Маариж сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(70:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(70:1) Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады.

(70:2) Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ.

(70:3) Ол азап биік дәреже иесі Алладан.

(70:4) Ол жоғарғы орынға періштелер және Рух мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады.

(70:5) Енді көркем сабырмен сабыр ет.

(70:6) Олар қияметті ұзақ көреді.

(70:7) Біз жақын көреміз.

(70:8) (Қашан) Аспан Магма сияқты болатын күн,

(70:9) Таулар, түтілген жүндей болады.

(70:10) Дос, достың халін сұрамайды.

(70:11) Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан төлеуге бергісі келеді;

(70:12) Әйелін де туысын да;

(70:13) Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де.

(70:14) Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді.

(70:15) Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от,

(70:16) Теріні сояды;

(70:17) Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады.

(70:18) Дәулет жинап сақтағанды шақырады.

(70:19) Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған.

(70:20) Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз.

(70:21) Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң.

(70:22) Бірақ намаз оқушылар басқа.

(70:23) Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды.

(70:24) Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар:

(70:25) Сұрағанға да сұрамағанға да.

(70:26) Тағы сондай қиямет күнін растағандар.

(70:27) Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар.

(70:28) Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес.

(70:29) Сондай ұятты жерлерін сақтағандар.

(70:30) Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ.

(70:31) Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар.

(70:32) Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар.

(70:33) Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар.

(70:34) Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер.

(70:35) Міне солар пейіштерде құрметке бөленетіндер.

(70:36) Ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды?

(70:37) Оңнан, солдан топ-топ болып;

(70:38) Олардың әрбірі нығметті жұмаққа кіруді үміт ете ме?

(70:39) Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен жараттық.

(70:40) Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді.

(70:41) Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды.

(70:42) Ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын.

(70:43) Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді.

(70:44) Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн.