Тәкуир сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(81:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(81:1) Күн бүктелген сәтте,

(81:2) Жұлдыздар солып шашылған сәтте,

(81:3) Таулар жүргізілген сәтте,

(81:4) Қаймал іңгендер, иен жіберілген сәтте,

(81:5) Жан-жануарлар жиналған сәтте,

(81:6) Теңіздер қайнатылған сәтте,

(81:7) Жан тәнмен бірлестірілген сәтте,

(81:8) Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте;

(81:9) Қай күнәмен өлтірілді?

(81:10) Дәптерлер ашылған сәтте,

(81:11) Және қашан Аспан метаморфозаға (ұшыраған кезде),

(81:12) Тозақ қыздырылған сәтте,

(81:13) Жұмақ жақындатылған сәтте;

(81:14) Әркім не әзірлегенін біледі.

(81:15) Жоқ, солғындаған жұлдыздарға серт,

(81:16) Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант.

(81:17) Қараңғылана бастаған түнге серт,

(81:18) Ағара бастаған таңға серт;

(81:19) Негізінен бұл ардақты Елшінің сөзі.

(81:20) Ол күшті, ғаршының Иесінің қасында беделді,

(81:21) Ықпалды, онда сенімді.

(81:22) Жолдастарың жынды емес.

(81:23) Расында ол, оны ашық көк жиекте көрді.

(81:24) Ол ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді.

(81:25) Құран, қуылған шайтанның сөзі емес.

(81:26) Ендеше, қайда кетіп бара жатырсыңдар?

(81:27) Ол бүкіл әлемге насихаттан басқа еш нәрсе емес.

(81:28) Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін;

(81:29) Әлемдердің Раббы Алла, қаламайынша тілеулерің жүрмейді.