Хашр сүресі

Wikiquran QAZ жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

(59:0) Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

(59:1) Көктердегілер мен жердегілер Алланы дәріптеуде. Ол, аса үстем, хикмет иесі.

(59:2) Ол сондай Алла, Кітап иелерінен қарсы болғандарды алғаш шабуылда жұрттарынан шығарды. Сендер оларды шығады деп, ойламаған едіңдер. Олар бекіністері өздерін Алладан қорғайды деп ойлаған еді. Алайда Алла, оларға, күтпеген жақтан келді; олардың жүректеріне қорқу салды да олар, үйлерін өз қолдарымен әрі Мұсылмандардың қолдарымен талқандауда еді. Әй ақыл иелері! Ғибрат алыңдар.

(59:3) Егер Алла, оларға, сүргіндік жазбаса еді, әлбетте оларға дүниеде басқа азап берер еді әрі олар үшін ақыретте тозақ азабы бар.

(59:4) Міне бұған олардың Аллаға және елшісіне қарсы келулері себеп. Әлде кім Аллаға қарсы келсе, расында сонда Алла қатты азап иесі.

(59:5) Жаудың құрма ағаштарын кесулерің немесе тамырларына тік қоюларың Алланың нұсқауы бойынша, бұзақыларды қорлау үшін болады.

(59:6) Алланың, елшісіне олардан қалдырған олжасына, сендер не ат шаптырып немесе түйе жүгіртпедіңдер. Бірақ Алла, елшілерін кімді қаласа, соған өктем қылады. Сондай-ақ Алланың әр нәрсеге күші еркін жетеді.

(59:7) Алланың елшісіне бір кент тұрғындарынан қалдырған олжалары; Аллаға, елшісіне, жақындарына, жетімдерге және жолда қалғандарға тән. Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі керек. Сендерге Елші не берсе алыңдар да неменеден тыйса, одан тыйылыңдар әрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз Алла, қатты азап иесі.

(59:8) Әсіресе сондай жұрттарынан, малдарынан қуылғандар; Алладан мәрхамет, ризалық іздеп, Аллаға және елшісіне көмек еткен пақыр мұһажірлер үшін. Міне солар шыншылдар.

(59:9) Бұрыннан Мединеде қоныстанған иман иелеріне де (беріледі.) Олар өздеріне босып келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нәрселерге көңілдерінде кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра оларды өздерінен артық көреді. Әлде біреу сараңдықтан сақсынса, солар құтылушылар.

(59:10) Сондай олардан кейін келгендерге де. Олар: “Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсіз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің.”

(59:11) Көрмейсің бе? Мұнафықтар Кітап иелерінен иман келтірмеген туыстарына: “Егер жұрттарыңнан шығарылсаңдар, сендермен бірге шығамыз; сендерге қарсы әсте ешкімге бағынбаймыз. Егер соғыс болса, әлбетте сендерге көмек етеміз” дейді. Олардың мүлде суайт екендігіне Алла куәлік етеді.

(59:12) Егер олар жұрттарынан шығарылса да олармен бірге мұнафықтар шықпайды. Ал егер соғыс болса да олар соғыспайды. Егер көмек етсе де әрине олар, арттарына бұрылып қашады. Сосын оларға жәрдем етілмейді.

(59:13) Әлбетте олардың жүректерінде Алладан көрі сендерден қатты қорқу бар. Өйткені олар, түсінбейтін ел.

(59:14) Олар сендермен топты түрде соғыса алмайды. Бірақ бекіністегі ауылда не дуардың далдасында соғысады. Әрине өзара тартыстары қатты. Оларды бірлікте деп ойлайсың. Жүректері быт-шыт. Өйткені олар, ойланбайтын ел.

(59:15) Олар, өздерінен біраз бұрынғылар сияқты; істегендерінің жазасын татты. Әрі оларға күйзелтуші азап бар.

(59:16) (Олар) Шайтан сияқты, қайсысы адамға айтады: «Бас тарт!» Қашан ол бас тартқанда айтады: «Менін саған қатысым жоқ! Мен Әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын».

(59:17) Сонда екеуінің де соңы; тозақта мәңгі қалатын болды. Міне залымдардың сазайы.

(59:18) Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Және Алладан қорқыңдар. Шәксіз Алла, не істегендеріңді толық біледі.

(59:19) Және қасылары Алланы ұмытқандар сияқты болмандар, және сонда Ол оларға өз жандарын ұмыттырған. Міне олар - Залымдар.

(59:20) Тозақтықтар мен жұмақтықтар тең емес. Жұмақтықтар; олар, қолы жеткендер.

(59:21) Біз бұл Құранды түсіндірдік қасіретті, онда сен көрер едің қалай ол Кішіпейілділікпен ашылады Қорқыныш-тан Алладан. Мұндай мысалды Біз оларға ойланатын Адамдарға әкелеміз.

(59:22) Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де, көрнеуді де біледі. Сондай-ақ Ол, тым есіркеуші, ерекше мейірімді.

(59:23) Ол Аллаһ, Қай - «Одан басқа, Тәңір жоқ - Билеуші, Қасиетті, Тыныштандырушы. Мәнгілік Эталоны, Адамгершіліктің көрінісі. Күшті, Деспотикалық, Жоғарлатушы. Олардың олармен бөлінетініне Аллаһ Пәк».

(59:24) Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана.