Мүлк сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(67:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(67:1) Сондай бүкіл әкімшілік қолында болған Алла, аса ұлы әрі Ол, әр нәрсеге күші толық жетуші.

(67:2) Ол сондай Алла, ізгі іс жүзінде қайсыларың жақсы, сынау үшін өліммен тіршілікті жаратқан. Ол, тым үстем, аса жарылқаушы.

(67:3) Ол жеті аспанды бірінің үстіне бірін жаратқан. Рахманның жаратуынан ешбір кемшілік көрмейсің. Тағы бір қараңызшы. Cіз (кез келген) кемшілікті көресіз бе?

(67:4) Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шаршап, талған түрде айналады.

(67:5) Біз шын мәнінде астынгы аспанды шамдармен безендіріп, шайтандарды тосатын етіп қойдық. Біз оларға невротикалық азаптар дайындадық.

(67:6) Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын.

(67:7) Ішіне тасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысын естиді.

(67:8) Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ тасталса, оларға оның сақшылары: “Сендерге ескертуші келмеді ме?”,- деп сұрайды.

(67:9) Олар: “Расында бізге ескертуші келді. Сонда оларды жасынға айналдырдық та Алла сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендер зор адасудасыңдар деп едік” дейді.

(67:10) “Егер біз тыңдаған немесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындаған тозақтықтардың ішінде болмас едік” дейді.

(67:11) Сөйтіп, олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындаған тозақтықтар оңбасын!

(67:12) Дұрысында сондай Раббыларынан көрмей-ақ қорыққандар, олар үшін жарылқау әрі зор сыйлық бар.

(67:13) Сөздеріңді жасырсаңдар немесе әшкерелесеңдер де шәксіз Алла, көңілдегіні толық біледі.

(67:14) Жаратқан білмей ме? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші.

(67:15) Ол сондай Алла, сендер үшін жерді көнпіс қылып жаратты. Ендеше оның айналасында жүріңдер. Сондай-ақ Оның ризығынан жеңдер. Және барар жерлерің Сол жақ.

(67:16) Көктегінің сендерді жерді жұтпайтынына сенімдісің бе? Өйткені ол кезде тербелейді.

(67:17) Аспандағы (Алланың) саған тасты дауыл жібермейтініне сенімдісің бе? Жақында менің ескертуімнің не екенін білесің!

(67:18) Расында олардан бұрынғылар да жасынға айналдырған еді. Маған қарсы келу қалай екен?

(67:19) Үстеріндегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, әр нәрсені толық көруші.

(67:20) Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың кім? Кәпірлер алдануда ғана.

(67:21) Алла ризығын тоқтатса, сендерді қоректендіретін кім? Әрине олар тоң мойындықта, жиреніп қасарысуда.

(67:22) Етпеттеп жүрген біреу турарақ па? Даңғыл жолда тік жүрген біреу турарақ па?

(67:23) “Ол сондай Алла, сендер үшін есту, көру және сезуді жаратқан. Сонда да аз шүкір етесіңдер” де.

(67:24) Оларға: “Ол сондай Алла, сендерді жер жүзіне таратқан және Сол жаққа жиналасыңдар” де.

(67:25) Олар: “Егер айтқандарың рас болса, осы уәде қашан?”,- дейді.

(67:26) “Шын мәнінде оның мәліметі Аллаға тән. Мен ашық ескертуші ғанамын” де.

(67:27) Олар оны жақыннан көрген сәтте, қарсы болғандардың жүздері бұзылып кетеді. Оларға: “Міне осы сендердің тілегендерің” делінеді.

(67:28) Айт: “Көрдіңдер ме? Егер Алла, мені әрі менімен бірге болғандарды жоқ етсе, немесе мәрхамет етсе, сонда кәпірлерді кім күйзелтуші азаптан құтқарады?”

(67:29) Айт: “Ол Алла, аса қамқор. Оған иман келтірдік әрі Оған тәуекел қылдық. Кімнің ашық адасуда екенін таяуда білесіңдер”.

(67:30) Айт: “Көрдіңдер ме? Егер суларың құрып кетсе, сендерге, бір аққан суды кім келтіреді?”