Сад сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(38:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(38:1) Бақ.

(38:2) Ал, Методологияны жеткізуші Құран! Қайсылары, жоққа шығарушылар тәкәппарлық көрсетеді, сондықтан олар (болады) дисфункцияда.

(38:3) Олардан бұрын қаншалаған нәсілді жоқ еттік. Сонда олар ойбайлады да; бірақ құтылар заман емес еді.

(38:4) Олар өздерінен бір ескертуші келгеніне таңырқады да қарсы болғандар: “Бұл бір сиқыршы, барып тұрған суайт” деді.

(38:5) “Тәңірлерді бір-ақ тәңір қыла ма? Әрине бұл тым таңғажайып нәрсе.”

(38:6) Олардың арасынан шыққан Дінбасылары, (отарға айтады): «Барындар да, тәңірлеріңе сабыр (етіңдер). Расында, бұнда қандай да - бір (мұңай) ниет бар.

(38:7) “Тіпті бұны біз өзге дінде естіген емеспіз. Бұл мүлде бір жасанды жол.”

(38:8) “Арамыздан осыған ғана үгіт түсірілді ме?" Олай емес, олар Менің үгітімнен күдіктенуде. Әрине олар азабымды татқан жоқ.

(38:9) Немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңның мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма?

(38:10) Не көктер мен жердің әрі арасындағылардың билігі олардікі ме? Ендеше, ыңғайын тауып, көтеріліп көрсін.

(38:11) Әскердің онда жеңілуі топтардың ішінде.

(38:12) Олардан бұрын Нүх, Ғад елі және салтанат иесі Перғауын да жасынға шығарған еді.

(38:13) Сондай-ақ Сәмүд, Лұт және Әйке халқы да. Міне осы топтар:

(38:14) Барлығы да Елшілерді жасынға шығарғандықтарынан, азап лайық болды.

(38:15) Ал енді бұлар да тоқтаусыз бір ғана ащы дауысты күтеді.

(38:16) Олар: “Раббымыз, есеп күнінен бұрын көресімізді тез көрсет” десті.

(38:17) Олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуітті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы.

(38:18) Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді.

(38:19) Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптеуші еді.

(38:20) Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік.

(38:21) Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді.

(38:22) Олар Дәуітке кіргенде, ол олардан қорықты. Олар: «Қорықпа, екеуіміз соттаспыз. Біреуіміз (істегеніміз) екіншісіне қатысты лайықты емеспіз. Арамызда үкім ет, ақиқатты (табу үшін), күпірлік (көрсетпе), және бізді екі жаққа да қолайлы шешімге жетеле.

(38:23) “Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, “Оны маған тапсыр” деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.”

(38:24) Дәуіт: “Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай” деді. Дәуіт шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды.

(38:25) Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындығы, көркем келешегі бар.

(38:26) Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына ақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар.

(38:27) Біз Ғаламды, жерді және олардың арасындағыларды, мақсатсыз жаратпадық. Бұл жоққа шығарушылардың жорамалдары. Олай болса, Отынан жоққа шығарғандарға қасірет!

(38:28) Немесе иман келтіріп, ізгі іс істегендерді, жер жүзіндегі бұзақылардай қыламыз ба?

(38:29) Бұл аяттарды зерттеулері үшін ақыл иелері еске түсулерің үшін саған түсірген берекелі Кітап.

(38:30) Дәуітке Сүлейменді бердік. Ол не деген жақсы құл еді. Рас ол өте бағынышты.

(38:31) Сол уақытта бір кеште Сүлейменге сәйгүлік жүйріктер келтірілді

(38:32) “Сөз жоқ, мен Раббымды еске алу үшін атты өте жақсы көремін” деді. Ақыр тұлпарлар көзден ғайып болған сәтте:

(38:33) “Оны маған қайтарып әкеліңдер” сонда аяқтарын, мойындарын сипай бастады.

(38:34) Расында Сүлейменді сынап тағының үстіне бір дене қойдық. Сосын ол, тәубе қылды.

(38:35) Ол деді: «Уа,Раббым! Мені, кешір және маған (сондай) билік бер, менен кейін ешкімге берілмейтіндей. Расында, Сен Берушісің».

(38:36) Содан кейін Біз оған әмірімен (кемелерде), мұқият қозғалатын желді қай жерге соқса да,

(38:37) Сондай-ақ шайтандарды - ​​әр түрлі құрылысшыларды, сүңгуірлерді

(38:38) Және шынжырланған басқаларды, басқаруға (бердік).

(38:39) “Бұл Біздің бергеніміз. Ал енді қалағаныңа бер. Немесе бермей ұстап тұр, есеп емес.”

(38:40) Күдіксіз ол үшін қасымызда жақындық әрі көркем келешегі бар.

(38:41) Құлымыз Айюбты есіңе ал. Сол уақытта Раббына: “Рас мені шайтан бейнет және қинауға ұшыратты” деп жалбарынды.

(38:42) Оған: “Аяғыңмен жерді теп. Міне саған шомылатын әрі ішетін суық су”.

(38:43) Бізден бір мәрхамет сондай-ақ ақыл иелеріне бір үгіт түрінде оған семьясын; олармен бірге бір есе артығымен бердік.

(38:44) “Қолыңа бір топ ши алып, сонымен бір ұр. Сертіңнен қайтпа!” Шынында оны сабырлы көрдік. Ол не деген жақсы құл. Өйткені ол, өте бой ұсынушы.

(38:45) Құлымыз Ыбырайым, Ысхақ және Яғқұпты есіңе ал. Олар мықты да қырағы еді.

(38:46) Расында Біз оларды нағыз ақыретті еске алуға арнадық.

(38:47) Сөз жоқ, олар, қасымызда таңдаулы игі-жақсылардан.

(38:48) Исмайыл, Ілияс және Зүлкәфілді де есіңе ал. Барлығы жақсылардан еді.

(38:49) Бұл бір насихат. Күдіксіз тақуалар үшін тым көркем келешек бар.

(38:50) Олар үшін есіктері ашық Ғадын жаннаттары бар

(38:51) Олар онда жастанып отырады. Ол жерде мол жемістер, сусындар тілейді.

(38:52) Олардың қасында телмірген жасыт қор қыздары бар.

(38:53) Есеп күні үшін сендерге уәде етілгендер осы.

(38:54) Сөзсіз, таусылмас берген несібеміз осы;

(38:55) Я, осы! Ал расында азғындар үшін жаман орын бар:

(38:56) Олардың кірер жерлері тозақ. Сонда нендей жаман орын;

(38:57) Я, осы! Енді олар, қайнар су, ірің татсын!

(38:58) Тағы басқа осы сияқтылардың неше түрлісі бар.

(38:59) “Мына топ, сендермен бірге тозаққа кірушілер. Оларға жақсылық жоқ. Олар тозаққа кіреді”.

(38:60) Олар: “Олай емес, сендерге жақсылық болмасын! Бұны бізге сендер келтірдіңдер. Нендей жаман орын”.

(38:61) Олар: “Раббымыз! Бізге бұны кім келтірген болса, оның тозақтағы азабын неше есе арттыра түс!”,- дейді.

(38:62) Олар: “Бізге не болды? Өздерін жамандардан санаған адамдарды көрмейміз ғой” деседі.

(38:63) “Оларды сықаққа алушы едік. Немесе олар көздерімізге түспей ме?”

(38:64) Күдіксіз, міне осы; тозақтықтардың тартысулары бір шындық.

(38:65) Оларға: “Шын мәнінде мен бір ескертуші ғанамын. Өте өктем бір Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” де.

(38:66) “Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы…”

(38:67) “Бұл бір ірі хабар” де:

(38:68) “Сендер Одан бет бұрсаңдар.”

(38:69) “Жоғары әлемдегілердің тартыспаларынан мәліметім жоқ еді.”

(38:70) “Шын мәнінде ашық бір ескертуші болғандығынан ғана маған уахи етілуде”.

(38:71) Сол уақытта Раббың, періштелерге: “Мен балшықтан бір адам жаратамын” деген.

(38:72) “Қашан оны жасап, оған рухымнан үрлеген сәтте, оған сәждеге жығылыңдар”.

(38:73) Сонда періштелердің бәрі түгел сәжде қылды.

(38:74) Бірақ Ібіліс сәжде етпей тәкаппарланып, қарсылардан болды.

(38:75) “Әй Ібіліс! Құдырет қолыммен жаратқаныма сәжде етуден сені не тосты? Тәкаппарландың ба?”,- деді.

(38:76) Ол: “Мен одан артықпын. Өйткені, мені оттан жараттың да, оны топырақтан жараттың” деді.

(38:77) “Дереу ол жерден шық. Шын мәнінде сен рахметімнен қуылдың” деді.

(38:78) “Шынында қиямет күніне дейін лағынетім саған болсын.”

(38:79) Ол: “Раббым, онда қайта тірілетін күнге дейін маған мұрса бер” деді.

(38:80) “Рас сен мұрса берілгендерденсің!”

(38:81) “Белгілі бір күнге дейін.”

(38:82) (Ібіліс) деді: «Сенің Құдіретіңмен (ант) етемін! Мен олардың барлығын міндетті түрде адастырамын,

(38:83) “Бірақ олардан ықыласты құлдарың ғана қалады.”

(38:84) “Ақиқат осы. Мен ақиқатты айтамын.”

(38:85) “Әлбетте тозақты сеніменен және саған ілескендермен, солардың барлығымен толтырамын.”

(38:86) Оларға: “Сендерден оған ақы сұрамаймын. Өз ойымнан шығарушылардан емеспін” де.

(38:87) “Бұл Құран бүкіл әлем үшін бір насихат!”.

(38:88) “Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер.”