Тағабун сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(64:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(64:1) Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Патшалық Оған тән, мақтау Оған лайық. Сондай-ақ Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.

(64:2) Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулерің қарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер. Алла істеген істеріңді толық көруші.

(64:3) Көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Ол, сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің Сол жақ.

(64:4) Ол, көктер мен жерде болған нәрселерді біледі. Сондай-ақ жасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толық біледі.

(64:5) Сендерге бұрынғы қарсы болғандардың әңгімесі келмеді ме? Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар.

(64:6) Бұл, өздеріне елшілері ашық дәлелдермен келгенде: “Бізді адам тура жолға сала ма?”,- деп қарсы шығып, бет бұрғандықтарының салдарынан. Алла, оларға мұқтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мұңсыз, мақтауға лайық.

(64:7) Мәлім етеді кәпірлер қайта тірілмейтіндерін (айтады). Айт: «Мүмкін емес! (Ант етемін) Раббыммен ант етемін, сен (міндетті түрде) қайта тірілесіңдер, сосын сен (сөзсіз) сен істеп жатқандарын хабарланады. Бұл Алла үшін оңай».

(64:8) Аллаға, Оның Елшісіне және түсірген нұрымызға иман (араб. فَآمِنُوا, фа-әмину) келтір. Алла не істеп жатқандарынан хабардар.

(64:9) Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол, кімнің алданғаны ортаға шығатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе; Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын пейіштерге кіргізеді. Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.

(64:10) Сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар; міне солар, тозақтық болып, онда мәңгі қалады; нендей жаман орын.

(64:11) Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.

(64:12) Аллаға да бой ұсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егер бет бұрсаңдар, елшімізге ашық жеткізу ғана міндет.

(64:13) Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.

(64:14) Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дұшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шығыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.

(64:15) Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындағы.

(64:16) Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. Тыңдаңдар, бой ұсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарға мал жұмсаңдар; сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, құтылушылар.

(64:17) Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті бағалаушы, өте жұмсақ.

(64:18) Көместі де көрнеуді де білуші. Үстем, хикмет иесі.