Мүжәдәлә сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(58:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(58:1) Расында Алла, ері жайында Аллаға шағып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді. Алла екеуіңнің сөйлескендеріңді де естиді. Шүбәсіз Алла, толық естуші, тым қырағы.

(58:2) Сондай сендерден жұбайларын зиһар еткендердің әйелдері аналары емес. Олардың аналары өздерін тапқандар ғана. Сөзсіз олар теріс әрі өтірік сөз сөйлейді. Шынында Алла тым кешірімді, ерекше жарылқаушы.

(58:3) Сондай жұбайларын зиһар еткендер, сосын айтқан сөздерінен қайтса, сонда екеуі қосылудан бұрын бір құл азат етуге тиіс. Міне сендерге осы нұсқау беріледі. Алла не істегендеріңді толық біледі.

(58:4) Сонда біреу құл таба алмаса, екеуі қосылудан бұрын тұтас екі ай ораза үстасын. Біреудің оған да шамасы келмесе, алпыс аш кісіні тамақтандырсын. Бұл Аллаға, елшісіне иман келтірулерің үшін. Сондай-ақ осы Алланың шектері, қарсы болушыларға жан түршігерлік азап бар.

(58:5) Расында Аллаға, елшісіне қасарысқандар, олар да бұрынғылар қорлағандай қорланады. Әлбетте ашық аяттарды түсірдік. Қарсы болушылар үшін қорлаушы азап бар.

(58:6) Сол күні, Алла, оларды тұтас тірілтеді де өздеріне не істегендерін түсіндіреді. Алла, оны түгендеп сақтады. Оны өздері ұмытты. Алла, әр нәрсені көріп тұрады.

(58:7) Көрмедің бе? Шәксіз Алла көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі (Алла), әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.

(58:8) Сондай сыбырдан тыйылғандардың тыйым салынған нәрселеріне қайта оралғандарын көрмедің бе? Олар күнәда, дұшпандық және Елшіге қарсылықта сыбырласады. Әрі саған келген сәтте, өзіңе Алланың сәлемінен басқа сәлем береді. Сондай-ақ өздерінше: “Алла, бізді айтқан сөзімізбен азапқа душар қылмайды” дейді. Оларға кіретін тозақ жетіп асады. Ол нендей жаман орын.

(58:9) Ей, сенімділер! Егер сіз бұрыннан жасырын сөйлесіп жатсаңыз, онда күнәлар, қол сұғушылық және Пайғамбарға бағынбау туралы айтпаңыз, қайта тақуалық пен жауапкершілік туралы сөйлесеніз және (болатын) Алланың (алдындағы) жауапкершілікті (көтерініз) өйткені Оның алдына жиналасыз.

(58:10) Құпия (әңгіме) - Шайтаннан, иман келтіргендерді ренжіту үшін. Бірақ бұл Алланың рұқсатынсыз оларға еш зиян тигізбейді. Мүминдер тек Аллаға ғана тәуекел етсін.

(58:11) Әй иман келтіргендер! Сендерге жиналыста: “Орын беріңдер” делінсе, ашылыңдар. Алла да сендерге кеңшілік етеді. Ал және: “Тарқаңдар” делінсе, дереу тарқаңдар. Алла сендерден сондай иман келтіргендердің, ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.

(58:12) Әй иман келтіргендер! Елшімен оңаша сөйлескен кезде, оңаша кеңесудің алдында садақа беріңдер. Бұл сендер үшін хайырлы әрі кіршіксіз болады. Егер оны таппасаңдар, шәксіз Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(58:13) Оңаша сөйлесуден бұрын садақа беруден тартындыңдар ма? Оны істемесеңдер де Алла, сендерді кешірім етті. Ал енді намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. Сондай-ақ Аллаға, елшісіне бағыныңдар. Алла істегендеріңнен толық хабар алушы.

(58:14) Өздеріне Алла ашуланған қауымды дос тұтқандарды көрмедің бе? Негізінде олар, сендерден де олардан да емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірікке ант ішеді.

(58:15) Алла, оларға қатты азап әзірледі. Олардың істегендері нендей жаман.

(58:16) Олар анттарын қалқан қылып алып, Алланың жолынан тосады. Сондықтан олар үшін қорлаушы азап бар.

(58:17) Олардың малдары да балалары да Алладан келген нәрсеге еш төтеп бере алмайды. Міне солар, тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.

(58:18) Қиямет күні Алла, оларды, тұтас тірілтіп жинағанда, сендерге ант ішкендей Оған да ант ішеді. Расында олар оны пайдалы деп ойлайды. Байқаңдар! Шын мәнінде олар, өтірікші.

(58:19) Шайтан олармен бірге болды да, оларға Алланың зікір әдістемесін ұмыттырды. Олар Шайтанның партиясы. Расында, Шайтанның партиясы зиянға ұшыраушылар.

(58:20) Сөзсіз, Аллаға, елшісіне қарсы келгендер, солар; қорлардың қатарында болады.

(58:21) Алла: “Әлбетте Мен және елшілерім жеңіске иеміз” деп жазған. Шүбәсіз Алла тым күшті, аса үстем.

(58:22) Аллаға және Ақырет күніне иман келтіргендердің арасынан Аллаға және Оның Елшісіне қарсы(шыққандарға), тіпті олардың әкелері, ұлыдары, ағалары немесе туыстары болса да (жауап беретін) адамдарды таба алмайсың. Алла олардың жүректеріне иман жазып, оларды Өзінен келген Рухпен нығайтты. Оларды өзендер ағып жатқан Жұмақ бақтарына кіргізеді және олар сонда мәңгі қалады. Алла оларға разы, олар да Оған разы. Олар Алланың партиясы. Расында, Алланың партиясы табысқа жетуші.