Уақиға сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(56:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(56:1) Қиямет уақиғасы болған кезде,

(56:2) Оның болуын өтірік деуші болмас.

(56:3) (Ол) төмендетеді, жоғарлатады.

(56:4) Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі.

(56:5) Таулар мүлде үгітіледі.

(56:6) Ұшқан тозаңдай болады.

(56:7) Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер;

(56:8) (Амал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар.

(56:9) (Амал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар.

(56:10) Озаттар алдынғы қатарда болады.

(56:11) Міне солар, Аллаға жақын болғандар.

(56:12) Жұмақта нығметке бөленеді;

(56:13) Бұрынғылардан көбірек.

(56:14) Соңғылардан азырақ.

(56:15) Безенген тақтар үстінде.

(56:16) Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады.

(56:17) Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді;

(56:18) Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен.

(56:19) Ол; бас ауыртпайды да, мас қылмайды.

(56:20) Қалаған жемістері бар.

(56:21) Көңілдері соққан құс еті бар.

(56:22) Бота көз хұрлар бар.

(56:23) Сақтаулы інжу сияқты.

(56:24) Бұл істеген амалдарының сыйлығы.

(56:25) Олар жаннатта бос не күнәлі сөз естімейді.

(56:26) Бірақ “Сәлем, сәлем” деген сөзді ғана естиді.

(56:27) Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты.

(56:28) Олар тікенсіз сидыр (ағаштары);

(56:29) Жемістері үсті-үстіне шоғырланған банан ағаштарының,

(56:30) Созылған көлеңкенің астында болады.

(56:31) Сарқырап аққан су бар.

(56:32) Мол жеміс бар;

(56:33) Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын,

(56:34) Биік төсектерде болады.

(56:35) Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз.

(56:36) Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз.

(56:37) Күйеуін сүйгіш құрдас болады.

(56:38) Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады.

(56:39) Бір топ бұрынғылардан

(56:40) Бір топ соңғылардан.

(56:41) Солшылдар, сол солшылдар нендей сұмырай.

(56:42) Олар ыстық бу, қайнар суда болады.

(56:43) Қара түнек көлеңкеде болады.

(56:44) Салқын да емес, жайлы да емес.

(56:45) Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді.

(56:46) Зор күнәда қасарысушы еді.

(56:47) “Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?”,- дейді.

(56:48) “Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?”.

(56:49) “Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.”,- де.

(56:50) “Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады”.

(56:51) Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер!

(56:52) Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер.

(56:53) Одан қарындарыңды толтырасыңдар.

(56:54) Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер.

(56:55) Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер.

(56:56) Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары.

(56:57) Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар?

(56:58) Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме?

(56:59) Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратамыз ба?

(56:60) Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды.

(56:61) Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз.

(56:62) Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме?

(56:63) Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме?

(56:64) Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе?

(56:65) Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер;

(56:66) “Расында зиянға ұшырадық,”

(56:67) “Тіпті мүлде бос қалдық”.

(56:68) Ішкен суларыңды көрдіңдер ме?

(56:69) Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба?

(56:70) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме?

(56:71) Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?

(56:72) Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па?

(56:73) Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық.

(56:74) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте.

(56:75) Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін.

(56:76) Егер білсеңдер, ол, зор серт.

(56:77) Расында, бұл — (күмәнсіз), асыл құрылған (кітап). ​​

(56:78) Қауіпсіз серверінде (орналасқан).

(56:79) Онымен тек тазарғандар ғана байланысады.

(56:80) Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген.

(56:81) Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме?

(56:82) Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма?

(56:83) Ал жан жұтқыншаққа келген кезде;

(56:84) Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар.

(56:85) Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер.

(56:86) Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар;

(56:87) Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы.

(56:88) Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса;

(56:89) Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті жұмақ бар.

(56:90) Ал енді өлі оңшылдардан болса;

(56:91) Саған оңшылдардан, “Сәлем” (делінеді).

(56:92) Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса;

(56:93) Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады.

(56:94) Әрі тозаққа салынады.

(56:95) Сөзсіз міне анық шындық осы.

(56:96) ұлы Раббыңды атымен дәріпте.