Мутаффифин сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(83:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(83:1) Өлшеу, тартуда кеміткендерге нендей өкініш!

(83:2) Олар қашан өлшеп алса, толық өлшеп алады да;

(83:3) Қашан олар, өлшеп немесе тартып беретін болса, кемітеді.

(83:4) Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?

(83:5) Ол зор күн үшін;

(83:6) Ол күні адамдар, бүкіл әлемнің Раббының алдында тұрады.

(83:7) Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады.

(83:8) Төменгі орынның не екенін қайдан білесің?

(83:9) Цифрланған Кітап.

(83:10) Ол күні, жасынға шығарушыларға нендей өкініш!

(83:11) Олар, сондай қиямет күнін өтіріксінгендер.

(83:12) Оны, шектен шыққан, күнәкар өтіріксінеді.

(83:13) Қашан оған аяттарымыз оқылса: “Бұрынғылардың ертегісі” деді.

(83:14) Жоқ, бәлкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты.

(83:15) Жоқ, олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарынан мақрұм қалады.

(83:16) Сосын олар, әлбетте тозаққа кіреді.

(83:17) Сосын: “Міне сендердің өтірік дегендерің осы!”, -деліндеді.

(83:18) Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады.

(83:19) Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің?

(83:20) Цифрланған Кітап.

(83:21) Оны, Аллаға жақын періштелер бақылайды.

(83:22) Негізінен ізгілер, әрине нығмет ішінде болады.

(83:23) Олар дивандардың үстінде (Алланың нығметтеріне) қарайды.

(83:24) Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан танисың.

(83:25) Олар, мөрленген ішімдіктен сусындатылады.

(83:26) Ал онын гүл шоғы нәзік хош иіс болады. Бұл үшін жарысатындар (нәзіктікте тыныс алуда) жарыссын.

(83:27) Оның қоры, “Тәсним” бастауынан.

(83:28) Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді.

(83:29) Расында күнәкарлар, иман келтіргендерге күлетін еді.

(83:30) Олар жандарынан өткенде, ымдасатын еді.

(83:31) Олар үйлеріне қайтып барған кезде, күңкілдесетін еді.

(83:32) Қашан олар Мұсылмандарды көрсе: «Сөз жоқ, адасқандар» дейтін еді.

(83:33) Олар, Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді.

(83:34) Ал енді бүгін мүміндер, кәпірлерге күледі.

(83:35) Олар тақтардың үстінде қарайды;

(83:36) «Кәпірлер, істегендерінің пайдасын көрді ме?»