Нәмл сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(27:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(27:1) Ta. Син. Бұл Құранның белгілері және анық жазбалары,

(27:2) Хидаят және сенімгерлер үшін сүйінші хабар,

(27:3) Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ақыретке нақ сенеді.

(27:4) Рас ақыретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді.

(27:5) Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ақыретте де өздері зиянда болады. https://kk.wikiquran.info/index.php?title=%D0%9D%D3%99%D0%BC%D0%BB_%D1%81%D2%AF%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%96&action=edit

(27:6) Рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың.

(27:7) Сол уақытта, Мұса жұбайына: “Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін” деді.

(27:8) Ол, сол араға келген сәтте: “Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк” деп дабысталды.

(27:9) “Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын.”

(27:10) “Таяғынды таста!” Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бұрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. “Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда елшілер қорықпайды.”

(27:11) “Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандықтан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін.”

(27:12) “Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел.”

(27:13) Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: “Бұл ашық жады” деді.

(27:14) Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр!

(27:15) Расында Дәуіт пен Сүлейменге - білім бердік, олар: Бізді көптеген мүмін құлдарынан артық еткен Аллаға мақтау болсын, деді.

(27:16) Сүлеймен, Дәуітке мұрагер болды да: “Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық.”

(27:17) Сүлейменнің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.

(27:18) Ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырсқа: “Әй құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып кетпесін” деді.

(27:19) Сонда құмырсқаның сөзінен жылмыйып күлді де: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!",- деді.

(27:20) Құстарды түгендеді де: “Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?”,- деді.

(27:21) “Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін.”

(27:22) Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: “Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім.” деді.

(27:23) “Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар.”

(27:24) Мен оның өз адамдарымен (бірге) Алладан басқа күнге ғибадат ететінін білдім. Шайтан оларға амалдарын көркемдеп, жолдан тайдырды, және олар тура жолға (түспейді).

(27:25) Олар аспан және жердегі жасырын нәрселерді ашатын, жасырғандарыңды да, жария еткендеріңді де білетін Аллаға неге құлшылық қылмасқа?

(27:26) “Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ.”

(27:27) “Шын айттық па? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз” деді.

(27:28) “Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?”

(27:29) “Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды” деді.

(27:30) Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен».

(27:31) “Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынған түрде келіңдер!”.

(27:32) “Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын” деді.

(27:33) Олар: “Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!”,- десті.

(27:34) “Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді” деді.

(27:35) “Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін.”

(27:36) Сүлейменге келген сәтте: “Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар” деді.

(27:37) “Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады.”

(27:38) “Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тақтын маған қайсың әкелесіңдер?”,- деді.

(27:39) Жындардан бір ғыприт: “Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін” деді.

(27:40) Ал Сервер ішінен мәлімет алған (адам) (қолжетімділігі бар): «Мен оны әкелемін және көзді ашып жұмғанша сендерге беремін» - деді. Ол оның алдынан орнатқанын көргенде, сөйледі: «Бұл Раббымның рахымынан мені шүкр етем бе, әлде жоққа шығарамын ба, сынау үшін. Кім шүкір етсе, сол өзіне шүкір (етеді). Ал кім күпірлік етсе, әрине менің Раббым Бай, Асыл».

(27:41) Ол сөйлейді: "Оның құрылымын (оны танымауы үшін) жібер, сонда оның тура жолды ұстанғанын көреміз, әлде тура жолға түспейтіндерден (бола ма), (соны) көреміз (Нұсқауға)».

(27:42) Былқыс келгенде: “Тағың осындай ма еді?”,-делінді. Ол: “Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынған едік” деді.

(27:43) Оған Алладан басқа құлшылық етулері кедергі болды, өйткені ол теріске шығарушы халықпен болды.

(27:44) Ол деді: "Храмға кір!" деп айтылды. Осылайша (кірген), оны көргенде ол оны (жаттығуда) деп санады - және екі жақтылығын тастады. Ол: «Расында, бұл шебер (тұрғызылған), ғибадатхана» деді. Ол: «Уа Раббым! Мен өзіме әділетсіздік (жасадым). Мен Сүлейменмен - бірге білушілер Раббым Аллаға, бағынамын».

(27:45) Расында Сәмүд еліне: “Аллаға құлшылық қылыңдар” туыстары Салихты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты.

(27:46) “Әй елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер” деді.

(27:47) Олар: “Біз, сен және сенімен бірге болғандардың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық” деді. “Сәтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер” деді.

(27:48) Қалада тоғыз әулет басшылары болды, олар жер бетінде фитна (таратып), жақсылық (істемеді).

(27:49) Солар Алланың атымен анттасып: “Салихты семьясымен түнде жоқ етіп, сосын жақындарына: “Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз біз анық шын айтамыз дейік.”,- десті.

(27:50) Олар сондай айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген жерден шарасын көрдік.

(27:51) Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік.

(27:52) Міне олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері, білген елге бір ғибрат.

(27:53) Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық.

(27:54) Лұтты да жібердік. Сол уақытта еліне: “Сендер көре тұра арсыздық істейсіңдер ме?”,- деді.

(27:55) “Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып, келесіңдер ме? Әрине сендер надан елсіңдер!”

(27:56) Сонда елінің жауабы: “Лұттың семьясын кенттен шығарыңдар. Өйткені олар, тазасынған кісілер” деу ғана болды.

(27:57) Сонымен, әйелін қоспағанда, оны және оның отбасын құтқардық. Біз оны (әйелін) артта қалғандардың қатарына (болуды) жаздық.

(27:58) Оларға қатты жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жауыны нендей жаман!

(27:59) “Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?”,- деп сұра!

(27:60) Көктер мен Жерді жаратып, сендерге көктен жаңбыр жаудырған кім? Ол арқылы Біз әдемі дендробақтарды өсірдік. Сендер оларда ағаштар өсіре алмайсыз. Және Алла-мен бірге (басқа) тәңір бар ма? Жоқ, олар (Аллаһқа) тең адамдар.

(27:61) Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаған және екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алла мен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді.

(27:62) Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер.

(27:63) Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары.

(27:64) Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кіи? Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? “Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер” де.

(27:65) “Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді” де.

(27:66) Олардың ақырет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлде соқыр.

(27:67) Сондай қарсы келгендер: “Біз де, аталарымыз да топырақ болғаннан кейін шығарыламыз ба?”,- деді.

(27:68) “Расында осы құқай бізге де бұрынғы аталарымызға да жасалды. Негізінде бұл бұрынғылардың аңызынан басқа еш нәрсе емес.”

(27:69) Айт: Жер бетін аралаңдар да, қылмыскерлердің соңы не болғанын көріңдер.

(27:70) “Оларға күйінбе де олардың айлакерліктеріне тарылма.”

(27:71) “Егер шын айтушы болсаңдар, бұл уәде қашан?”,- дейді.

(27:72) Оларға: “Асығып тілеген азаптарыңның кейі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін” де.

(27:73) Күдіксіз Раббың, әлбетте адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір қылмайды.

(27:74) Сөз жоқ, Раббың әлбетте олардың көңілдеріндегіні де көрнеуге шығарғандарын да біледі.

(27:75) (Бүкіл) Әлемде және жер бетінде негізгі Серверде болмайтын құпия жоқ болып (табылады).

(27:76) Расында, осы Құран Израиль Ұлдары үшін келіспейтін нәрселерінің (көбін) толықтырады.

(27:77) Сондай-ақ, бұл сенім білдірушілер үшін тура жол және рахым.

(27:78) Расында Раббың олардың араларына үкім етеді. Ол өте үстем, тым білуші.

(27:79) Онда Аллаға тәуекел қыл. Өйткені, сен ап-ашық бір шындық үстіндесің.

(27:80) Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың.

(27:81) Сен соқырларды адасушылықтарынан шығара алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп мойынсұнғандарды ғана (ести) аласың.

(27:82) Оларға айтылған бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, Оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады…

(27:83) Ол күні, әр үмметтен аяттарымызды жасынға айналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тостырылады.

(27:84) Олар түгел келген шақта: “Аяттарымды толық білмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?”,- дер.

(27:85) Зұлымдықтары себепті оларға айтылған сөз бастарына келді. Сонда олар сөйлей алмайды.

(27:86) Олар, ішінде тынықсын деп, түнді және көрілетін күндізді жаратқанымызды көрмей ме? Сенетін ел үшін мұнда өнеге бар.

(27:87) Сүр үрілген күні, Алла қалаған біреулерден басқа; көктерде болғандар да жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы Алланың алдына сүмірейіп келеді.

(27:88) Тауларды көріп, табжылмай тұр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. Бұл әр нәрсені берік жасаған Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі.

(27:89) Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады.

(27:90) Ал кім бір жамандық келтірсе, олар тозаққа етбетінен тасталады да: “Жә, сендер істеген істеріңнің ғана сазайын тартасыңдар”.

(27:91) “Шын мәнінде мен әр нәрсенің иесі, осы құрметті қаланың Раббына құлшылық қылуға, сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым.”

(27:92) “Және де Құран оқуға бұйырылдым”. Енді кім тура жолда болса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: “Шынында мен ескертушілерден ғанамын” де.

(27:93) “Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды танисыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес” де.