Фажр сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(89:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(89:1) Ағарған таңға,

(89:2) Құрбан айының алғашқы он кешіне,

(89:3) Әр жұп пен таққа,

(89:4) Өткен түнге серт.

(89:5) Бұлар, ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма?

(89:6) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдің бе?

(89:7) Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағыны;

(89:8) Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді.

(89:9) Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліне (не істегенін)

(89:10) Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін)

(89:11) Сондай олар, мемлекеттерде шектен шыққан еді.

(89:12) Сонда олар, ол жерде бұзақылықты көбейткен еді.

(89:13) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды.

(89:14) Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы.

(89:15) Ал енді адамзат, қашан Раббы оны сынай сыйлап, игілікке бөлесе: «Раббым мені сыйлады» дейді.

(89:16) Қашан оны сынап, несібесін тарайтса: «Раббым мені қорлады» дейді.

(89:17) Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер.

(89:18) Бір-біріңді, міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар.

(89:19) Мирасты тұтас жеп аласыңдар.

(89:20) Сондай-ақ малды өте-мөте жақсы көресіңдер.

(89:21) Тіпті олай емес. Жер соғылысып, быт-шыт болған сәтте,

(89:22) Раббың елестеп, періштелер сап сап болған кезде,

(89:23) Сол күні, тозақ келтіріледі де әрі сол күні, адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда?

(89:24) “Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді” дейді.

(89:25) Сонда, сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды.

(89:26) Сондай-ақ ешкім Оның матауын матай алмайды.

(89:27) Әй орныққан нәпсі!

(89:28) Раббыңа, Ол сенен, сен Одан разы болған түрде қайт!

(89:29) Енді құлдарымның арасына кір!

(89:30) Сондай-ақ жаннатыма кір!