Тахрим сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(66:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(66:1) Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді.

(66:2) Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана.

(66:3) Сол уақытта Пайғамбар кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойған сәтте, Алла осыны оған білдірді. Жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: “Бұны саған кім білдірді?”,- дегенде, “Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді” деді.

(66:4) Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің оған қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін періштелер де оған болысады.

(66:5) Егер ол сені талақ етсе, оның Раббысы сендерден жақсырақ, мойынсұнғыш, мүмінділер, бойұсынушы, тәубе етуші, (Аллаға) бойсұнушы әйелдермен алмастыруы мүмкін. Қызмет (Аллаға), кезбеу, жанашыр, пәк қыздар.

(66:6) Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды.

(66:7) Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар.

(66:8) Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын жұмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жүреді. Олар: “Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді” дейді.

(66:9) Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын.

(66:10) Алла кәпірлерге Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін мысалы көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан ол екеуін олар Алладан еш қорғай алмады. “Екеуің тозаққа (кірушілермен) бірге кіріңдерделінді.

(66:11) Алла иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: “Раббым! Өз жаныңнан маған пейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар” деген еді.

(66:12) Имран қызы Мәриямді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рухымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді.