Назият сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(79:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(79:1) Сүңгіп шығарушы,

(79:2) Баяу тартушы,

(79:3) Малтып кетуші,

(79:4) Жарысып озушы,

(79:5) Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт.

(79:6) Ол күні қатты сілкініс болады.

(79:7) Оның артынан тағы бір сілкінеді.

(79:8) Ол күні жүректер тітірейді.

(79:9) Көздері төмен қарайды.

(79:10) “Шын, қайта тірілеміз бе?”,- дейді.

(79:11) “Қоқым, сүйек болған сәтте де?”

(79:12) “Ендеше ол қайғылы бір қайту екен” дейді.

(79:13) Негізінен ол, бір айғай ғана.

(79:14) Дереу сол уақытта олар майданда.

(79:15) Саған Мұсаның хабары келді ме?

(79:16) Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі “Тұуа” ойпатында дабыстады:

(79:17) “Перғауынға бар. Өйткені ол, азды.”

(79:18) Сонда оған: “Тазарғың келе ме?”,- де.

(79:19) “Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың”

(79:20) Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті.

(79:21) Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты.

(79:22) Кейін теріс айналып, жүгірді.

(79:23) Адамдарды жинап, айғай салып:

(79:24) “Мен сендердің ең ұлы раббыларың” деді.

(79:25) Сондықтан Алла, оны ақырет, дүние азабымен қолға алды.

(79:26) Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.

(79:27) Сізді немесе Әлемді жарату қиынырақ па? Ол тұрғызды оны,

(79:28) Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді.

(79:29) Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды.

(79:30) Сосын жерді төседі.

(79:31) Одан су және жайылыс майданға келтірді.

(79:32) Оған таулар орналастырды.

(79:33) Сендер және малдарың пайдалану үшін.

(79:34) Бірақ ол ірі уақиға келген сәтте;

(79:35) Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады.

(79:36) Тозақ, көретіндерге көрсетіледі.

(79:37) Ал енді кім шектен шыққан болса,

(79:38) Оған дүние әсер еткен болса,

(79:39) Сонда рас оның орны тозақ.

(79:40) Ал енді кім, Раббының алдына тұрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса,

(79:41) Негізінде оның барар жері жұмақ.

(79:42) Олар саған “Қиямет қашан болады?”,- деп сұрақ қояды.

(79:43) Ол жөнде түсінік беру сенің ісің бе?

(79:44) Оның қорытындысы, Раббыңа байланысты.

(79:45) Негізінен сен қияметтен қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың.

(79:46) Олар қияметті көрген күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды.