Ляйл сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аса Қамқор, Ерекше Мейірімді Алланың есімімен (бастаймын).

(92:1) Және ол жауып тұрған Түн !

'(92:2) Және ол ашатын күн !

(92:3) Және , Ол еркекпен және Әйелді Жаратқан!

(92:4) Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі.

(92:5) Ал енді әлде кім берсе, тақуалық қылса,

(92:6) Жақсылықты дұрыс деп білсе;

(92:7) Сонда оның жолын оңайластырамыз.

(92:8) Ал енді әлде кім сараңдық істесе, елемесе,

(92:9) Жақсылықты жасынға шығарса;

(92:10) Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз.

(92:11) Жығылған сәтте, оның малы оған пайда бермейді.

(92:12) Расында, тура жол Бізде,

(92:13) Сөз жоқ, ақырет те, дүние де Біздікі.

(92:14) Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім.

(92:15) Оған жауыздар ғана кіреді.

(92:16) Сондай өтірік деп жалтарғандар.

(92:17) Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады.

(92:18) Сондай малын сарып қылып тазарғандар.

(92:19) Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ.

(92:20) Бірақ ұлы Раббының ризалығын ғана іздейді.

(92:21) Сондай-ақ ол, таяуда разы болады.