Тин сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(95:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(95:1) Інжірге және зәйтүнге,

(95:2) Сина тауына,

(95:3) Осы бейбіт қалаға серт.

(95:4) Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық.

(95:5) Сосын оны төмендердің төменіне қайтардық.

(95:6) Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер басқа. Оларға таусылмас сыйлық бар.

(95:7) Бұдан кейін саған дінді өтіріксіндірген не?

(95:8) Алла, үкім етушілердің ең жоғарғысы емес пе?