Набаа сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(78:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(78:1) Олар не нәрседен сұрасады?

(78:2) Зор уақиғадан.

(78:3) Олар, ол жөнде таласуда.

(78:4) Әсте олай емес, олар тез біледі.

(78:5) Тағы олай емес, олар тез біледі.

(78:6) Жерді бір төсеніш қылмадық па?

(78:7) Тауларды қазық…

(78:8) Сендерді жұп-жұп жараттық.

(78:9) Ұйқыларыңды дем алыс қылдық.

(78:10) Түнді жамылғы қылдық.

(78:11) Күндізді тіршілікке жараттық.

(78:12) Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық.

(78:13) Жарқыраған шырақ жараттық.

(78:14) Сығылысқан бұлттардан мол жаңбыр жаудырдық.

(78:15) Онымен дәнді дақылдарды, өсімдіктерді шығару үшін;

(78:16) Және ну бақшалар…

(78:17) Расында, азғындау күні белгіленген уақытта (келеді).

(78:18) Сурнай үрленетін күні топ-топ, болып келесіңдер,

(78:19) Аспан ашылып,

(78:20) Қақпа және таулар қозғалып, күзетші болатын күні.

(78:21) Әлбетте тозақ күтіп тұрады;

(78:22) Азғындардың барар жері.

(78:23) Олар онда ғасырларша тұрады.

(78:24) Олар онда салқындамайды да сусын татпайды.

(78:25) Бірақ қайнап тұрған су және ірің ішеді.

(78:26) Қылмыстарына сай бір жаза.

(78:27) Өйткені олар, есепке тартылуды ойламаған еді.

(78:28) Аяттарымызды мүлде жасынға шығарған еді.

(78:29) Әр нәрсені жазып, сақтадық.

(78:30) “Енді татыңдар; ал енді сендерге азаптан басқа еш нәрсе таттырмаймыз”.

(78:31) Негізінде тақуалар үшін құтылу бар.

(78:32) Бақшалар, жүзімдер бар.

(78:33) Жас өспірім құрдас қыздар бар.

(78:34) Толып, тасыған кесе бар.

(78:35) Олар онда бос сөз және өтірік естімейді;

(78:36) Раббыңнан толық бір сыйлық.

(78:37) Көктер мен жердің әрі арасындағылардың Раббы; аса есіркеуші, Оған ешкім тіл қата алмайды.

(78:38) Ол күні Рух және періштелер, тізіліп тұрады. Алланың рұқсатынсыз ешкім сөйлемейді әрі дұрысын ғана сөйлейді.

(78:39) Сол күн хақ. Ендеше кім қаласа, Раббына барар жол тұтсын.

(78:40) Негізінде жақын бір азапты ескерттік. Ол күні алдын ала не істегеніне қарайды. Кәпір: “Әттең! Топырақ болып кеткен болсам” дейді.