Наср сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(110:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(110:1) Алланың жәрдемі және жеңіс келген кезде;

(110:2) Адамдардың Алланың дініне топ-тобымен кіргенін көресің.

(110:3) Ендеше Раббыңды ұлықтап дәріпте, Одан кешірім тіле. Әлбетте Алла тәубені қабылдаушы.