Тариқ сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(86:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(86:1) Аспанға, Тарыққа серт.

(86:2) Тарық не екенін қайдан білесің?

(86:3) Ол, жарқыраған жұлдыз.

(86:4) Әркімнің үстінде бір бақылаушы бар.

(86:5) Ал енді адамзат неменеден жаратылғанына бір қарасын;

(86:6) Бір атылып шыққан судан жаратылған.

(86:7) Ол, бел сүйек пен кеуде сүйектің арасынан шығады.

(86:8) Сөз жоқ. Алла адамзатты қайта тірілту күшіне ие.

(86:9) Сол күні сырлар ашылады.

(86:10) Адам баласына күш те, көмекші де болмайды.

(86:11) Қайталай жаңбырлатқан аспанға серт.

(86:12) Жаралып өсімдік шығаратын жерге серт.

(86:13) Негізінен Құран бір билік сөз.

(86:14) Ол, бір сықақ емес.

(86:15) Шын мәнінде олар бір қастандық істеуде.

(86:16) Қастандықты біз жасаймыз.

(86:17) Қарсы келушілерге мұрсат беріп, аз еркіне қой.