Мариам сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(19:1) Кәф, Һә, Иә, Айн, Сад.

(19:2) Бұл Раббыңның құлы Зәкерияға мәрхаметінің естелігі.

(19:3) Ал бір заманда ол, Раббына құпия дауыспен жалбарынған еді.

(19:4) “Раббым! Сүйегім қаусап, басым ағарған. Дегенмен саған қойған тілегім, босқа кетпеген еді” деді.

(19:5) “Шынында мен өзімнен кейінгі жақындарымнан қорқамын. Сондай-ақ жұбайым кемпір. Сонда да маған өз қасыңнан бір мұрагер бере көр!”

(19:6) “Ол, маған да мұрагер болып, әрі Яғқұп ұрпағына да мұрагер болсын. Раббым оны ризалығыңа бөле!”

(19:7) “Әй Зәкерия! Расында сені бір ұл арқылы қуантамыз. Аты Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік.”

(19:8) “Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расында өзім де кәріліктен қурадым” деді.

(19:9) “Міне солайша” деді. Бірақ Раббың: “Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дәнеңе емес едің” деді.

(19:10) “Раббым маған бір белгі бер” деді. “Сенің белгің: сап-сау бола тұра үш тәулік адамдармен сөйлесе алмайсың” деді.

(19:11) Сонда михраптан шығып, қауымына: “Ертелі-кеш Алланы дәріптеңдер” деп нұсқады.

(19:12) “Әй Яхия! Кітапты мықты ұста” деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік.

(19:13) Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, күнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.

(19:14) Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді.

(19:15) Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын.

(19:16) Құрандағы Мәриямды айтып бер. Сол уақытта ол, тұрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.

(19:17) Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рухымызды жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді.

(19:18) “Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын” деді.

(19:19) “Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін” деді.

(19:20) Мәриям: “Маған бір адам жұғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам” деді.

(19:21) “Ол, солайша” деді. Өйткені, Раббың: “Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді” деді.

(19:22) Мәриям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.

(19:23) Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: “Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді” деді.

(19:24) Оның астыңғы жағынан: “Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты” деп дабыстады.

(19:25) “Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі”.

(19:26) Жеңіз, ішіңіз және (қол жеткізіңіз) бейбітшілікке! Егер кейбір адамдарды көрсеніз, онда айтыңыз: «Мен бердім Рақымдыға ант ойлануға, сондықтан мен бүгін адамдармен сөйлеспеймін.

(19:27) Сонда баланы көтеріп еліне келді. Олар: “Әй Мәриям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің” деді.

(19:28) “Әй һарұнның қарындасы! Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді.”

(19:29) Мәриям баланы көрсетті. Олар: “Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?”,- деді.

(19:30) “Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” деді.

(19:31) “Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды.”

(19:32) “Шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады.”

(19:33) “Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады.”

(19:34) Міне осы: Олар шүбәланған Мәриям ұлы Иса жайындағы Алланың хақ сөзі.

(19:35) Алланың баласы болуы мүмкін емес. Алла (Т.) одан мүлде пәк. Ол, бір істің болуын қаласа, тек қана оған “бол” дейді. Сонда ол, бола қалады.

(19:36) “Күдіксіз Алла, менің де Раббым әрі сендердің де Раббыларың. Онда Оған ғана құлшылық қылыңдар. Тура жол осы.”

(19:37) Алайда, топтар өзара таласты. Қарсы болғандарға, ұлы бір күннің келуінде нендей өкініш.

(19:38) Олар, алдымызға келген күні, нақ естиді де көреді. Бірақ залымдар, бүгін ашық түрде адасуда.

(19:39) ол сенбей селқостықта болғандарға, олар үшін іс бітіп кететін қасырет күнін ескерт.

(19:40) Расында біз жерге де ондағыларға да мұрагер боламыз. Және олар біз жаққа қайтарылады.

(19:41) Кітаптағы Ибрахимді есіңе ал. Негізінде ол турашыл пайғамбар еді.

(19:42) Сонда ол әкесіне сөйлейді: «Әкем! Неліктен естімейтін, көрмейтін және сізді ешқандай құтқармайтын нәрсеге қызмет жасайсың?

(19:43) Әкем! Саған ашылмаған білім маған ашылды. Маған еріңіз, мен сізді тегіс жолға шығарамын.

(19:44) О, әкем! Шайтанға қызмет етпе! Расында, Шайтан Мейірімдіге мойынсұнбауда.

(19:45) Әкем! Рахманның азабына ұшырап, (сенің) шайтанға көмекші болудан қорқамын.

(19:46) Ол сөйлейді: «Ибраһим, сен менің тәңірлерімнен бас тартасың ба? Егер сен тоқтамасаң, мен сені міндетті түрде анатемазациялаймын. Мені көпке қалдыр!».

(19:47) “Саған амандық болсын. Сені Раббымның жарылқауын тілеймін. Өйткені, Ол, өте мейірімді” деді.

(19:48) Мен сендерден де, Алладан өзге шоқынғандарыңнан да араны ашып, Раббыма жалбарынамын. Сондай-ақ Раббыма жалбарынсам, бос қалмауымнан үміткермін.”

(19:49) Олардан, олардың Алладан өзге табынғандарынан да ажыраған кезде, оған Ысхақ пен Яғқұпты беріп, әрқайсысын пайғамбар қылдық.

(19:50) Оларға рахметімізден бағыш етіп, оларды әр тілде жоғары бағалаттық.

(19:51) Кітапта Мұсаны есіңе ал. Рас ол таңдаулы және елші, пайғамбар еді.

(19:52) Оған Тұр тауының оң жағынан дыбыстап, сөйлесу үшін өзімізге жақындаттық.

(19:53) Әрі мәрхаметімізбен туысы Һарұнды, өзіне пайғамбар етіп бердік.

(19:54) Қітапта Исмаилды есіңе ал. Шынында ол, уәдесіне берік және елші, пайғамбар еді.

(19:55) Үй-ішіне, намазбен зекетті орындауды бұйыратын еді. Сондай-ақ Раббының қасында сүйікті еді.

(19:56) Кітапта Идристі есіңе ал. Өйткені, ол шыншыл пайғамбар еді.

(19:57) Оны жоғары орынға көтердік.

(19:58) Бұлар өздерін Аллаһ нығметімен бөлегендеріміз: Пайғамбарлар арасынан, Адамның ұрпақтарынан, Нұхпен бірге тасығандарымыздан, Ибрахим мен Исраилдың ұрпағынан, жетекшілік еткендеріміз бен таңдаған кісілерімізден, оларға Рахманның аяттары оқылған сәтте сәждеге жығылады және ағыл-тегіл жылайды.

(19:59) Бұлардан кейін орындарына, намазды қойып, нәпсілеріне ергендер келді. Олар жақында адасуларының сазайын тартады.

(19:60) Бірақ кім тәубе қылып, иман келтірген түрде түзу іс істесе, міне солар ешбір әділетсіздікке ұшырамай жаннатқа кіреді.

(19:61) Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен Ғадын жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады.

(19:62) Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар.

(19:63) Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін пейіш осы.

(19:64) “Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды.

(19:65) Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма?

(19:66) Адам баласы: “Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?”,-дейді.

(19:67) Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда, дәнеңе емес екенін ойламай ма?

(19:68) Раббыңның атымен ант етемін! Біз оларды (адамдарды) және Шайтандарды міндетті түрде Жинаймыз, сосын оларды Самсараның айналасында тізе бүктіреміз.

(19:69) Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсы келгенін ортаға шығарамыз.

(19:70) Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз.

(19:71) Сендерден тозаққа келмейтін ешкім болмайды. Раббыңа тұжырымды, міндетті бір үкім.

(19:72) Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз.

(19:73) Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заман; кәпірлер, мүміндерге: “Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, жиналыста көркем?”,- деді.

(19:74) Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар, дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді.

(19:75) Айт: «Кім адасуда болса, оған уәде етілген нәрсені, азапты немесе Сағаттың (келетінін) көргенше, Мейірімді - онымен жылдамдатсын. Бірақ олар жақын арада кімнің жағдайы нашар, кімнің әскері әлсіз күйде екенін біледі».

(19:76) Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады. Тұрақты игілік; Раббыңның, қасында сауап тұрғысынан жақсы да нәтиже бойынша қайырлы.

(19:77) Аяттарымызға қарсы келіп: “Әлбетте маған мал, бала беріледі” дегенді көрдің бе?

(19:78) Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма?

(19:79) Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз.

(19:80) Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді.

(19:81) Олар өздеріне абырой үшін Алладан өзге тәңір жасап алды.

(19:82) Олай емес, тәңірлері олардың табынуларына қарсы шығып, өздеріне теріс келеді.

(19:83) Көрмедің бе? Кәпірлерге, оларға түрткі салатын шайтандарды жібердік.

(19:84) Олар үшін асықпа. Шынайы түрде олардың күнін санаудамыз.

(19:85) Сол күні, тақуаларды Рахманның құзырына қонақ түрінде жинаймыз.

(19:86) Күнәкарларды шөлдеген түрде тозаққа айдаймыз.

(19:87) Рахманның қасында уәде алғаннан басқа ешкім шапағат ету күшіне ие бола алмайды.

(19:88) Олар: “Алла, бала иемденді” десті.

(19:89) Расында өрескел нәрсе сөйледіңдер.

(19:90) Бұдан көктер шатынай, жер жарыла, таулар құлап түсе жаздайды.

(19:91) Аллаға бала ұйғарғандықтарынан.

(19:92) Негізінен Аллаға бала лайық емес.

(19:93) Көктер мен жердегі әркім Аллаға ғана құл болып келеді.

(19:94) Расында Алла, оларды түгендеп, бір-бірлеп санын біледі.

(19:95) Сондай-ақ олардың барлығы Оған жеке-жеке келеді.

(19:96) Иман келтіріп, жақсы іс істегендер, Рақымды өзара түсіністік береді.

(19:97) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.

(19:98) Олардан қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Енді олардың ешбіреуін сезініп, сыбдырларын естисің бе?