларға бағынба! Олармен дүниеде дұрыс жолдас бол да Маған құштар адамдардың жолына түс. Сосын барар орындарың Мен жақ; сонда істеген істеріңді баян етемін.

(31:16) “Әй ұлым! Тарының салмағындай болса да бір жар тастың ішінде болса да көктерде не жерде болса да Алла оны келтіреді. Расында Алла өте мүлайым, толық білуші.”

(31:17) “Әй ұлым! Намазды толық орында. Дұрыстыққа бұйырып, бұрыстықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас бұлар маңызды істерден.”

(31:18) Жеке мүддені адамзаттың (міндеттерінен) ажыратпаңдар және жер бетінде тәкаппарлықпен жүрмеңдер. Расында, Алла тәкаппар мақтаныштарды жақсы көрмейді.

(31:19) “Жүрісіңде орташа бол да даусыңды бәсеңдет. Сөз жоқ, дауыстардың ең жаманы есектің дауысы.”

(31:20) Көрдіңдер ме? Рас Алла сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не Ағартушы кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады.

(31:21) Қашан оларға: “Алланың түсірген нәрсесіне ілесіңдер” делінсе, олар: “Жоқ, аталарымызды тапқан нәрсеге ілесеміз” дейді. Егер шайтан оларды жалындаған азапқа шақырса да ма?

(31:22) Кімде-кім ізгі бола отырып, Аллаға құлшылық қылса, ол (ең) сенімді тұтқаны ұстады және ақырғы (барлық есеп) істер - Алла үшін.

(31:23) Ал кай кәпір өтірік айтса, оның күпірлігі сені ренжітпесін. Олардың қайтуы - Бізге. Сосын оларға не істегендерін мәліметті жеткіземіз. Расында, Алла CD-Rдағыны біледі.

(31:24) Біз оларға аз (уақыт жақсылықпен) ләззат береміз, сосын оларды қатаң азапқа мәжбүрллейміз.

(31:25) Егер олардан: “Көктер мен жерді жаратқан кім?”,-деп сұрасаң, әлбетте: “Алла” дейді. “Барлық мақтау Аллаға тән” де. Әрине олардың көбі түсінбейді.

(31:26) Көктер мен жерде болған нәрселер Алланікі. Рас Алла бай, мақтауға лайық.

(31:27) Рас егер жер жүзіндегі ағаш атаулы қалам, теңіз, одан кейін оған тағы жеті теңіз көмектесіп, Алланың сөздері таусылмайды. Күдіксіз Алла, өте үстем, хикмет иесі.

(31:28) Сендердің жаратылыстарың да, қайта тірілулерің де (прототипі) консубстанциялық жан. Расында, Алла - Естуші, Көруші.

(31:29) Көрмедің бе? Расында Алла, түнді күндізге қосып, күндізді түнге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырды. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла, олардың істегендерін толық білуші.

(31:30) Міне шәксіз Алла Ол, хақ. Сөз жоқ, олардың Алладан өзге жалбарынғандары босқа. Күдіксіз Алла, Ол өте жоғары, аса ұлы.

(31:31) Көрмедің бе? Рас кеме теңізде Алланың нығметымен сендерге Оның белгілерін көрсету үшін жүреді. Рас осыларда тым сабырлы, өте шүкір етушілердің барлығына белгілер бар.

(31:32) Оларды толқын көлеңкедей басып басып қалса, олар Аллаға имандарымен шынайы (түрде) жалбарады. Қашан оларды құрғақ жерде құтқарса, олардың арасында (көрінетін біреу бар) сабырлылық (бар). Бірақ аяттарымызды жоққа шығарушылар сатқындар ғана.

(31:33) Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар және ешбір әке; баласы тарапынан бодау төлемейтін сондай-ақ ешбір бала да; әкесі тарапынан түк бермейтін күннен де қорқыңдар. Күдіксіз Алланың уәдесі хақ. Сондықтан сендерді дүние тіршілігі әсте алдамасын. Сондай-ақ өте алдаушы ол, (шайтан да) Алла турасында алдамасын.

(31:34) Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланың қасында. Жаңбырды Ол жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, хабар алушы.