Мунафиқун сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(63:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(63:1) Саған мұнафықтар келген кезде: “Сені анық Алланың елшісі деп айғақ боламыз” деді. Сенің елші екеніңді Алла біледі. Сондай-ақ Алла (Т.) расында мұнафықтардың мүлде суайт екендігіне куәлік етеді.

(63:2) Олар анттарын қалқан етеді де Алланың жолынан тыяды. Күмәнсыз олардың істегендері нендей жаман.

(63:3) Міне расында олар, иман келтіріп, кейін қарсы келгендіктерінің салдарынан жүректері бітелген. Енді олар, түсінбейді.

(63:4) Оларды көрген кезде, тұлғалары сені таңырқатады. Олар сөйлесе, сөздерін тыңдайсың. Олар, бейне, қаланған қуыс дөңбек сияқты. Сондай-ақ олар, әрбір шыққан дауысты өздеріне жориды. Олар дұшпан. Сондықтан олардан сақтан. Оларды Алла типыл қылсын. Қайда адасып, бара жатыр?

(63:5) Егер оларға: “Келіңдер, Алланың елшісі сендерге жарылқау тілесін” делінсе, олардың бастарын шайқағанын көресің. Олар бет бұрып, тәкаппарланады.

(63:6) Олар үшін жарылқау тілесең де тілемесең де бәрі бір. Оларды Алла жарылқамайды. Алла (Т.) бұзақы елді тура жолға салмайды.

(63:7) Олар: «Алланың Елшісінің қасындағылар оны тастап кеткенше, оларға ештеңе жұмсамаңдар» дегендер. Аспан және жердің қазынасы Алланың иелігінде, бірақ екіжүзділер мұны түсінбейді.

(63:8) Ол мұнафықтар: “Егер соғыстан қайтып, Мәдинаға барсақ; ол жерден ардақтылар, ынжықтарды әлбетте шығарады” дейді. Негізінде ғиззат Аллаға, елшісіне әрі Мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді.

(63:9) Әй мүміндер! Сендерді малдарың, балаларың Алланы еске алудан тоспасын. Әлде кім бұны істесе, міне солар, зиян тартушылар.

(63:10) Сондай-ақ Біз сендерге берген, ризық-несібесінен қабыл (болуы мүмкін) нәрсеані жұмсаңдар. Осылайша араларыңдағы біреуге Өлім жетіп: ​​«Раббым! Маған аз уақыт бер, сонда мен зекет беріп, тақуалардан боламын» - дейді.

(63:11) Қашан біреудің ажалы келсе, Алла, оны әсте кешіктірмейді және Алла, істегендеріңді толық біледі.