Саффат сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(37:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(37:1) Сап-сап тұрушыларға серт,

(37:2) Айдаған сайын айдаушыларға серт,

(37:3) Ескертуді оқушыларға серт.

(37:4) Тәңірлерің біреу.

(37:5) Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы.

(37:6) Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік.

(37:7) Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық.

(37:8) Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады.

(37:9) Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар.

(37:10) Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды.

(37:11) Енді олардан сұра: “Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды бір жабысқақ балшықтан жараттық.

(37:12) Әрине таңырқадың, олар мазақтайды.

(37:13) Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді.

(37:14) Бір мұғжиза көрсе, олар тәлкек қылады.

(37:15) “Бұл мүлде ашық жады” деседі.

(37:16) “Біз өліп топырақ және сүйектер болған кезде, рас тірілтілеміз бе?”

(37:17) “Әуелгі аталарымыз да ма?”,- дер.

(37:18) “Әрине сендер қор боп тірілесіңдер” де.

(37:19) Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады.

(37:20) “Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!”,- деседі.

(37:21) “Бұл сендер жасынға шығарған билік күні!”

(37:22) “Жинаңдар! Ол залымдарды да, сыбайластарын да олардың табынғандарын да.”

(37:23) “Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер;”

(37:24) “Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады”.

(37:25) Оларға: “Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?”.

(37:26) Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар.

(37:27) Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады.

(37:28) “Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер” дейді.

(37:29) Олар: “Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер” дейді.

(37:30) “Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер.”

(37:31) “Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз.”

(37:32) “Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік.”

(37:33) Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады.

(37:34) Сөз жоқ, күнәкарларға солайша істейміз.

(37:35) Расында оларға: “Алладан басқа ешбір тәңір жоқ” делінген кезде, менменсіген еді.

(37:36) Олар: “Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па”,- десті.

(37:37) Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді.

(37:38) Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар.

(37:39) Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар.

(37:40) Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі.

(37:41) Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар.

(37:42) Жемістер де. Олар құрметке бөленеді.

(37:43) Нығмет бақшаларында,

(37:44) Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады.

(37:45) Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады.

(37:46) Ішушілер үшін аппақ, тәтті.

(37:47) Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды.

(37:48) Олардың қасында телмірген ботакөздер бар.

(37:49) Рас олар жарылмаған жұмыртқадай.

(37:50) Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады.

(37:51) Олардан бір айтушы: “Расында бір ағайыным бар еді” дейді.

(37:52) “Шын-ақ растаушылардансың ба?’,- дейді.

(37:53) “Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба?”

(37:54) “Оны көргілерің келе ме?”,- дейді.

(37:55) Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де:

(37:56) “Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың” дейді.

(37:57) “Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине мен де тозаққа келтірілгендерден болар едім.”

(37:58) “Біз өлмейміз бе?”

(37:59) “Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмаймыз.”

(37:60) Сөз жоқ, бұл ірі қол жетушілік.

(37:61) Ғамал қылуға тиісті.

(37:62) Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма?

(37:63) Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық.

(37:64) Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш.

(37:65) Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты.

(37:66) Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады.

(37:67) Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі.

(37:68) Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады.

(37:69) Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын.

(37:70) Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді.

(37:71) Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді.

(37:72) Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік.

(37:73) Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр!

(37:74) Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.

(37:75) Расында Нұх Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз!

(37:76) Оны да, семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық.

(37:77) Нұхтың ұрпақтарын қалдырдық.

(37:78) Оны кейінгілерге дәріптеттік.

(37:79) Нұхқа бүкіл әлемнен сәлем болсын.

(37:80) Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.

(37:81) Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан.

(37:82) Сосын басқаларын суға батырдық.

(37:83) Күдіксіз Ибрахим де Нұхтың даңғыл жолында.

(37:84) Өйткені, Ибрахим Раббына, ынталы жүрекпен келген еді.

(37:85) Сол уақытта әкесіне де, еліне де: “Нелерге табынасыңдар?”,- деді.

(37:86) “Алладан өзге өтірік тәңірлер қалайсыңдар ма?”

(37:87) “Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар?”

(37:88) Сонда Ибрахим жұлдыз жаққа назар аударып:

(37:89) “Мен науқаспын” деді.

(37:90) Сонда ел одан бұрылған бойда кете берді.

(37:91) Олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: “Жемейсіңдер ме?- деді.

(37:92) “Неге сөйлемейсіңдер?”

(37:93) Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды.

(37:94) Олар, оған жүгірісіп келді.

(37:95) “Жонып алғандарыңа шоқынасыңдар ма?”,- деді.

(37:96) “Алла сендерді де, жасаған нәрселеріңді де жаратты.”

(37:97) Олар: “Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер” десті.

(37:98) Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік.

(37:99) “Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді” деді.

(37:100) “Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер!”

(37:101) Оны өте мүлайым бір ұлмен қуанттық.

(37:102) Ұлы өзімен бірге жүруге жеткен кезде: “Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?”,- деді. Ол: “Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың” деді.

(37:103) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады.

(37:104) Біз, оған: “Әй Ибрахим!”,- деп, дыбыстадық.

(37:105) “Рас түсіңді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз”.

(37:106) Шын мәнінде Бұл бір ашық сынау еді.

(37:107) Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық.

(37:108) Оның үлесі кейінгі нәсілдерде.

(37:109) Ибрахимге сәлем.

(37:110) Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.

(37:111) Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді.

(37:112) Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Исхақпен сүйіншіледік.

(37:113) Өзіне де, Исхаққа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар.

(37:114) Біз (сөзсіз) Мұса мен Һарунға рахым еттік.

(37:115) Біз олардың екеуін де, олардың адамдарын үлкен пәле-жаладан құтқардық.

(37:116) Және Біз оларға көмек (бердік), сонда олар жеңіске жетті.

(37:117) Екеуіне түсінікті кітап бердік.

(37:118) Екеуіне тура жол көрсеттік.

(37:119) Екеуінің үлесі кейінгі нәсілдерде.

(37:120) Мұса және Һарұнға сәлем.

(37:121) Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз.

(37:122) Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді.

(37:123) Әрине Ілияс елшілерімізден еді.

(37:124) Сол уақытта еліне: “Алладан қорықпайсыңдар ма?”,- деді.

(37:125) “Ерекше жаратушыны қойып, “Бағыл” атты бұтқа жалбарынасыңдар ма?”

(37:126) “Алла, сендердің де, бұрынғы аталарыңның да Раббы!”

(37:127) Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі.

(37:128) Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа.

(37:129) Оның үлесі кейінгі нәсілдерде.

(37:130) “Ілияс қа сәлем.”

(37:131) Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз.

(37:132) Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді.

(37:133) Күдіксіз Лұт елшілерден еді.

(37:134) Сол уақытта оны да, семьясын да түгел құтқардық.

(37:135) Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа.

(37:136) Сосын өзгелерін жоқ еттік.

(37:137) Әрине таңертең, олардан өтіп жүресіңдер.

(37:138) Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме?

(37:139) Күдіксіз Жүніс елшілерден еді.

(37:140) Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді.

(37:141) Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады.

(37:142) Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді.

(37:143) Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді,

(37:144) Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.

(37:145) Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді.

(37:146) Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.

(37:147) Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік.

(37:148) Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық.

(37:149) Енді олардан сұра: “Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме?

(37:150) Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме?

(37:151) Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді.

(37:152) “Алла туды” деп олар мүлде өтірік айтады.

(37:153) Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме?

(37:154) Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер?

(37:155) Түсінбейсіңдер ме?

(37:156) Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма?

(37:157) Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер.

(37:158) Олар Алла мен періштелер арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі.

(37:159) Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк.

(37:160) Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды.

(37:161) Сонда сендер де, табынған нәрселерің де,

(37:162) Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар.

(37:163) Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа.

(37:164) "Әрқайсымыздың белгілі орыны бар."

(37:165) "Шын мәнінде біздер қатарланып (тұрушыларданбыз)."

(37:166) "Әрине (Алланы) дәріптеушілерденбіз."

(37:167) Олар былай дейтін еді:

(37:168) “Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді,”

(37:169) “Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік.”

(37:170) Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында біледі.

(37:171) Расында Елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын:

(37:172) “Сөз жоқ, оларға жәрдем болады.”

(37:173) “Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер.”

(37:174) Сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра түр.

(37:175) Оларды көре тұр, олар да жақында көреді.

(37:176) Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма?

(37:177) Қораларына түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман.

(37:178) Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол.

(37:179) Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді.

(37:180) Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк.

(37:181) Елшілерге сәлем!

(37:182) Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық.