Сафф сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(61:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(61:1) Көктер мен жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Ол Алла, тым үстем, аса дана.

(61:2) Әй мүміндер! Істемейтін істеріңді неге айтасыңдар.

(61:3) Істемейтін істеріңді сөйлеулерің Алланың қасында зор ашуға себеп болады.

(61:4) Расында, Алла Озінің жолында берік ғимарат секілді сап түзеп соғысқандарды жақсы көреді.

(61:5) Сол уақытта, Мұса еліне: “Мені не үшін ренжітесіңдер? Шын мәнінде сендерге Алланың елшісі екенімді рас білесіңдер” деген еді. Сонда олар, жолдан тайған кезде, Алла олардың жүректерін тайдырған еді. Алла бұзақы елді тура жолға салмайды.

(61:6) Сол уақытта Мәриям ұлы Иса: “Әй Израиль ұрпақтары! Шын мәнінде мен, сендерге Алланың елшісімін, алдымдағы Тауратты растаушы және менен кейін келетін "Ахмад" атты елшімен сүйіншілеймін” деген еді. Бірақ ол ашық дәлелдермен оларға келген кезде: “Бұл ашық жады” деді.

(61:7) Ислам дініне шақырылғанда, Аллаға қарсы өтірік жала жапқаннан кім залымырақ? Сондай-ақ Алла, залым қауымды тура жолға салмайды.

(61:8) Олар Алланың мағлұматын ауздарымен өшіргісі қеледі, ал Алла Өзінің жарықтандыруын, тіпті теріске шығарушыларға жеккөрінішті тапсырады.

(61:9) Ол сондай Алла, мүшріктер жек көрсе де дінін бүкіл діндерге үстем қылу үшін елшісін туралықпен хақ дінмен жіберді.

(61:10) Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан құтқаратын бір сауда көрсетейін бе?

(61:11) Аллаға және Оның Елшісіне сеніңдер және Алланың жолында мүліктерімен жандарыңмен еңбекқорланыңдар. Егер білсеңдер, бұл сендер үшін қайырлы болады.

(61:12) Күнәларыңды жарылқайды. Сендерге астарынан өзендер ағатын пейіштерге; Ғадын жаннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы.

(61:13) Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Алла жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр.

(61:14) Әй, қайсылары сенім (артты)! Алланың көмекшілері болыңдар. Мәриям ұлы Исаның, шәкірттеріне: «Кім (болатын болады) менің көмекшім Алла (жолында)?» - деді. Шәкірттер жауап берді: «Біз - Алланың көмекшілеріміз!». Сонда Исраил ұрпақтарының бір тобы иман келтіріп бір тобы жоққа шығарды. Біз иман келтіргендерді жауларға қарсы (күресте) қолдап, және олаға тазартылған сауап (жасадық).