Мурсалат сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(77:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(77:1) Жалғасты жіберілгендерге,

(77:2) Қатты есіп, ұшырушыларға,

(77:3) Тарқатқан сайын тарқатушыларға,

(77:4) Айырған сайын айырушыларға,

(77:5) Сосын зікір тастаушыларға,

(77:6) Сылтау түрінде мейлі ескерту түрінде болсын, осыларға серт.

(77:7) Шын мәнінде сендерге уәде етілген әлбетте болады.

(77:8) Жұлдыздар сөнген сәтте,

(77:9) Көк жарылғанда,

(77:10) Таулар үгітіліп, ұшырылғанда,

(77:11) Елшілердің уақты жеткен кезде;

(77:12) Қайсы күнге кешіктіріліп еді?

(77:13) Шешім күніне.

(77:14) Ол шешім күнін қайдан білесің?

(77:15) Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!

(77:16) Бұрынғыларды жоқ етпедік пе?

(77:17) Сосын кейінгілерді де. Солардың аяғын құштырамыз.

(77:18) Күнәкарларга осылай істейміз.

(77:19) Жасынға шығарушылар үшін сол күні нендей өкініш!

(77:20) Сендерді болымсыз судан жаратпадық па?

(77:21) Сондай оны берік бір жерде етпедік пе?

(77:22) Белгілі бір мерзімге дейін.

(77:23) Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз.

(77:24) Жасынға шығарушыларға сол күні нендей өкініш!

(77:25) Жер жүзін бір жиналыс жері қылмадық па?

(77:26) Тірілерге де өлілерге де.

(77:27) Жер жүзінде асқар таулар жасап, сендерді дәмді сумен суардық.

(77:28) Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

(77:29) Өтірік (дейтін) нәрсеге барыңдар!

(77:30) Көлеңкеге дейін үш тармақтанумен (шанышқымен) барыңыз.

(77:31) Ол, көлеңке болмайды да жалыннан қорғамайды.

(77:32) Өйткені тозақ сарайдай ұшқын атады.

(77:33) Сары түйелердей.

(77:34) Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

(77:35) Ол күні олар сөйлемейді.

(77:36) Сондай-ақ олардың желеулетулеріне рұқсат берілмейді.

(77:37) Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

(77:38) Ол шешім күні, сендерді де бұрынғыларды да жинаймыз.

(77:39) Бір әдістерің бар болса, Маған қолданыңдар.

(77:40) Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

(77:41) Расында тақуалар, саяларда, бастауларда болады.

(77:42) Көңілдері соққан жемістерде.

(77:43) “Істеген амалдарың арқасында жеңдер, ішіңдер; сіңімді болсын”.

(77:44) Расында жақсылық істеушілерді осылайша сыйлаймыз.

(77:45) Жасынға шығарушыларға ол күні нендей өкініш!

(77:46) Жеңдер, аздап пайдаланыңдар. Расында күнәкарсыңдар.

(77:47) Жалғанға саюшыларға ол күні нендей өкініш!

(77:48) Оларға: “Иіліңдер” делінсе, иілмейді.

(77:49) Жасынға шығарушыларға, ол күні нендей өкініш!

(77:50) Бұдан кейін олар қай хадиске сенеді?