Філ сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(105:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(105:1) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе?

(105:2) Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме?

(105:3) Оларға топ-топ құс жіберді.

(105:4) Құстар оларға балшықтан жасалған тастар атып;

(105:5) Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды.