Рахман сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(55:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(55:1) Аса қамқор Алла.

(55:2) Құранды үйретті.

(55:3) Адамзатты жаратты.

(55:4) Оған сөйлеуді үйретті.

(55:5) Күн мен ай есеппен жүреді.

(55:6) Жұлдыздар мен ағаштар сәжде етеді.

(55:7) Ол, аспанды биіктетіп, оған тең бір өлшеу қойды.

(55:8) Өлшеуде шектен шықпаңдар.

(55:9) Сондай-ақ тартуды әділетпен орындаңдар, таразыда кемітпеңдер.

(55:10) Алла, жерді жәндіктер үшін жасады.

(55:11) Жерде жемістер және шоқты құрмалар бар.

(55:12) Онда қабықты ұрық және аңқыған өсімдіктер өседі.

(55:13) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:14) Ол, адамзатты құмырадай сыңырлаған құрғақ топырақтан жаратты.

(55:15) Жындарды оттың жалынынан жаратты.

(55:16) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер.

(55:17) Ол, (жазғы-қысқы) екі шығыстың Раббы, әрі екі күн батыстың Раббы.

(55:18) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:19) Ағызған екі теңіз қосылады.

(55:20) Екі арасында бөгет бар. Бір-біріне араласпайды.

(55:21) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін жасынға айналдырасыңдар?

(55:22) Екі теңізден де інжу-маржан шығады.

(55:23) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:24) Теңізде таулар құсап жүрген кемелер Оған тән.

(55:25) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:26) Бүкіл жер жүзіндегілер түгейді.

(55:27) Ұлы дәрежеге ие әрі жомарт Раббың өзі ғана қалады.

(55:28) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:29) Көктердегі әрі жердегі әркім Одан сұрайды, Ол, әр күні шұғылдануда.

(55:30) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:31) Әй екі топ! Есептеріңді көреміз.

(55:32) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:33) Әй жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар.

(55:34) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:35) Сендерге түтінсіз жалын, отсыз түтін жіберіледі. Өздеріңді құтқара алмайсыңдар.

(55:36) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:37) Көк жарылып, майдай еріп, гүлдей қызарған кезде.

(55:38) Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:39) Сонда ол күні, адамзат пен жындар күнәсынан сұралмайды.

(55:40) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:41) Күнәкарлар кескіндерінен танылады да кекілдері мен аяқтарынан ұсталады.

(55:42) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:43) Міне осы күнәкарлардың жасынға шығарған тозағы.

(55:44) Олар тозақ пен қайнар судың арасында айналып жүреді.

(55:45) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:46) Раббының құзырына шығудан қорыққан кісіге екі пейіш бар.

(55:47) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:48) Екеуі де түрлі жемісті.

(55:49) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:50) Ол екеуінде ағатын екі бұлақ бар.

(55:51) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:52) Ол екеуінде жемістер пар-парымен.

(55:53) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:54) Олар астары қалың жібек төсектерге сүйеніп отырады. Екі бақшаның жемістері жақын тұрады.

(55:55) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:56) Пейіштерде өз ерлеріне телмірген сондай-ақ өздеріне олардан бұрын адамдар да жындар да соқтықпаған жұбайлар бар.

(55:57) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:58) Ол жұбайлар; жақұт, маржан сияқты.

(55:59) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:60) Жақсылықтың сыйлығы жақсылық қана.

(55:61) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:62) Бұл екі бақшадан өзге бақша бар.

(55:63) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:64) Екеуі де жап-жасыл.

(55:65) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:66) Екі бақшада атылып қайнаған екі бастау бар.

(55:67) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:68) Ол екі бақша да түрлі жемістер және құрма, анар бар.

(55:69) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:70) Ол жұмақтарда көркем мінезді, сұлу жұбайлар бар.

(55:71) Ендеше Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:72) Шатырларда тұратын хұрлар бар.

(55:73) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:74) Ол хұрларға олардан бұрын адамдар да, жындар да жуымаған.

(55:75) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:76) Пейіштегілер, жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады.

(55:77) Ендеше, Раббыларыңның қай нығметтерін өтірік дейсіңдер?

(55:78) Аса ардақты, жомарт Раббыңның аты өте жоғары.