Рум сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(30:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен!

(30:1) Әліф, Ләм, Мим

(30:2) Рұм жеңілді.

(30:3) Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады.

(30:4) Бірнеше жылдан кейін. Аллаһ бұған дейін де шешім шығарған, одан кейін де шешім қабылдайды. Ол сол күні мүміндер Алланың жәрдеміне, қуанады.

(30:5) Кімге қаласа соған көмектеседі. Ол Құдіретті, Мейірімді. Алланың уәдесі!

(30:6) Алланың уәдесі! Алла уәдесін бұзбайды, бірақ адамдардың көбі білімі (жоқ).

(30:7) Олар дүние тіршілігінен көрініп тұрғанын біледі де өздері ақыреттен кәперсіз.

(30:8) Неліктен олар өздері (өзін-өзі) бақыламайды? Алла Аспан мен Жерді және олардың арасындағыларды Хақпен және (тек) белгілі бір уақытқа дейін жаратты. Бірақ адамдардың көпшілігі Раббыларымен кездесуден бұрын, шектен (шыққан).

(30:9) Олар жер жүзінде кезіп, өздеріне бұрынғылардың соңының не болғанын көрмей ме? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.

(30:10) Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылғандықтары үшін жаман болды.

(30:11) Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар.

(30:12) Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді.

(30:13) Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады.

(30:14) Қиямет-қайым болған күні, сол күні айрылады.

(30:15) Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады.

(30:16) Ал енді сондай қарсы келіп, ақыретте Маған жолығуды жасынға шығарғандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады.

(30:17) Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер.

(30:18) Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық.

(30:19) Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де шығарыласыңдар.

(30:20) Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, тарқаласыңдар.

(30:21) Оның белгілерінен сендерге олармен бейбітшілік (тауып), өзара түсіністік пен мейірімділік орнату үшін өздерінен жұбайлар жаратуы. Расында, бұнда аллегориялық (ойлайтын) адамдар үшін белгілер бар.

(30:22) Сондай-ақ Көктер мен Жердің жаратылуы, тілдерің және (теріңіздің) түсі арасындағы айырмашылығы Оның белгілерінен. Расында, бұл жерде - білетіндер үшін белгілер (бар).

(30:23) Күндіз-түнде ұйықтауларың, сондай-ақ Алланың кеңшілігін іздеулерін де, Оның белгілерінен. Күдіксіз бұларда тыңдаған қауым үшін белгілер бар.

(30:24) Оның белгілерінен сендерге қорқытатын және үміт (беретін) найзағайды көрсетуі, сондай-ақ аспаннан су жаудырып, онымен өлгеннен кейін жер тірілтуі. Расында, бұл белгілер ақылын (пайдаланатын) адамдар үшін бар.

(30:25) Көк пен жердің Оның әмірінде тұруы да Оның белгілерінен. Сосын сендерді жерден бір шақырумен шақырған сәтте, дереу сендер шыға келесіңдер.

(30:26) Көктер мен жердегі әркім Онікі. Тұтас Оған бой ұсынады.

(30:27) Сол, сондай жоқтан бар етіп, сосын қайта жаратады. Бұл Оған оңай. Әрі көктер мен жердегі жоғары сипат Оған тән. Ол өте үстем, хикмет иесі.

(30:28) Ол, сендерге өздеріңнен мысал келтіреді: Сендерге Біз берген несібе де қол астарыңдағы құлдар да сендер мен тең ортақ болып, олардан өздеріңнен жасқанғандай жасқанасыңдар ма? Осылайша аяттарымызды ақыл жұмсаған елге егжей-тегжейлі баян етеміз.

(30:29) Әрине залымдар, білмесе де көңілдері тартқан жаққа кеткен. Алла адастырған кісіге кім тура жол көрсетеді. Сондай-ақ оларға ешбір жәрдемші жоқ.

(30:30) Бәрінен бет бұрып, жүзінді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланың жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі түсінбейді.

(30:31) Аллаға бой ұсынған түрде Одан қорқа отырып, намазды орындаңдар. Әрі ортақ қосушылардан болмаңдар.

(30:32) Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларына мәз болғандар.

(30:33) Қашан адам баласына бір бейнет жетсе, олар Раббыларына ықыласпен жалбарынады. Сосын Алла, қашан оған өз тарапынан бір мәрхамет таттырса, сонда олардың кейбіреулері, Раббыларына ортақ қосады.

(30:34) Бұны, оларға берген несібемізге нәсүкірлік ету үшін істейді. Я енді пайдалана тұрыңдар, таяуда түсінерсіңдер.

(30:35) Немесе оларға, Аллаға ортақ қатуларын айтатын бір дәлел түсірдік пе?

(30:36) Қашан адам баласына бір жақсылық татырсақ; сонда ол, оған мәз болады да егер өздерінің қолекі істегендерінің салдарынан бір жамандық келсе, сонда олар күдер үзеді.

(30:37) Расында Алла қалаған құлына несібесін кеңітіп, тарайтқанын көрмей ме? Күдіксіз бұнда сенген қауымға белгілер бар.

(30:38) Ендеше жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға хақысын бер. Алланың ризалығын көксегендер үшін осы жақсы. Міне солар құтылушылар.

(30:39) Бұл процесте арттыру үшін инвестициялау капиталдары (пайдалану), еңбек адамдары, Алланың (алдында) артпайды. Бірақ зекетке инвестициялау, Алланың жүзіне талпыну, Ол оны көбейеді.

(30:40) Ол Алла, сендерді жаратып, сосын ризық береді, одан кейін өлтіреді, соңыра тірілтеді. Ал сендердің Аллаға қосқан ортақтарыңнан, осылардан бір нәрсе істейтін кім? Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк әрі жоғары.

(30:41) Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын татыру үшін құрылықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар.

(30:42) “Жер жүзінде кезіңдер де бұрынғылардың соңы не болды көріңдер” де. Олардың көбі Аллаға серік қосушы еді.

(30:43) Алладан тойтарылмайтын күн келуден бұрын жүзіңді тұп-тура дінге жөнелтіп, мықты тұр. Ол күні олар айрылады.

(30:44) Кім қарсы болса, қарсылығы өзіне. Ал және кім түзу іс істесе, сонда ол өзі үшін рахат орын әзірлеген болды;

(30:45) Өстіп Алла иман келтіріп, түзу іс істегендерге өз кеңшілігінен сыйлық береді. Рас Ол, қарсы келгендерді жақсы көрмейді.

(30:46) Сендерге игілік татыру үшін қуантушы самалдар жіберуі, кеңшілігінен несібе іздеулерің үшін өз әмірімен кемені жүргізуі Оның белгілерінен. Әрине шүкір етерсіңдер.

(30:47) Әрине сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер жібердік; Оларға дәлелдер келтірді. Сонда олардың күнәкарларының сазайын тарттырдық. Сондай-ақ мүміндерге жәрдем ету бізге міндет.

(30:48) Ол сондай Алла, желдерді жібереді де бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді. Сонда оның араларынан жаңбырдың шыққанын көресің. Сонда ол, жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді. Сол уақытта олар қуанышқа ие болады.

(30:49) Негізінен олар өздеріне жаңбыр келуден бұрын әлде қашан күдер үзген болатын.

(30:50) Алланың рахметінің әсерлеріне қара. Жер жүзі өлгеннен кейін оны қалай жандандырды. Рас Ол, өлілерді тірілтеді, Оның әр нәрсеге күші толық жетеді.

(30:51) Әлбетте бір жел жіберсек те сонда егіннің сарғайғанын көрсе, әрине олар, одан кейін қарсы шығады.

(30:52) Рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың.

(30:53) Соқырды да адасқан жағынан тура жолға сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұсынған кісілерге ғана естірте аласың.

(30:54) Ол сондай Алла; сендерді әлсіз жаратып, сосын әлсіздіктен кейін күш беріп, сосын күштен кейін нашарлатып, кәртейтті. Ол, қалағанын жаратады. Сондай-ақ Ол, аса естуші, тым күшті.

(30:55) Қиямет-қайым болатын күні, күнәкарлар, бір сағаттан басқа тұрмадық деп, ант ішеді. Осылайша олар, адасқан еді.

(30:56) Cондай - ақ ғылым мен иман берілгендер: «Алланың әмірімен Қиямет күніне дейін сонда тұрыңдар», дейді. Бұл Қиямет күні, бірақ сен оны білмедің.

(30:57) Енді сол күні, зұлымдық қылғандардың сылтаулары пайда бермейді. Олардан бір игілікте күтілмейді.

(30:58) Расында бұл Құранда адам баласы үшін әр түрлі мысал бердік. Оларға бір белгі келтірсең де қарсы келгендер: “Сендер бұзушы ғанасыңдар” дейді.

(30:59) Осылайша Алла, білмегендердің жүректерін бітейді.

(30:60) Енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Сенбегендер сені оңай көрмесін.