Нұр сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(24:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(24:1) Бұл сүрені түсірдік те оның үкімдерін парыз қылдық. Сондай-ақ үгіт алуларың үшін; мұнда ашық аяттар түсірдік.

(24:2) Зинашы әйел мен ердің әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаға, ақырет күніне сенсеңдер; оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын.

(24:3) Зинақор тек зинақор (әйелге) немесе көпқұдайшылға ғана үйленеді, ал зинақор немесе көпқұдайшыл ғана зинақор (әйелге) үйленеді. Мүміндерге тыйым салынған.

(24:4) Сондай абыройлы әйелдерге зина жаласын жапсырғандар; кейін төрт айғақ келтіре алмаса, онда оларға сексен дүре соғыңдар. Және олардың куәліктерін мүлде қабыл етпеңдер. Міне солар, бұзықтар.

(24:5) Бірақ содан кейін тәубе етіп, түзелгендерге; Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(24:6) Жұбайларына зина жаласын жауып, өздерінен басқа ешбір айғақтары болмағандардың әрбірінің куәлігі, шын айтушы екендіктеріне байланысты төрт рет Алланың атымен ант ішулері.

(24:7) Бесінші ретте: “Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті болсын!”,- (дейді).

(24:8) Ерінің өтірік айтушылардан екендігіне байланысты әйел де төрт рет Алланың атымен ант ішіп, өзінен жазаны кетіре алады.

(24:9) Бесінші рет: “Егер оның айтқандары шын болса, маған Алланың қаһары тисін!”,- (дейді).

(24:10) Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса, Расында Алла, тәубелерді қабылдаушы, аса дана.

(24:11) Шынында сендерден өсек айтып келген топтың сөзін жаман деп есептемеңдер. Керісінше ол, сендер үшін қайырлы. Олардың әрбіреуі күнә тапты. Олардан басшылық еткен үлкеніне зор азап бар.

(24:12) Егер оны естігендеріңде мүмін ер, әйел көңілдерінде қайыр ойлап: “Бұл бір ашық өсек” десе еді?

(24:13) Олар, оған төрт куә келтірсе еді? Сондай-ақ олар куә әкелмеді. Міне солар, Алланың қасында өтірікші.

(24:14) Егер сендерге дүние, ақыретте Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса еді, әрине өсек тартқандықтарыңның салдарынан зор азапқа душар болар едіңдер.

(24:15) Қашан өздерің білмеген ( бір нәрсені) тілдеріңмен айтқанда аузыңнан шыққан кезде, (оны) маңызсыз деп санайсың (бірақ) ол Алланың алдында - ұлы.

(24:16) Егер оны естіген сәтте: “Бұны, біздің айтуымызға болмайды. Алла сақтасын. Бұл бір ірі жала” деген болсаңдар еді.

(24:17) Егер мүмін болсаңдар, Алла мұндайды мүлде қайта істемеулеріңді насихаттайды.

(24:18) Алла, сендерге аяттарын ашық баян қылады. Әрі Алла толық білуші, аса дана.

(24:19) Расында сондай мүміндердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге; дүние, ақыретте күйзелтуші азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер.

(24:20) Егер сендерге Алланың кеңшілігі, мәрхаметі болмаса. Рас Алла өте жұмсақ, ерекше мейірімді.

(24:21) Әй, қайсылары сенім артты! Шайтан гоэтиясына ермеңдер ал кім Шайтан гоэтиясына ерсе, сонда расында ол жексұрындық пен никрозға айналады. Ал егер сендерге Алланың мейірімділігі мен мейірімі болмаса, сендердің ешқайсыларың ешқашан тазартылмас еді. Алайда сол сияқты Алла кімді қаласа тазартады. Аллаһ - естуші, білуші.

(24:22) Сендерден кеңшілік, молшылыққа ие болғандар; жақындарына, міскіндерге, мұһажірлерге Алла жолында бермеуге ант етпесін. Ғапу етіп, кешірсін. Алланың сендерді жарылқауын жақсы көрмейсіңдер ме? Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(24:23) Расында абыройлы мүмін, ақ ниет әйелдерге жала қойғандар; дүние, ақыретте қарғалды. Әрі олар үшін ірі азап бар.

(24:24) Қиямет күні, оларға тілдері, қол-аяқтары не істегендеріне айғақ болады.

(24:25) Сол күні Алла, оларға лайықты жазасын толық береді. Сондай-ақ рас Алланың ашық шындық екенін олар біледі.

(24:26) Жаман әйелдер жаман еркектерге ал жаман еркектер жаман әйелдерге. Әдепті әйелдер әдепті еркектерге, ал әдепті еркектер әдепті әйелдер үшін. Олар (негізсіз) жала жабу үшін кінәлі болмайды. Олар үшін (сауап ретінде) - кешірім және асыл тағдыр.

(24:27) Әй мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша әрі үй иесіне сәлем бермейінше кірмеңдер. Бұл сендер үшін қайырлы. Әрине түсінерсіңдер.

(24:28) Егер үйде ешкім таппасаңдар, өздеріңе рұқсат бермейінше кірмеңдер. Егер сендерге: “Қайтыңдар” делінсе, онда қайтыңдар. Бұл сендер үшін жақсырақ. Алла не істегендеріңді жақсы біледі.

(24:29) Ішінде отырылмайтын, нәрселерің бар үйлерге кірулеріңнің оқасы жоқ. Алла көрнеулеріңді де көместеріңді де біледі.

(24:30) Мүміндерге айт: көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы.

(24:31) Мүмін әйелдерге де айт: “Көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар.

(24:32) Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші.

(24:33) Неке қыюы мүмкін емес деп тапқандар, Алла оларды Өз мейірімінен байытқанша әдептілік сақтасын. Егер сендер саналы түрде иемденіп алған құлдарыңыз төлем сомасының түбіртегін алғысы келсе, оларға осындай қолхат беріңіз. Егер олардан жақсы қасиеттерді тапсаң, Алланын саған берген мал-мүлкінен оларға сыйлық бер. Құлдарың әдепті болуды қаласа Банальды шындықтың тез бұзылатын ләззаттарына ие болу үшін, зина (Араб. الْبِغَاءِ, әл-биғай), жасауға мәжбүрлеменіз. Егер кімде-кім оларды осыған мәжбүрлейтін болса, Алла оларды мәжбүрлеулерінен кейін кешірімшіл, мейірімді болып шығады.

(24:34) Рас сендерге ап-ашық аяттарды әрі сендерден бұрынғы өткендерден мысал және тақуалар үшін насихат түсірдік.

(24:35) Алла көктер мен жердің нұры. Оның нұрының мысалы: Ішінде жарық бар қуыс сияқты. Жарық әйнектің ішінде. Ал әйнек; бейне інжудай бір жұлдыз. Шығыста батыста болмаған берекетті зәйтін майымен тамызылады. Тіпті от тимей-ақ оның майы жарық бергелі тұр. Нұр үстіне нұр. Алла қалаған кісісін өз нұрына бөлейді. Алла адамдарға өстіп мысал береді. Алла әр нәрсені толық білуші.

(24:39) Ал теріске шығарғандар , үшін амалдары - өзгермейтін зақым сияқты (шөл). Шөлдеген оны су санайды, ал оған келгенде, оның ештеңе емес екенін көреді де, алдынан Алланы табады, ол өзінен толық талап етеді. Расында, Алла есепте жылдам!

(24:37) Өздерін сауда-саттық; Алланың зікірінен, намазды орындаудан, зекет беруден тоспайтын адамдар бар. Олар, жүректер мен көздердің қозғалатын күнінен қорқады.

(24:38) Сондықтан Алла, оларға істегендерінің ең көркем сыйлығын тіпті өз қасынан артылтып береді. Алла қалаған құлын есепсіз несібеге бөлейді.

(24:39) Сондай қарсы болғандардың істері, шөлдегі сағым сияқты. Шөлдеген кісі оны су деп ойлайды. Ақыр оған барған сәтте, еш нәрсе таба алмайды. Жанында Алланы табады. Ол, оның есебін толық көреді. Алланың есебі, жылдам.

(24:40) Немесе олардың мысалы: Терең теңіздегі қараңғылық тәрізді. Толқын үстіне толқын, оның үстін бұлт қаптаған қараңғылықтар; бір-бірінің үстінде. Кісі қолын шығарса, оны көре алмайды. Алла жарық қылмаған біреудің жарығы болмайды.

(24:41) Көктер мен жердегі әркімнің әрі қатар-қатар ұшқан құстың Алланы дәріптегенін көрмейсің бе? Барлығы өзіне тән намазын, тәсбихын біледі. Алла олардың істегенін толық біледі.

(24:42) Көктер мен жердің меңгеруі Аллаға тән. Және қайтар жер де Алла жақ.

(24:43) Көрмейсің бе? Рас Алла, бұлттарды айдайды. Сосын оның араларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып, әкетеді. Найзағайдың жарқылы; көздерді әкете жаздайды.

(24:44) Алла; күндізбен, түнді ауыстырады. Рас бұнда, қырағылар үшін әрине ғибрат бар.

(24:45) Алла әр жандықты судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші.

(24:46) Расында ашық баян етуші аяттарды түсірдік. Сондай-ақ Алла қалағанын тура жолға салады.

(24:47) Олар: “Аллаға, Елшіге иман келтірдік, бой ұсындық” дейді де, сосын одан кейін олардан бір бөлімі жалтарады. Міне солар иман келтірмегендер.

(24:48) Қашан олар, араларына үкім беру үшін Аллаға, елшісіне шақырылса, сол уақытта олардың бір бөлімі бас тартады.

(24:49) Егер оларға бір тиесі болатын болса, оған бой ұсынған түрде келеді.

(24:50) Олардың жүректерінде дерті бар ма? Немесе күдіктенуде ме? Не өздеріне Алла, елшісі әділетсіздік істейді деп, қорқа ма? Олай емес. Олардың өздері залым.

(24:51) Шын мәнінде мүміндер, араларына үкім беруге Аллаға және елшісіне шақырылғанда, олардың сөздері: “Естідік, бой ұсындық” деу болады. Міне бұлар құтылушылар.

(24:52) Кімде-кім Аллаға, елшісіне бағынса, сондай-ақ Алладан қорқып, сақтанса, міне солар, қолы жеткендер.

(24:53) “Егер әмір етсең әлбетте шығамыз” деп Аллаға шынайы ант ішеді. Оларға: “Ант ішпеңдер! Бағынғандарың мәлім. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі” де.

(24:54) “Аллаға, Елшіге бағын” де. Егер бағынудан бет бұрсаңдар, шын мәнінде ол өзіне жүктелгенге, сендер өздеріңе жүктелгенге міндеттісіңдер. Ал егер оған бой ұсынсаңдар, тура жол табасыңдар. Сондай-ақ Елшіге ашық түрде жеткізу ғана міндет.

(24:55) Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге; өздерінен бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уәде етті. Сондай-ақ олар үшін өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін бейбітшілікке айналдырады. Олар, Маған құлшылық қылады. Маған еш нәрсені серік қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне солар, бұзақылар.

(24:56) Намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Әрі Елшіге бой ұсыныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер.

(24:57) Сондай қарсы келгендер, жер жүзінде бізді әлсіретті деп, ойлама! Олардың орны тозақ, нендей жаман орын!

(24:58) Әй мүміндер! Меншіктеріңдегі құл-күңдер, әлі ержетпеген балаларың, осы үш мезгілде рұқсат сұрап кірсін: Таң намазының алдында, түсте киімдеріңді шешкен уақытта және құптан намазынан кейін. Сендер үшін осы үшеуі ұялатын мезгіл. Бұлардан кейін сендерге де оларға да айып емес. Өйткені, сендер бір-біріңе кіріп, шығуларыңа керексіңдер. Осылайша Алла, сендерге аяттарын баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.

(24:59) Ержеткен балаларың, бұрынғылар рұқсат сұрағандай рұқсат сұрап кірсін. Осылайша сендерге Алла аяттарын ашық баян етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі.

(24:60) Некеленуден күдер үзіп, үйде отырған кемпірлердің зейнеттерін ашпай сырт киімдерін шешулері айып емес. Егер бұдан да сақтанса, олар үшін тағы жақсы. Алла толық естуші, әр нәрсені білуші.

(24:61) Соқырға кінә жоқ, ақсаққа кінә жоқ, ауруға да кінә жоқ. Сондай-ақ сендерге өз үйлеріңнен не әкелеріңнің үйлерінен, я шешелеріңнің үйлерінен, я аға-інілеріңнің үйлерінен, я әпке-қарындастарыңның үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан көкелеріңнің үйлерінен, я әкелеріңмен туысқан апайларыңның үйлерінен, я нағашы ағаларыңның үйлерінен, я нағашы апайларыңның үйлерінен, немесе кілттеріне ие болған не достарыңның үйлерінен тамақ жеулеріңде айып жоқ. Сондай-ақ бірлікте не жеке-жеке жеулерің айып емес. Қашан үйлерге кірсеңдер, өздеріңе Алла тарапынан көркем берекет тіршілігін тілеп, сәлем беріңдер! Осылайша Алла, сендерге аяттарын ашық баян етеді. Әрине түсінерсіндер.

(24:62) Расында, мүміндер, олар иман (артады) Аллаһқа және Оның елшісіне. Және қашан олар онымен ортақ істерде боған кезде, рұқсат сұрамайынша (жиналыстан) шықпайды. Өйткені сенен рұқсат (сұрағандар) - бұл олардың Аллаға және Оның елшісіне (көрінетін) сенімдері. Қашан олар кейбір жағдайдайлары үшін сенен разылығыңды (сұраса), олардың ішінен қалағандарыңды разы қыл, және олар үшін Алладан кешірім (сұра). Өйткені Алла - кешірімді, мейірімді.

(24:63) Елшінің шақыруын өзара бір-біріңді шақыруға ұқсатпаңдар! Рас Алла, сендерден ептеп, далдаланып шығып кететіндерді біледі. Сондықтан оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын.

(24:64) Естеріңде болсын! Көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Расында Ол, сендердің неменеде болғандарыңды біледі. Сондай-ақ олар, өз жағына қайтқан күні, оларға, не істегенін білдіреді. Алла барлық нәрсені толық біледі.