Тәкәсур сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(102:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(102:1) Көбейту жарысы алдандырды,

(102:2) Қабірлеріңе барғандарыңа дейін.

(102:3) Жоқ олай емес. Тез білесіңдер.

(102:4) Тағы олай емес. Жуырда білесіңдер.

(102:5) Жоқ олай емес. Анық білген боласыңдар;

(102:6) Әлбетте тозақты көресіңдер.

(102:7) Сонан кейін әрине көзбен көресіңдер.

(102:8) Сол Күні әр нығметтен әлбетте сұраққа тартыласыңдар.