Мәсәд сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(111:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(111:1) Әбу Ләһаптің қолдары құрсын өзі де құрсын!

(111:2) Оның малы да кәсібі де өзіне пайда бермеді.

(111:3) Ол, жалындаған отқа кіреді.

(111:4) Әйелі, отын тасушысы болады,

(111:5) Мойнындағы есілген арқанымен.